МҮСІН
Өткізілетін уақыты: ______________________
Сабақтың тақырыбы: Папье - маше – 6 сағат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Папье - маше тәсілі туралы түсіндіру. Осы тәсілмен маска жасауды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: Сазбалшық, ермексаз, түрлі пышақтар (стекалар) т. б.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
4. Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы папье - маше тәсілімен маска жасау болып табылады.
Алғашқы кезеңде, әр оқушы қағаз бетіне жасайтын маска эскизін жасауға кірісеміз.
Папье - маше жасау технологиясы
Папье - маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс.
Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипс және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады
Папье - маше шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін, алдымен сазбалшықтан керекті маска мүсінін сомдап алу қажет.
Папье - маше маше жұмысын орындау.
Маска мүсінінің сыртына бірінші жапсырылатын қағазды желім қосылмаған таза су жібітеміз. Сонда жұмысты толық аяқтап, кептіргеннен кейін, мүсіннен бөліп алу оңай болады.
Алғашқы жапсырылған қағаз үстіне 5 - 7 қабат желім араластырылған суға жібітілген қағаз жапсырылады. Ең соңғы қабатын ақ қағазбен тегіс, біркелкі етіп жапсырмалайды. Қағаз желімденген кезде кедір бұдырсыз тегіс жапсырылуы тиіс.
Қағаз арасында ауа қалмауы керек. Жапсырмаланып болған папье - машені мүсінмен қоса кептіруге қояды.
Жақсы кептірілген папье - машенің қатпарларын зімпара қағазбен тегістейді.
Дөңгелек жиектерін қайшымен қияды. Гуашь бояумен масканы өз қалауыңша түрлендіруіңе болады.
Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Қылқалам, желім, қайшымен жұмыс істегенде гигиеналық және қауіпсіздік ережелерді сақтау қажет.
1. Алдымен жұмыс орныңды дайындап ал.
2. Ол үшін таза гуашь бояу, қылқалам, жапсырмайтын қағаздар керек.
3. Керекті құралдарды, суды шашып ойнама!
4. Жұмыс кезінде және жұмыс соңында қолыңды таза шүберекпен сүрт.
5. Жұмыс соңында киімдеріңнің тазалығын байқап, жұмыс орныңды ретке келтір.
Папье - маше жұмысы аса ұқыптылықты қажет ететіндігін естен шығарма!
Мүсінді орындау технологиясы.
Мүсіндерді орындауда әр түрлі ережелер бар. Қалай болса солай сомдамайды. Жануар болсын, адамды болсын сомдағанда оның өлшемдері, пропорциясы сақталуы керек. Ол заттардың жеке - жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.
Осыны жетілдіре түсті атақты мүсінші Поликлет өзінің бірінші рет «Пропорциялық заңдылық» еңбегін жазды және бірінші рет бейнелеу өнерінде адамның ішкі пластикалық қимыл – қозғалысын (психологиясын) мінез - құлқын көрсеткен. «Дорифор» мүсінін өмірге келтірді.
Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін. Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.
Бедерлі мүсіннің екі түрі болады, олар: барельеф және горельеф. Егер де мүсіндегі тұлғалар кеңістіктен өз қалыңдығынан жарым - жартылай шығып тұрса, ондай мүсінді барельеф деп атайды.
Ал мүсін өз қалыңдығынан жарым - жартылайдан гөрі көбірек шығып тұрса горельеф дейді.
Бүгінгі жұмысымызда осы барельеф тәсілімен масканы сомдайтын боламыз.
Кез келген жұмыс қағаз бетіндегі эскиз жасаудан бастау алады.
Бірінші кезеңде оның негізі, яғни жазықтық дайындалады. Жазықтық тақтайшалар алынып, оның бетіне сазбалшық жұқалай жағылып шығады да, оның бетіне тік төртбұрышты стектердің көмегімен қырналып тегістеледі. Тегістелген тақтайшалар – плинт деп аталады. Осы плинттің үстіне эскизге қарап отырып сурет салынады. Сазбалшықтан ширатпалар есіп дайындаймыз. Ширатпаларды мүсін бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, оның ішін сазбалшықпен толтырамыз.
Екінші кезеңде осы суреттің үстіне сазбалшық жапсырып отырып, оның көлемін ұлғайта береді.
Сазбалшықты жаға отырып оның кеңістіктен біршама шығуын қамтамасыз ету қажет.
Сазбалшықты бір - біріне жапсыра отырып мүсінді сомдай отырып, оның пропорциясын дұрыс сақтауға тырысу керек.
Үшінші кезеңде заттардың, фигуралардың көлемін, қалыңдығын дұрыс шығарып сомдау қажет.
Жұмысты алдыңғы және артқы планды естен шығармай жұмысымызды аяқтайтын боламыз.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға барельеф тәсілімен мүсін жасауды, оның ішінде ертегі немесе мультфильм кейіпкерлерін сомдап, одан маска алу қыр - сырын үйретемін.
6. Мүсіннің бедерлі түрімен маска сомдау және одан папье - маше әдісі арқылы маска алу қаншалықты қызықты бола болғанымен, біршама қиындықтар туғызады. Алғашында қағазды желімдеу біраз қиындықтар туындатуы мүмкін.
Папье - маше қалай орындалатын жұмыс?
Папье - маше жұмысын орындаудың жолдарын кезекпен – кезек айтып беріңдер.
Папье - маше тәсілімен тағы қандай бұйымдар жасауға болады?
7. Үй тапсырмасына барельеф, тәсілімен үй тұрмысында қолданылатын заттардың қарапайым түрлерін жасап келуін тапсырамын.
Папье - маше (мүсін сабағы)
- ramuk_b
- 20 қыркүйек 2016
- 8040
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Папье маше тәсілі, мүсін өнерінен сабақ жоспары, өнер мектебі, сурет мектебі
Ұқсас жаңалықтар:
Мүсін өнерінің түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мүсін жайлы жалпы түсінік беру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық...Күнтізбелік жоспар еңбекке баулу 3 сынып
Күнтізбелік жоспар. Еңбекке баулу 3-сынып. Барлығы – 68 сағат, аптасына 2 сағаттан...Адам басының бюсты (мүсін сабағы)
Мақсаты: Адам басының бюстін сомдау. Олардың пропорцияларын, формасының модельдерін жеткізу машықтарын иелену. Міндеттері: Бет - әлпет мүшелерінің...Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты (мүсін сабағы)
Сабақтың тақырыбы: Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және техникалармен танысу....Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу ...
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу. Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.