КОМПОЗИЦИЯ
Өткізілетін уақыты: ___________________________________
Сабақтың тақырыбы: Тұтастық және типтеу заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Алдыңғы және алыс көріністегі қысқамерзімдік сюжеттік композиция орталығын табу.
Дамытушылық:
• оқушылардың ой өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру;
Тәрбиелік:
• Шеберлер өнеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
• Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:
Тақта, түрлі техникаларда салынған жұмыстар, суреттер, акварель бояуы.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы
3. Өткен сабағымызда ашық және тұйық композицияны өткен болатынбыз. Сол сабақты еске түсіріп, мына сұрақтарға жауап берейік.
1) Композиция дегеніміз не?
2) Композицияның әсерлі құралдарын ата.
3) Ашық және тұйық композицияны қалай түсінесіз
4. Тұтастық – объектінің ішкі бірлігі, оның қоршаған ортадан даралануы, сондай - ақ осындай қасиеттерге ие объектінің өзі. Философия тарихында Тұтастық ұғымын түсіндірудің екі бағыты бар: Тұтастық объектінің барлық қасиеттерінің, қырларының және байланыстарының танымдылығы ретінде жан - жақты қамтылуы және Тұтастық объектінің ішкі құрылымын, яғни оның ерекшелігін, өзгешелігін анықтайтын нәрсе ретінде түсіндіріледі.
Суретшілер графикалық, мүсін, кескіндемелік сурет салуда сызықтық, форманы құруда құрылымдық, тепе - теңдік ( пропорция), көлем, жарық пен көлеңке, көңіл күй мен жай жапсарды беруге тырысады. Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі композиция деп аталады.
Суретшілер сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өздерінің ойларымен сезімін білдіріп, өмір шындығын, қиялын көрсетіп, заттың қозғалыстағы немесе бірқалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын бейнелеуге жол ашады.
Композицияның негізгі әсерлі құралдарына ритм, симметрия, асимметрия, тепе – теңдік, контраст және нюанс жатады.
Әрбір бейненің жазықтық және көлем жиектері шектеулі әрі олардың белгілі бір өлшемі мен пішімі бар. Ол суретшіге шығарманың идеясын ашуға және жалпы ойын білдіруге көмектеседі. Демек пішім мен өлшемді анықтап алу композицияның бірден – бір элементі болып табылады.
Келесі кезең жазықтық немесе көлемді пішін бетіне негізгі масса, топ заттарды яғни бейненің барлық негізгі элеметтерін орналастыру. Шығарма авторлары бейненің топ, заттары мен жеке бөліктерін үйлестіре отырып, картина сурет немесе мүсін өнерінің көркемдік идеясы мен жалпы айтайын деген ойын білдіреді.
Композицияда әр дайым нақты сызықтар мен пішіндер сондай - ақ уақталған әрі ұсақтары да кездеседі. Кез келген шығармада болатын сызық, түс және көлем жүйесі композицияның маңызды элементі болатын белгілі бір ырғақ пен қозғалыстың тууына себепкер болады. 5. Практикалық кезең.
Жұмыстың жүргізілу тәртібіне келейік.
Мысалы, жан - жануардың кескінін алдымен А3 форматына қарындашпен салып аламыз. Қарындашты қатты батырып сызуға болмайды. Тапсырма орындалған соң тағы бір салыстырып қарап, кеміс жері болса, толықтырып, артық сызықтарды алып тастаймыз.
Мұнан соң пейзажды түгелдей әлсіз (сұйық) жасыл түспен бояп шығамыз. Балаларға бояуды өте сұйық жағуды ескертеміз, егер бояуды қою етіп бояса, заттың түсін тану қиынға түседі. Бояу кеппей тұрғанда оның үстінен қажет түстерді тағы бір жүргізу керек. Соңғы бояу алдыңғымен дымқыл күйінде жақсы араласып, заттың натурасына ұқсай түседі
Суретті бояуы кепкенше қоя тұру керек. Онан соң бояуды қоюлатып, жіңішке ұшты қыл қаламмен негізгі сызықтарды жүргізіледі.
Акварельмен жұмыс жасау кезінде оқушылардың жұмысын қадағалап, сәтті талпыныстарын мадақтау керек. Мұнан оқушылар бояумен жұмыс істеуге ынталана түседі. Егер оқушы натурасына сай бейнелейтін заттың түсін таба білуге жаттықса, бізді қоршаған әсем де сұлу көріністерді шынайы сезініп қабылдауға, оны бейнелеуге үйренеді. Бояу сырын ұғынып, әр заттың өзіне тән түрін, түсі таңдап бояуға жаттығады. Табиғаттың көркемдігін, байлығын терең түсіне білуге үйренеді. Эстетикалық талғамдары артады.
6. Сабақты қорытындылау.
Тұтастық және типтеу заңын қалай түсінесіз?
7. Үй тапсырмасын ашық композицияда кіші форматта акварель бояуымен этюд салып келуін тапсырамын.
Тұтастық және типтеу заңы
- ramuk_b
- 19 қазан 2021
- 1264
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұтастық заңы, типтеу заңдылығы, композиция сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Тұйық композиция және «ашық» композиция
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Форматты таңдай отырып, еркін тақырыпта жасалған қысқамерзімдік композициялар: тік, көлденең, үшбұрышты, дөңгелек,...Гуашь сәндік кескіндемесі. Ауырлығы басым реңтегі түстері ұқсас 2-3 заттард ...
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...Кескіндемедегі жылы айқын көрініс және «грек палитрасы»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Палитрадағы әрбір бояудың мүмкіндіктерін...Ешқандай үлгі суретсіз акварель кескіндемесі
Жұмыс жасауды қабылдау және техника. Күрделi көп деңгейлi жарықтық шарттарындағы көркем бейне ретiнде гүл шоғы туралы бүтiндiктің әсері. Түс үндес...Акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау (композиция ...
Бейнелеудің бірнеше техникалармен жұмыс жасауды үйрету, акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау; Дамытушылық: • Сәндік сурет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.