Сайтқа кіру Тіркелу

Бауырсақ қалай бағдаршаммен дос болды

Білім саласы: Коммуникация.
Бөлім: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Бауырсақ қалай бағдаршаммен дос болды
Мақсаты: Бүлдіршіндерді жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Білімділік: Балаларға ертегіні тыңдауға, берген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Басты кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету.
Түзетушілік: Ойлау, есте сақтау, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ертегіні мұқият тыңдауға, назар салып тыңдауға және бір - бірімен тату болуға тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: бауырсақ - колобок, ата - дедушка, әже - бабушка

Мотивациялық қозғаушы Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі оқу қызметіне дайынсыңдар ма? Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
Сабағымызды бастамас бұрын біз жыл мезгілдерін қайталап өтейік.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Айта қойыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Ал қыс мезгілінде неше ай бар? Қане атайық.
Балалар бүгін бізге бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлер қонаққа келіпті. Балалар бүгінгі ертегімізде бауырсақты жемейді, керісінше кейіпкерлер бауырсаққа көмектеседі.
Мен сендерге осы кейіпкерлер туралы ертегі айтып беремін.

Ізденушілік - ұйымдастырушылық Ертеде Атай мен Әжей болыпты. Бір күні атай әжейден бауырсақ пісіруін сұрапты. Әжесі қапшықтың түбін қағып-қағып бауырсақ пісіріпті. Оны суытайын деп терезенің алдына қойыпты. Ол өте әдемі сарғыш түсті болып пісіпті. Іші пысқан бауырсақ әндете жөнеледі.
БАУЫРСАҚ:
Маған бұлай терезе алдында, отыра берген ұнамайды,
Менің ойнағым келеді.
Маған бостандық керек,
Сендер маған бөгет бола алмайсыңдар.. (дейді)
ПЕДАГОГ:
Бауырсақ терезеден секіріп түсіп, жолға шығып асфальтқа мельмен сурет салғысы келді.
Бауырсақ ауладан жолға қарай домалап кетті.
Оййй мынау қандай тамаша жер сурет салуға - деп ойлады бауырсақ.
Бауырсақтың домалап келе жатқанын қоян көріп қояды да, бауырсаққа айғай салады.
ҚОЯН:
Бауырсақ, бауырсақ ол жер өте қауіпті, саған босқа айтылған жоқ ауладан ұзап кетпе деп. Жүрген көліктің астына түсіп кетесің.
БАУЫРСАҚ:
Мен мұндай ауа - райында терезе алдында отырғым келмейді,
Мен далада ойнағым келеді.
ПЕДАГОГ:
Бауырсаққа жол бойында сурет салған ұнамады, өйткені ол жерде машиналар жүріп жатты, олар бейпілдетті, бауырсаққа бөгет жасады.
Ал бауырсақ болса өз ауласына қайтқысы келді, атай мен әжейді көргісі келді де жолдан домалай жөнелді.
Сол кезде бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрды. Қайта ешқандай жамандық болған жоқ.
Сол кезде бауырсақты қасқыр көріп қояды.
ҚАСҚЫР:
Бағдаршам саған көмек берер,
Жасыл көзі жанған кезде.
Ыңғайсызданбай еркін жүре бер,
Жолда ойнап қалма.
Егерде қызыл көзі жанар болса,
Өз орныңда тұр да машинаны өткіз.
БАУЫРСАҚ:
Ал мен мұндай ауа - райында,
Терезе алдында отырғым келмейді,
Далада ойнағым келеді. (дейді)
ОЙЫН: Күн мен жаңбыр
Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді. т. б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысын сезіне білуге үйрету.
ПЕДАГОГ:
Бауырсақ осылайша әндетіп келе жатып, артына бұрылып қараса машиналар зулап келе жатыр, бауырсақ қорқып кетті, атай мен әжейге қалай жетем деп - ал жолға қараса бағдаршам көрінбеді.
Бірақ жол бойында қорбаңдаған аю келе жатты. Ол бауырсақты көріп қалып айғай салады.
АЮ:
Бауырсақ, бауырсақ сен қорықпай жүре бер. Ана жерде жер асты өтетін жол бар.
Ал бауырсақ болса:
Мен мұндай ауа - райында,
Терезе алдында отырғым келмейді.
Далада ойнағым келеді.
ПЕДАГОГ:
Бауырсақ осылайша әндетіп жүргенде, аю ренжіп кетіп қалады. Бауырсақ қорқып кетеді.
Ал бауырсақ атасымен әжесін сағынды және өз үйін сағынды.
Бауырсақ жолда жүру ережесін білмей қиналды, сондықтанда ол өз үйіне жете алмады.
Аңдардың айтқан ақылын тыңдамады. Мүмкін бауырсаққа түлкі көмек берер, міне өзіде келе жатыр.
СЕРГІТУ СӘТІ:
Біз орманға барамыз
Жан - жағымызға қараймыз
Аю шықты қорбаңдап
Қасқыр шықты ырылдап
Ыр - ыр - ыр - ыр – ыр
Түлкі шықты майысып
Қоян шықты секіріп
Қорықпаңдар балалар
Қарап, қарап алыңдар!
ТҮЛКІ:
Бауырсақ, бауырсақ зебраға ұқсас жолақ ол сен үшін жасалған. Кімде - кім біле - білсе, ешкім одан айналып өтпейді, ең қауіпсіз жол, сол деп білеміз.
ПЕДАГОГ:
Бауырсақ жолда жүру ережесінің өте қауіпті, әрі қиын екенін түсінді. Енді ол жол ережесін еш уақытта бұзбауға және жол ережесінің бәрін үйренуге уәде берді.
Бауырсақ осылайша бағдаршаммен дос болыпты.

Қарағанды қаласы,
КМҚК «Қарлығаш « балабақшасының тәрбиешісі
Адилова Нуржанат Сагатбековна
Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Бауырсақ» ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қорытындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту;...
Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту....
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Оқушылардың білімдерін тексеру, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегі кейіпкерлерінің образына еніп, сахнада өзін еркін ұстай білуге...
Дәмді бауырсақ

Дәмді бауырсақ

Слайдтағы суреттер бойынша ертегілерді еске түсіріп, тұзды қамырдан бауырсақтың қалай жасалатынын түсіндіру. Мүсіндеу әдіс - тәсілдерін пайдалану...
Бауырсақ кетті домалап

Бауырсақ кетті домалап

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×