Сайтқа кіру Тіркелу

Батик және оның түрлері (композиция сабағы)

КОМПОЗИЦИЯ
Өткізілетін уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Батик және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
• Мата үстіне сурет салу кезінде құрал - жабдықтарды қолдануын үйрету;
• «суық» батик тәсілінің әдістері, принциптері техникалық тәсілдерді меңгеру;
Дамытушылық:
• Сәндік сурет салу кезінде графикалық біліктілікті дамыту;
• Сәндік қолданбалы өнеріне қызығушылығын арттыру;
• Шығармашылық қабілеттерді: ырғақ, түс, сезімді дамыту;
Тәрбиелік:
• Шеберлер өнеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
• Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:
Тақта, дайын батик үлгілері, қағаз, акрил бояулары, қылқаламдар, керілген мата.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

4. Жаңа сабақты түсіндіру. Ой шақыру.
- Батик өнері туралы не білесіңдер?
- Батик жасауда алғашқыда қандай бояулар қолданылады?
Батик сөзі яван тілінен аударылғанда - ыстық балауызбен сурет салу деген мағына береді. Бұл матаны ерітілген балауызбен әшекейлеу әдісі.
Өнердің бұл түрімен әлемнің көптеген халқы (үндістер, қытайлықтар, мысырлықтар, перулықтар) ежелден айналысып келген, соның ішінде, суреттің қанықтығы мен көркемдігі және техникалық жетістігі жағынан ең жоғары деңгейге жеткен - явандықтар болды.
Яван батиктері көркемдігімен, әдемілігімен бүкіл әлем халқын таң қалдырды, ал индонезиялықтар үшін бұл қарапайым ғана өрнек. Өйткені, батик – индонезиялықтар үшін Ява, Бали және басқа аралдардың тұрғындары үшін – ер адамдар да, әйелдер де киетін жай ғана ұлттық киім. Қолөнердің бір түрі батик өнері. Батик өнерінің Отаны Қытай және үнді елі. Бірақ бұл батик өнері ХVII ғасырда Индонезия елінде Ява және Бали аралдарында дамып, бүкіл әлемге тараған өнер. Батиктің үш түрі бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик. Негізі «Батик» сөзінің аудармасы «ыстық балауызбен сурет салу». Яғни матаға суретті түсіру үшін ерітілген балауызды қолданған.
Батикке салынатын өрнектер алуан түрлі – он мың астам түрі бар. Көпшілігі ежелден келе жатқан өрнектер. өте кең тараған - өмір қуанышы өрнегі: құстарды, көбелектерді, гүлдерді, жемістерді бейнелегенде, бояу ерекше үйлесім тапқан. Сондай - ақ батиктерде – мифтік Гаруд құсының бейнесі көбірек кездеседі.
Батикке салынған суреттер бірнеше түрге бөлінеді: геометриялық, түрлі денелер, өсімдіктер бейнесіндегі өрнектер.
Матаны кескіндеудің негізгі әдісі. Батик техникасының негізі бояуды резервте ұстау принципінде, яғни қажет кезінде қолданылатын артық бояуды сыйымдылыққа (ыдысқа) жинақтау принципінде жатыр. Бұл матаның өрнек жасалатын белгілі бөліктерін боямай қалдыруға мүмкіндік береді.
Бұл техниканы матаға салынатын әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: ыстық, суық және аралас батик.
Суық және ыстық батик жайма бойымен аққыштығы шектеулі, сыйымдылықтағы (резервтегі бояу) бояумен жұмыс істеуге негізделген.
«Суық» батик.
Осы тәсіл «ыстық» батиктен резерв температурасымен, құрал - жабдықтарымен ерекшеленеді. Сурет резерв сызығымен шектеледі. «Суық» батикте резервті алып тастау қажет емес, ол өте ыңғайлы және әдемі.
Батик жасау үшін бізге құрал - саймандар қажет, олар:
Жақтау - бұл айла бұйымды сатып алуға немесе қажет өлшемде қолдан жасап алуға болады.
Батик жасауға пайдаланатын маталар. Мақта мата (бөз, шыт, шифон) маталары. Біз бүгінгі «суық» батигімізде мақта матасын қолданамыз. Бояулар. Матаға арналған акрил бояулары.
Қылқаламдар: қатты қылқаламдар және жұмсақ қылқаламдар.
Балауыз: дайын балауыз (резерв).
Үтік: дайын бұйымда үтіктеу үшін.
Қорғаныш киімдері: химиялық қоспаларды қолданғанда қолыңның терісін сақтау үшін резеңке бес саусақ қолғап. Әр түрлі бояуларды қолданғанда алжапқыш кию міндетті, олар бояулардан дақ түспеу үшін киіледі. Қылқаламдарды сүртіп отыру үшін қиық маталар.

5. Практикалық кезең.
«Суық» тәсілімен мата үстіне батик суретін салу.
• Нақты өлшеммен бұйымның суретін (эскизін) салу.
• Қыстырмалы кнопка арқылы матаны кереміз. Керілген мата мықты және берік болу керек.
• Суретті жай қарындашпен мата үстіне көшіреміз.
• Сурет сызықтарын резервпен жүргіземіз.
• Бояуды бастаймыз. Контур ішіндегі суретті сулаймыз. Бірінші ашық түстермен, содан соң қою түспен бояймыз.
• Гүлдерді бояп болған соң жапырақтарға көшеміз.
• Жұмыстың аяғында матаға арналған контурмен безендіреміз.
• Жұмыстың аяғында суретті ыстық үтікпен бояудың беріктігін күшейтеміз.

6. Сабақты қорытындылау.
• Балауызбен қандай бұйымдар жасауға болады?
• Батик өнері туралы не білесіңдер?
• Батиктің қандай түрлері бар?
• «суық» батик жасау үшін қандай құрал жабдықтар керек?
• Балауыз дегеніміз не?
• Батик өнерін қандай маталарда орындауға болады? Батик өнері
Біз бүгінгі сабағымызда батиктің суық түрін қолданамыз.

Зымыран сұрақтар
1. Батик өнері қай елде шықты?
2. Қай ғасырда және қай елде батик өнері дамыған?
3. Батиктің қандай түрлері бар?
4. Батиктен қандай бұйымдар жасауға болады?
5. Батик сөзінің мағынасы нені білдіреді?
6. Қазіргі заманда бұл өнер қажет пе?

7. Үйге кішкентай мата қиындысына қазақтың ою - өрнегі салынған ыстық батик әдісімен жасалған бет орамал жасауды тапсырамын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×