Айшуаков Мерлан Адилович Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің 0303002 «Математика» факультетін және «Негізгі мектептің информатика пәні мұғалімі» деген мамандық алып шығып, Родник негізгі жалпы білім беру мектебінде 2007 жылдан математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.
Мұғалім өз пәнін жетік меңгерген, сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияны (әрі қарай АКТ) үйлесімді пайдалана біледі. Жұмыстанатын әдістемелік тақырыбы: «АКТ-ны қолдану арқылы білім сапасын арттыру негізі – оқушылардың математика, информатика пәндеріне қызықтыру болып табылады». Тәрбиелік мақсаты: «Дені сау, білімді де үлгілі, өз Отанын қорғайтын патриот азамат(шалар)тар тәрбиелеу».
Осы тақырыбын жүзеге асыру мақсатында «Ақпараттық технология және білім сапасы», «Білім берудің жаңа парадигмалары», «Компьютерлік техникаға негіздеп оқыту», «Шығармашылық дарындылықты жетілдірудің жағдайлары мен мүмкіндіктері», т.б. атты әдістемелік семинарлар өткізіп, әріптестерімен тәжірибе алмасып отырады.
Сонымен қатар, 2008-2009 оқу жылдарынан бері «Жаратылыстану-математика» бағытындағы пәндер бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарып келеді.
2007-2011 оқу жылдар арасында мұғалім көптеген ашық және сыныптан тыс сабақтар өткізді. Оның бірнешеуіне тоқталатын болсақ, АКТ-ның көмегімен 5-сыныпқа математикадан «Процент» тақырыбына, 6-сыныпқа «Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні» ашық сабағы, «Жазықтықтағы түзулер және олардың орналасуы», 5-6 сыныптарға «Математикалық жарыс» сайысы, информатика пәнінен 7-сыныптағы «DVD, CD дискілер. Иілгіш диск» тақырыбындағы ашық сабақтары, 6-9-сыныптар арасында өткен «Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» интеллектуалдық жарысы, «Ел мақтаған жігітті – қыз жақтаған», «Тәуелсіздік алауы» т.б. аясында оқушылар мен ұстаздар арасында өткізілген сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстары мен апталықтары шебер өтті.
Ұстаз оқушыларға қосымша білім беру бағытында авторлық бағдарлама жоспарын құрып, жұмыстануда. Информатикадан 7-сыныпқа бейімдеу, дайындау мақсатында 6-сыныпқа «Ғажайып компьютер», 5-сыныпқа математика дүниесінің сиқырын таныту арқылы оқушылардың шапшаң есептеу, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында «Математиканың терең сырлары» атты курстарын жүргізіп келеді.
Мерлан Әділұлы қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытуда.Әр жылдың жазында аудандық «Шұғыла» жазғы демалыс және сауықтыру лагерінде тәрбиеші, одан аға педагог болып жұмыс атқарды. Осы уақытта «Лагерьде талай қызық бар» атты тақырыбында жазған мақала аудандық «Екпін» газетінде, және облыстық «Приуралье» газетінде жарық көрді.
Мұғалімнің мектеп қабырғасында жүрген кезінде жеткен жетістіктері де бар. Мектепішілік «Жас маман-2008» байқауында І орын, «Ауылдың үздік ұстазы-2009» байқауында ІІІ орын иеленді. 2007-2008 оқу жылынан бастап газеттің жобалық авторы Мерлан Адилович мектептегі мектепішілік жас тілшілерге арналған «Жас өркен» газетінде редакторлық қызмет атқарды. Бұл газет 2008-2009 оқу жылында «Мектеп баспасөзі» облыстық байқауында ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, 2009-2010 оқу жылында аудан орталығында өткен аудандық информатикадан «Үздік әдістемелік кешені» байқауында ІІ орын, 2010-2011 оқу жылында аудандық «Ғарышқа жасалған жаңа қадамдар» секциясы бойынша оқушысы І орын және осы тақырып бойынша облыстан ІІІ орын алып, мұғалім алғыс хатпен марапатталды және аудандық ППТК көмегін алатын оқушылар арасындағы ұйымдастырылған тоғызқұмалақ аудан біріншілігінде оқушысы І орын иеленіп, оқушыны жарысқа белсенділікпен дайындағаны үшін алғыс хатпен мақталды.
Ұстаздың математика, информатика пәнінен соңғы 3 жыл бойынша білім сапасы төмендегідей:
2008-2009 оқу жылы: Математика – 33,3%; информатика - 50%.
2009-2010 оқу жылы: Математика - 50%; информатика – 67%.
2010-2011 оқу жылы: Математика – 66,6%; информатика - 100%.
2009-2010 оқу жылында мектептің уақытша оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарған мұғалім өз ісіне мұқият, өзіне және оқушыларға талап қоя білетін мектептегі шығармашыл ұстаздардың бірі.
Қазіргі кезде мұғалім ІІ санатты информатика және математика пәндері мұғалімі.