Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Тактикалық дайындықты оқып білу, мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуын, құрамына, қару жарағына түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамытып, жаяу әскердің ұрыс машиналарының ұрыстық әрекеттерін білуге, өзін өзі дамытатын тұлға қалыптастыруға баулу;
Тәрбиелік мақсаты: тактикалық дайындықтың өмірде қажеттілігін түсіндіру, отансүйгіштікке, парасаттылыққа, Отанды қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың технологиясы: өзін өзі оқыту технологиясы, СТО стратегиясы
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, көрсету, ой толғау, топтастыру
Уақыты: 40 мин.
Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.
Өткізілетін күні: 18. 02. 2020ж
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы. плакаттар, карточкалар, кестелер,
дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті
1. Ұйымдастыру.
3 минут.
Сабақтың ұстанымы: А. Взвод командирінің баянатын қабылдау
Ә. Сәлемдесу. Оқушылардың сырт келбетін тексеру.
Б. Бөлімше командирлеріне тапсырма.
(бағалау парағын беру) Тік тұру, сәлемдесу
2. Бұл «көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, дайындалып келеді 1 - ұйым
1. Жарықшақты қол гранаттар не үшін арналған
Жауабы: жақын ұрыстағы қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.
2. Қазақстан армиясының қарулануында қандай қол гранаттары бар?
Жауабы: РГД - 5; РГН және РГО; Ф - 1.
3. Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты қандай түрлері бар?:
Жауабы: шабуылдағы және қорғаныстағы. 4. Шабуылдағы гранаталарға жататыны?
Жауабы: РГД - 5 және РГН
5. Қорғаныстағы гранаттарға жатады
Жауабы: Ф - 1 және РГО.
6. Жарықшақты қол гранаттарының ұрыстық қасиеттері
Ұрыстық қасиеті РГД - 5 РГН Ф - 1 РГО
Гранат жарықшақтарының радиусы 25 м 8. 7 200 16. 5
Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы 40 - 50 м 25 - 45 35 - 45 м 20 - 40
Жабдықталған массасы 310г 310г 600г 530г
Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3, 2 – 4, 2с.
3, 2 – 4, 2с.
3, 2 – 4, 2с.
3, 2 – 4, 2с.
7. РГД - 5 жарықшақты қол гранаты неден тұрады?
Жауабы: тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан
8. Гранат корпусы не үшін қызмет етеді?
Жауабы: жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай - ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді.
9. Корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған зат?
Жауабы: Жарылатын заряд
10. Гранат тұтандырғышы не үшін арналған?
Жауабы: жарылатын заряд жарылуына
11. Соққы механизмі не үшін қызмет етеді
Жауабы: тұтандырғыштың капсюль - оталғышының тұтануына
12. Соққыш капсюль - оталғышты не үшін арналған.
Жауабы: тұтандырып, қыстыруға
13. Ағытқыш иінтірек неге арналған.
Жауабы: соққышты қайрылған жағдайда ұстап тұруға
14. Өздігінен тұтандырғыш не үшін арналған?
Жауабы: гранаттағы зарядтың жарылуына Сұрақтарға жедел жауап береді.
Өз белсенділіктерімен ойынды ұйымдастырады
3. Жаңа тақырып
12 минут.
«Ерлік елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті»Б. Момышұлы қағидасы:
«Білімді өз белсенділігіңмен меңгер» Жаңа сабақты слайд арқылы түсіндіру, көрсету
1. Мотоатқыш бөлімшесіне түсініктеме сипаты
2. ЖҰМ негізгі тактикалық техникалық сипаты.
3. ЖҰМ ғы мотоатқыш бөлімшесінің құрамына слайд арқылы түсінік беру
4. ЖҰМ бөлімшесінің қаруларын слайд арқылы көрсету
5. БТР гі негізгі тактикалық техникалық сипаты
6. БТР гі бөлімше құрамына түсініктеме
7. Қаруларын слайд арқылы көрсету Жаңа сабаққа әзірлік.
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша керекті мәліметтерді жазып отырады.
4. Жаңа білімді бекіту жұмыстары 15 мин.
Мақсаты: өз білімдерін жаңа мақсатта тиімді пайдалана білу 1. Жедел жауап ойыны.
ЖҰМ, БТР машиналарына сипаттама беру.
2. ЖҰМ, БТР дің негізгі тактикалық техникалық сипаттары
Сипаттар ЖҰМ БТР
Салмағы, т
Габарит биіктігі, м
Двигателдің қуаты, а/к
Жүріс қоры, км
Жылдамдығы
3. ЖҰМ ң БТР құрамы мен қаруларын ата?
Бөлімше құрамы Бөлімше қарулары
4. Инсерт картасы бойынша жұмыстар
Нені білемін Нені білдім Нені білгім келеді
Б. Момышұлының «Отан қорғау ел салты» атты сөзін басшылыққа ала отырып, кесте материалдарымен жұмыс орындайды
Өз ойларын жеке жеке айтып шығу
5. Қорытындылау
5 мин. Тест жұмысы.
Ойтолғау.
«Отан үшін отқа түс күймейсің» Түсінбеген жерлерін сұрақтар қою. Ой толғау
6. Үй тапсырмасы
2 мин.
Шығармашылық ізденістерін дамыту Тактикалық дайындық тарауы
Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.
Мазмұны 89 бет АӘД оқулығы, жұмыс дәптермен тапсырмаларды орындау
7. Оқушылар білімдерін бағалау Оқушылар білімдерін бағалау парағы арқылы жариялы түрде қортынды баға қою. Әскери қоштасу Бөлімше командирлеріне бөлімшесінің анықтау
Бөлімшені ұйымдастыру,штаттық қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.
- kurmanov-bolat
- 11 қараша 2020
- 1590
- 0
- 0
Ілмек сөздер: штаттық қарулану және ұрыстық техника, АӘД, алғашқы әскерге дайындық
Ұқсас жаңалықтар:
Бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды қозғалыс кезінде сəлемдесу тəсілдерін орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беруге жаттықтыру,...Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымын және арналуы мақсатын түсіндіру....Қорғаныстағы жауынгер
Қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері туралы білімдерін пысықтау. Оқушылардың ой - өрісін, іскерлігін, шығармашылық қаблетін және АӘД пәніне...Калашников автоматы мен пулеметінің бөліктері мен механизімдерінің жұмысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысын ұғындыру. Автоматты жинап, құрастыру ептілігін арттыру....Жергілікті жерде картасыз бағдарлану
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.