Сайтқа кіру Тіркелу

Фольклорлық шығарма. Қазақ композиторларының әуендеріне иллюстрация

КОМПОЗИЦИЯ

Өткізілетін уақыты:____________________

Сабақтың тақырыбы: Фольклорлық шығарма. Қазақ композиторларының әуендеріне иллюстрация
Сабақтың мақсаты:
a) білімділігі: Оқушыларды қазақ композиторларының әуендеріне таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
ә) дамытушылығы: Қазақ композиторларының әуендері туралы танымын кеңейту. Іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту. Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.
б) тәрбиелігі: Қазақ композиторларының әуендерінің маңызы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру. Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін молайту, белсенділіктерін шыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

4. Сабақтың барысы: Видеодан Қазақтың халық әні беріледі:

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,

Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғьідай болсайшы тағы заман,
Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,

Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан үшқан заман,
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,

Мұғалім: Бұл қазақтың кең даласы жайлы ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Фольклорлық шығарма. Қазақ композиторларының әуендеріне иллюстрация» деп аталады.
Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез — құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл — ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.

Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А. В. Затаевич, Б. Г. Ерзакович, Т. Бекқожина, З. Қоспақов, т. б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы:

— тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері);
— еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері);
— үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар - жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері);
— ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет — ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);

— жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);
— нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал - әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);
— қиял - ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);
— сатиралы — юморлық әндер (әзіл - қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);
— тарихи әндер;
— әлеуметтік теңсіздік әңдері;
— эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);
— айтыс әндері;
— лирикалық әндер.

5. Алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне қазақ композиторларының әуендеріне иллюстрация жасау. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету.

6. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?
Қазақ композиторларының әуендеріне иллюстрация дегеніміз не? Олардың жазылу мақсаттары?

7. Үйге тапсырма беру: «Шебер құрастырушылар» еліндегі тапсырманы бояу арқылы аяқтап келу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация

Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация

Сабақтың мақсаты: a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін...
Заман

Заман

Жақсысы атылған заман, Жаманы сатылған заман. Еркегі қатыннан жаман, Қатыны шатылған заман....
Абайдың сыршыл әндері

Абайдың сыршыл әндері

Оқытудың жаңа технологиясы - бұл мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, өзгерте оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып,...
Эстрада және музыка

Эстрада және музыка

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Эстрада және музыка туралы толық мағлұмат беру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдау арқылы әуендік...
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау

Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер мазмұнына иллюстрация Сабақтың мақсаты: a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×