Подстепный қазақ жалпы білім
беретін мектебінің 9 ә сынып
жетекшісі Б. С. Айтқалиеваның
жұмысы туралы
ПІКІР
Баян Сабырғалиқызы 2014 жылдан бері қызым Мағзомова Альбинаның сынып жетекшісі болып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.
Ұқыптылық пен тазалық Баян Сабырғалиқызының басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады.
Баян Сабырғалиқызы тек оқушылармен, ұстаздармен жұмыстанып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямады. Мектеп ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді.
Баян Сабырғалиқызының өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашықта, анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.
Баян Сабырғалиқызы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.
Подстепный қазақ ЖОББМ - нің
10ә сынып ата – аналар комитеті: Г. Досқалиева.
Толық нұсқасын жүктеп алу
Мұғалімнің қызметтік қасиеттері туралы сын-пікір
- ramuk_b
- 30 қаңтар 2023
- 1985
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сын пікір, ұстаздың жұмысы туралы пікір, аттестация мұғалім үшін
Ұқсас жаңалықтар:
Қызметтік мінездеме
Манашева Салтанат 15 тамыз 1995 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Білімі жоғары, жоғары санатты мұғалім....Қызметтік мінездеме мұғалімге
Бастауыш сынып мұғаліміне қызметтің мінездеме...Мамандығым-мақтанышым (Эссе)
Мен балабақшада әдіскер болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол...Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу іс - тәжірибемнен. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек...Болашақта кім болам? (Бәйге қатысу шығарма)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай селосы, №3 орта мектеп оқушысы 4 а сынып оқушысы Абухайр Нұршат жалғасбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.