Сайтқа кіру Тіркелу

Ядролық қару және оның сипаттамасы

1. Сабақтың тақырыбы: Ядролық қару және оның сипаттамасы, ядролық жарылыс түрлері, ядролық жарылыстың зақымдау факторлары (толқынды соққы, жарықтық сәулелену, радиацияның денеге өтуі, радиоактивті зақымдау және электрлі магниттік импульс) және олардан қорғану әдістері, нейтронды оқ - дәрілердің зақымдау ерекшеліктері
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ядролық жарылыстың зақымдау әрекетін ұғындыру.
3. Уақыты: 45 мин.
4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.
- электромагнитті импульс дегеніміз не?
- электромагнитті импульс өрістері қалай пайда болады?
- ЭМИ зақымдаушы әрекеті нелерді зақымдайды?
- ЭМИ - ден қорғану шаралары туралы айтыңдар.
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы.
Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ - дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқын, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта әсер етулері адамдарға, қару - жарақ, әскери техника мен құрылыстар бетіне ядролық оқ - дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің сипатын қамтамасыз етеді.
Жеке құрамның түйдектелген зақымдану кезінде соққы толқын әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға зиянды сәулеге шалдығудан жасалған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін.
Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді.
Зақымдануды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады, көбінесе өлімге әкеп соғады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне қауіпті емес, бірақ жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін төмендетеді.
Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады.
Қару - жарақ пен әскери техниканың істен шығуы көбінесе соққы толқын әсерінен болады да ұшақтар мен тікұшақтар жеңіл бүлінуі, ал қалған техника үшін орташа бүлінумен айқындалады.
Қару - жарақ пен әскери техниканың әлсіз зақымдануына объектінің ұрысқа қабілетін онша төмендетпейтін және экипаж күшімен оны жоюға болатын зақымдану жатады.
Орташа зақымдануға әскери жөндеу мен бөлімшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін қару - жарақ пен әскери техниканың зақымдануы жатады.
Күшті зақымдану кезінде объект түгелдей жарамсыз болады. Толық зақымдану кезінде объектіні орнына келтіру мүмкін болмайды.
Фортификациялық құрылыстар негізінен соққылы толқыннан зақымданады. Ол үш түрлі қирау дәрежесімен сипатталады: әлсіз, орташа және толық.
Әлсіз қираудан кейін құрылыстар ұрысқа қолдануға жарамды, бірақ соңынан жөндеуді қажет етеді.
Орташа қирау кезінде құрылыстардың тікелей мақсатта қолданылуы шектеулі болады да, ол қатардан шығарылады.
Толық қирау кезінде құрылыстарды тікелей мақсатқа қолдану мен оны қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Зақымданудың координаталық заңы.
Жекеленген зақымдаушы факторлардың нысанаға тигізетін әсері кездейсоқ сипатта болғандықтан, жарылыс әрекетінің нәтижесі де кездейсоқ болады, сондықтан ядролық оқ - дәрі жарылысының зақымдау әрекетінің толық сипаттамасы объектілерді зақымдаудың координаталық заңы болып табылады.
Жарылыстың зақымдау факторының оның орталығына (эпицентріне) қатысты симметриялы болатынына сәйкес орташа қиылысқан жердегі зақымданудың координаталық заңы шеңберлі болады. Координаттың басы жарылыс орталығымен біріктіріледі, абцисс осынде жарылыс орталығынан қашықтығы R ордината осьінде – берілген салмақ дәрежесіндегі нысананың белгілі бір зақымдану дәрежесі V (R) көрсетіледі.
Зақымданудың координаталық заңын қарастырғанда жарылыс орталығы айналасында орналасқан үш аймақты көрсетеді. Жарылыс орталығына тікелей жақын аймағы радиусында R нысананы зақымдау мүмкіндігі тұрақты және ол 1 - ге тең; бұл аймақты сөзсіз зақымдалу аймағы деп атайды. Одан кейін жарылыс орталығынан қашықтаған сайын зақымдану мүмкіндігі 1 - ден 0 - ге дейін кемитін радиусы Rа аймағы орналасады, бұл аймақты зақымданудың мүмкін аймағы деп атайды. Одан кейін орташа дәрежелі зақымдану байқалатын аймақ орналасады.; бұл облысты толық қауіпсіздік аймағы деп атайды.
Зақымдау объектілерін топтастыру.
Жалпы жағдайда зақымдау объектісіне шектеулі алаңда орналасқан қарапайым нысаналардың жиынтығы енеді. Қарапайым нысанаға дара нысандар жатады.
Объекті құрамына кіретін қарапайым нысаналар сипатына қарай біртектес және әртектес болып бөлінеді. Құрамына қарапайым нысаналардың бір ғана түрі енетін объект біртектес объект деп, ал объектіге әр түрлі сипаттағы нысаналар кіретін болса әртектес объект деп аталады.
Объект өлшеміне қарай нүктелі және өлшемді болып бөлінеді.
Нүктелі объектіге зақымдануы жартылай бола алмайтын, яғни ядролық оқ - дәрі жарылысы кезінде түгелдей зақымданатын, немесе мүлде зақымданбайтын объектілер жатады. Өлшемді объектілер ауданды немесе сызықты болып бөлінеді.
в) Қорытынды бөлім – 8 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Түйдектелген зақымдаулар неге негізделеді?
- Ядролық жарылыстан жеке құрамның зақымдану дәрежелері қандай?
- Ядролық жарылыстан қару - жарақ пен әскери техниканың зақымдану дәрежелері қандай?
- Фортификациялық құрылыстардың қирау дәрежесі туралы айтыңдар.
- Қару - жарақ және әскери техникалар төсемінің бетін бүлдіретін басты зақымдаушы факторды атаңдар. Неге олай болатынын түсініңдер.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Термоядролық реакциялар. Радиоактивті изотоптарды қолдану

Термоядролық реакциялар. Радиоактивті изотоптарды қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 9. 6. 2. 6. Ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру....
Физика 9 сынып. Бақылау жұмысы №4

Физика 9 сынып. Бақылау жұмысы №4

Оқушылардың «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру....
Тізбекті ядролық реакция. Уран ядросының бөлінуі

Тізбекті ядролық реакция. Уран ядросының бөлінуі

Тізбекті ядролық реакцияның физикалық мағынасын ашып түсіндіру. Жаратылыстану пәндерімен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін және ойлау...
Дегелеңдегі жарылыс

Дегелеңдегі жарылыс

Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы:: Дегелеңдегі жарылыс. Асқар Алтай. Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға...
Семей полигоны

Семей полигоны

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×