Графика
Сабақтың тақырыбы: Интерьер бейнесінің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды интерьердің сызықтық және әуе перспективасымен таныстыра отырып, қарапайым құралдармен, тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуге үйрету, ұқыптылыққа баулу.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту. Өзін - өзі басқара іс атқаруға, шыншыл, әділетті, бір - бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Бейнелеу өнерінде суретшіден қашық тұрған заттарды жазықтық бетінде бейнелеу ережелері мен тәсілдері туралы ғылымды перспектива деп атайды. Перспективаның сызықтық және кеңістік түрлері бар. Сызықтық перспективаға кеңістік пішінді перспективалық өзгерістерді, өлшем, контур сызығының бағытын, яғни сызықтармен бейнелеуге болатын белгілерді жатқызады. Кеңістік перспективаға физикалық белгілердің перспективалық өзгерістері - рең мен түс арқылы берілетін жарық, түс, фактуралар жатады. Перспективаның белгілі бір ережелері бар: сурет салғанда алыстан көрінген заттарды жақындағымен салыстырғанда кішірейтіп көрсету ғана маңызды емес, сонымен қатар ол қағаз бетінде үлкен де, кіші де болмауы керек. Мысалы, текшенің формасын нақты түрде беру үшін көрудің жалпы бір нүктесін, яғни оның барлық қыры көрінетіндей нүктені таңдау қажет. Төмендегі а - суретте суретшіге текшенің алдыңғы жағы ғана көрінеді, перспективалық өзгерісі жоқ, бұл - төртбұрыш, ә - суретте текшенің бір қыры ғана көрініп, төртбұрыш басқа түрге енеді, б, в - суреттерде текшенің тік қырлары аударылып берілген. Сондықтан олар сол жақтағы суреттен ерекше.
Бөлме интерьерін бейнелейміз. Мына суретте қабырғаның үш жағы, төбесі мен едені бейнеленген. Суретші бұл сурет арқылы бөлменің ішкі көрінісін көрерменнің сырт жақтан бақылап көруіне мүмкіндік туғызған. Бөлме ішінің бір бөлігін таңдап алып салу үшін, біріншіден, бөлме ішінің аумағы жақсы көрінетін жерді іздеп табу қажет; екіншіден, бөлме ішін тақырып бойынша немесе көз алдына елестете отырып салу үшін бөлме ішінің кеңістігін беру ережесін білу, оның едені мен қабырғасының бір - біріне қатынасын анықтауда олардың перспективалық қысқаруын ескерген жөн. Суреттен перспективаны пайдалану композициялық шешіммен байланысты екендігін және салынған сурет мазмұнын ашуға көмектесетінін көреміз. Суретте көкжиек сызығы терезенің ортасынан өтеді. Егер қабырға мен төбенің, есіктің, үстел шеті мен орындықтың бой сызықтарын әрі қарай созып жалғастырсақ, барлық сызықтар бір нүктеде қиылысады. Бөлменің перспективасын құрып болғаннан кейін, үй жиһаздарын - үстел, орындық, кітап сөресі мен шкафтарды бейнелеуге көшеміз. Әрбір заттың пішінін геометриялық дене түрінде белгілеп, олардың өлшемдері мен орнын жіңішке сызықтармен анықтау керек. Одан кейін заттардың негізгі құрылымдық бөліктерін - үстелдің беті, аяқтары, орындықтың отыратын жері, арқасы, аяқтары, шкафтың қабырғасы, жарма есігін белгілейміз.
Заттардың пішіні мен көлемі оларды қандай қашықтық пен жағдайда көретінімізге қарай өзгеріп отырады. Көлемді затты бейнелеу үшін оның тек сыртқы түрін ғана емес, сондай - ақ оның орналасқан ортасын, жазықтық ерекшеліктерін, кеңістікте көлемді пішіннің қабылдауын білу керек. Көлемді зат біртұтас және нақты белгілер мен қасиеттерге ие. Бұйым жазықтығы - бетінде бейнеленген объектілер орналасатын жердің, еденнің немесе үстелдің жатық жазық беті. Сурет салу жазықтығы - көлемді зат бейнеленген жазық бетті қағаз. Сызықтық перспективаның негізгі ережелері төмендегідей:
- алысырақ тұрған заттың тереңдігін бейнелеу үшін оларды алдыңғы қатарда тұрған заттармен жарым - жартылай жабу қажет;
- жақын тұрған затты алыс тұрған заттан ірірек бейнелеген жөн;
- жақын тұрған заттың негізін алысырақ тұрған заттан ірірек бейнелеген жөн;
- картинаның жазықтығына параллель жатық қабырғаны тік көлденең сызықтармен бейнелеген жөн;
- бұрыштық бейнелеудегі көлденең қабырға көлбеу сызықтармен бейнеленеді;
- бұрыштық бейнелеудегі көлденең қабырғаны фронталды қабырғаға қарағанда қысқа түрде бейнелеу керек және т. б.
Үйге тапсырма беру: Өз үйіңнің бөлмесіне қарап отырып перспективалық құрылымда бөлмеңнің ішін бейнеле.
Интерьер бейнесінің ерекшеліктері
- ramuk_b
- 4 қараша 2021
- 1088
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Интерьер бейнелеу, академиялық сурет пәні бойынша сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Жарты жылдық сынақ жұмыс
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жарты жылдық қорытынды жұмыс натюрморт салу. Сынақ жұмысына қойылатын негізгі талаптар. ә) Дамытушылық: Оқу...Сурет салушының көру деңгейінен төмен орналасқан заттардың конструктивті бе ...
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету. ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарына баулу....Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт
Сабақтың тақырыбы: Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,...Рең жағынан қарама-қайшы 2-3 заттан құралған қыртыссыз мата аясындағы натюр ...
Сабақтың тақырыбы: Рең жағынан қарама-қайшы 2-3 заттан құралған қыртыссыз мата аясындағы натюрморт Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тың...Бейнелеудің құпиялары – перспектива. Перспектива ережелері
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Даулетбаева Нағима Қожабайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.