Сайтқа кіру Тіркелу

Әскери топография

Мектеп «Қаратөбе мектеп - гимназиясы»КММ
Күні: Мұғалімнің аты - жөні: Алдонгаров Ренат Жолдыбайулы
Сынып: 10
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Әскери топография, жергілікті жерді бағдарлау
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Әскери топография негіздері, азимут бойынша қозғалыс жайлы мәлімет алады
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Магниттік азимут пен көкжиек тұстарын анықтайды
Оқушылардың басым бөлігі:
Жергілікті жерде магниттік компастың көмегімен қозғалыс бағытын ұстанып қолдануды біледі
Кейбір оқушылар:
Азимут бойынша қозғалыс сызбасын құра алады, өз адымдарының мөлшерін анықтауды және жұп қадаммен қашықтықты өлшеуді үйренеді
Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы
7 мин. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді.

ІІ. Топқа бөлу
Оқушыларды үш «Белгісізді тап» әдісі бойынша топқа бөлу.
Оқушыларға гаджеттерде орналасқан QR Scanner бағдарламасы бойынша үлестірме қағаздарды оқуға тапсырма беріледі. (үш тілде жазылған термин сөздерге қарай үш топқа бөлінеді)

ІІІ. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабаққа ену
Топ атауларының транслитерациясын тілдік бірліктерді сұрайды (үш тілдегу атауын)

ІҮ. Үй тапсырмасын тексеру.
Топографиялық шартты белгілер бойынша әр топқа берілген тапсырмаларды оқу

Топтың атын табу үшін QR Scanner бағдарламасы арқылы үлестірме қағазда жазылған кодтарды оқиды.
Азимут, Бағыт, Жерсерік

Оқушылар жаңа сабаққа қатысты тілдік тіркестерді үш тілде айтады
Азимут – азимут – azimuth
Бағыт – направление – direction
Жерсерік – спутник – satellite

Шартты белгілер туралы айтып үйге берілген тапсырмаға жауап береді.
Үй тапсырмасына жақсы қатысқан оқушыларды мұғалімнің мадақтауы мадақтау
Интер белсенді әдістерді қолдану

Сабақтың ортасы
25 мин. І. Жаңа сабақ.
Оқушылар «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқулығындағы қосымша CD дискі бойынша жаңа тақырыпты меңгереді.
Әскери топография – арнайы әскери пән. Ол жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, бағдарлай білу мен ұрыс Қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағдарлау мен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Сонымен бірге түрлі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэро суреттерді пайдалана білуге дағдыландырады.
Түрлі мамандықтағы әскери жетекшілер топографиялық картаны еркін пайдаланып, жергілікті жерді бағдарлай және кезкелген жағдайда берілген бағыт бойынша жылжи алуы қажет.
ІІ. Топтық жұмыс. «Ойлан - бірік - бөліс» әдісі арқылы жүзеге асады
Әр топқа берілген сұрақтарға жауап береді.
1 1 - топ. Бақылау қандай мақсатта жүргізіледі?
Жергілікті жерді бақылауда неге аса назар аударылады?
2 - топ. Нысананы көрсетуүшін командирге баяндау тәртібі қандай? Нысанаға дейінгі ара қашықтықтарқалай анықталады?
3 - топ. Бұрыштық шама дегеніміз не? Азимут деген не?

ІІІ. Көкжиек тұстары мен азимутты анықтау бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.
Оқушылар қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Жаңа сабақты электронды оулық арқылы меңгереді.

Әр топ берілген сұрақтар ойланып, топ мүшелерімен пікір алмаса отырып, жауап береді
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға әскери шендер табыстау.

Компьютер,
проектор,
маркерлер, транспортир, сызғыш,
компас

PowerPoint
Программа
сында жасалған презентация «Әскери топография»
Сабақтың соңы
5 мин. І. Бір жауабы бар тапсырма. 1 балл
1. Көкжиек бағыттарын анықтайтын құрал:
А) Нивилир Б) Компас В) Барометр Г) Гигрометр
2. Бағдарлану ол
А) Курвиметр Б) Жеке тұрған ағаш В) Жер бедерлері Г) Көкжиек тұстары
3. Кері азимут ол:
А) Оңтүстікке қарай ай бағытымен жылжу
Б) Топографиялық элементтер В) Топографиялық көрсеткіштер Г) жергілікті заттан оңтүстікке жылжу
4. Көкжиек тұстарын жұлдыздарға қарап анықтауға болама?
А) Анықтауға болады Б) Анықтауға болмайды В) Білмеймін Г) Дұрыс емес жауаптар

ІІ. Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырма. 2 балл
Жердің картада бейнеленуі:
1. Математикалық төмен анықталып, кішірейтілген және жинақталған жер бөлігінің көрнісі
А) тақырыптық карта В) глобус С) географиялық карта Д) климаттық карта Е) топографиялық географиялық карта
2. Масштабына қарай карталар неше топқа бөлінеді:
А) 5 В) 6 С) 3 Д) 2 Е) Үш
ІІІ. Мәтіндік тапсырмалар. 1 балл
Бір дұрыс жауабы бар сұрақтар
Белгілі бағыт бойынша жергілікті жерде дұрыс бағытты таба білу; қозғалыс барысында сол бағытты сақтап, белгіленген пункттен шығу, бұл үшін қозғалысқа қажетті мәліметтерді — бағыт пен қашықтықты білу керек.
Ол карта бойынша дайындалады, оған бағытты зерттеу, қозғалыс бағдарын таңдау, қашықтықты өлшеу мен бағдарлар арасындағы магниттік азимуттарды анықтау, қозғалыс сызбасын жасау кіреді. Азимуттар бойынша ілгерілеу бағдардан бағдарға дейінгі бағыттың тік бөліктері бойынша жүзеге асырылады. Қозғалыс бағытын компас бойынша анықтап, ұдайы бақылауға болады. Қозғалыста қашықтықтың есебі жүргізіледі (метрмен). Түнде аралық бағдар қолдану көрудің нашарлығынан шектеулі, сондықтан қозғалыс бағыты компас бойынша анықталады. Бұны: А) Азимуттар бойынша ілгерілеу деп атайды. Б) Ката бойынша жүру В) Шартты белгілер бойынша ілгерілеу
Жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1: 100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады. Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді.
А) Топография деп атаймыз. Б) Гигрометр деп атаймыз В) Шартты белгілер түрі деп атаймыз Тест тапсырмалары таратылады. Оқушылар бір жауапты тапсырмаға жауап беріп бір балл жинайды. Бір немесе бірнеше жауабы бар тапсырмадан екі балл жинайды Бір жауабы бар тест сұрақтары Әр дұрыс жауап берген сұрағына 1 балл беріледі (барлығы 4 балл)
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырма
Әр дұрыс жауап берген сұрағына 2 балл беріледі (барлығы 4 балл)
Мәтіндік тапсырмалар
Бір дұрыс жауабы бар сұрақтар Әр дұрыс жауап берген сұрағына 1 балл беріледі (барлығы 2 балл)
Жалпы балл 10 балл

Тапсырма парақшасы, бағалау парақшасы
Кері байланыс
2 минут Рефлексия парағын ілу.
- Бүгінгі сабақта жергілікті жерді бағдарлау, азимут туралы білдім;
- Азимутты анықтауда қиындықтар туындады;
- Әскери іс - қимылдарда жергілікті жерді бағдарлаудың алатын орны;
Оқушылар тақырыпты түсінген, түсінбеген сұрақтарын рефлексия парағына стикерлердің көмегімен жабыстырып кетеді Оқушылардың бүгінгі сабақтағы іс - әрекеті мен сабаққа қатысуы бойынша бағалау жүргізіп, кері байланыс береді. Рефлексия парағы, стикер
Үйге тапсырма
1 минут Жерсеріктік навигациялық жүйелер, электрондық және цифрлық карта дайындау Әртүрлі дереккөздерді пайдаланы, жерсеріктік навигациялық жүйелер, электрондық және цифрлық карталар
туралы ақпараттық хабарлама дайындау. https://youtu. be/O1F5bf_vVLI

«Қаратөбе мектеп - гимназиясы» КММ - нің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы
Алдонгаров Ренат Жолдыбайулы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу

Бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды қозғалыс кезінде сəлемдесу тəсілдерін орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беруге жаттықтыру,...
Рационал бөлшектер және оның негізгі қасиеті

Рационал бөлшектер және оның негізгі қасиеті

Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1. «Рационал бөлшектер және оның негізгі қасиеті» тақырыбының мазмұнын оқушылардың өз бетімен толық меңгеруіне,...
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану

Жергілікті жерде картасыз бағдарлану

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы...
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер

Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер

Географиялық карталар, олардың түрлері мен маңызы, картография және оның бөлімдері жайлы білім беру....
Глобус

Глобус

№ 10 орта мектеп: география пәні мұғалімі Асанова Карлыгаш Илиукеновна Сынып: 6 «...» Сабақтың тақырыбы: Глобус – Жер шарының моделі. Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×