Сайтқа кіру Тіркелу

Тұйық композиция және «ашық» композиция

КОМПОЗИЦИЯ

Өткізілетін уақыты: ___________________________________

Сабақтың тақырыбы: Тұйық композиция және «ашық» композиция.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Форматты таңдай отырып, еркін тақырыпта жасалған қысқамерзімдік композициялар: тік, көлденең, үшбұрышты, дөңгелек, сопақ, шаршы.
Дамытушылық:
• Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту;
• Сәндік қолданбалы өнеріне қызығушылығын арттыру;
• Шығармашылық қабілеттерді: ырғақ, түс, сезімді дамыту;
Тәрбиелік:
• Шеберлер өнеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
• Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:
Тақта, түрлі техникаларда салынған жұмыстар, суреттер, акварель бояуы.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

4. Балалар пейзаждағы сызықтық перспективаны жақсылап бақылауы үшін бұл сабақты ашық кеңістікте өткізген дұрыс. Алдымен өткен сабақта айтылған сызықтық перспектива заңдарын еске түсірген жөн. Осы заңдарды іс жүзінде тексеріп көрейік. Балалар табиғат аясындағы нақты пейзажда жақынырақ тұрған ағаштар алыстағылардан үлкен әрі биігірек көрінетінін, жолдардың алыстаған сайын жіңішкере түсетінін, аспанда қалықтаған құстар жерде жүргендер - ден әлдеқайда кішкентай, ал ағаштар биіктеген сайын жіңішкере беретінін өз көздерімен көріп, бақылайтын болсын.

Балаларға сызықтық перспективаны көрсетіп, пейзаждың схематикалық долбар суреттерін салуды ұсынамыз.

Осыдан кейін балаларды ашың және тұйық композиция ұғымымен таныстырамын. Жаңа тақырыпты түсіндіруге пейзаждың репродукциялары қажет болады. Сол үшін репродукциялы суреттерді тақтаға іліп қоямын. Тұйық композицияда суреттің екі жақ шетіне кез келген денелер бейнеленіп, қараған адамның назары сол денелерге тоқтайды. Сонымен тұйық композиция тыныштық сезімін туғызады. Ашың композицияда екі шетінде көз тоқтататын ешқандай нәрсе бейнеленбейді.

Балалар алдымен пейзажға қандай композицияны қолданатындарын шешіп алғаны дұрыс, себебі балалар шығармаларының көңіл күйі қандай дәрежеде болатындығы осыған да байланысты.

Композицияны таңдау үшін оларға әдейілеп жасалынған раманы қолдануды ұсынған дұрыс, қол созым жердегі раманы әрі - бері қозғалтып, қалауынша ашық немесе тұйық пейзаж көрінісін таңдауларына болады. Мұндай шағын рама жасау оңай - қатты қағаз немесе қатырма қағаздың бетінен өлшемі 10x8 см мөлшерінде терезе ойып аламыз. Осы терезеден қарап, пейзаж көрінісінің кез келген қызықты, әсерлі «кадрын» таңдап алуға болады. Балалар мұндай ізденіспен қуана айналысады.

Сонымен қатар ағаш діңдерінің, бұтақтарының пішіндері мен сызықтарының сұлу иірімдеріне, пейзаждағы түстер гаммасына назар аударып, онда қандай түстер басым екендігін анықтап (қарама - қарсы әлде жақын түстер ме), түстер гаммасын көңіл күймен байланыстыру қажет. Табиғат аясында күз туралы тақпақ, өлеңдер оқыған жақсы. Балалар, әлбетте, күз туралы білетін өлеңдерін еске түсірер. Бүл сабақ балаларды қызықты пейзаждар салуға шабыттандыруы тиіс..
Композицияны құрастыру әр оқушының өз қиялынан шығуы тиіс!
5. Практикалық кезең.
Жұмыстың жүргізілу тәртібіне келейік.
Мысалы, жан-жануардың кескінін алдымен А3 форматына қарындашпен салып аламыз. Қарындашты қатты батырып сызуға болмайды. Тапсырма орындалған соң тағы бір салыстырып қарап, кеміс жері болса, толықтырып, артық сызықтарды алып тастаймыз.
Мұнан соң пейзажды түгелдей әлсіз (сұйық) жасыл түспен бояп шығамыз. Балаларға бояуды өте сұйық жағуды ескертеміз, егер бояуды қою етіп бояса, заттың түсін тану қиынға түседі. Бояу кеппей тұрғанда оның үстінен қажет түстерді тағы бір жүргізу керек. Соңғы бояу алдыңғымен дымқыл күйінде жақсы араласып, заттың натурасына ұқсай түседі
Суретті бояуы кепкенше қоя тұру керек. Онан соң бояуды қоюлатып, жіңішке ұшты қыл қаламмен негізгі сызықтарды жүргізіледі.
Акварельмен жұмыс жасау кезінде оқушылардың жұмысын қадағалап, сәтті талпыныстарын мадақтау керек. Мұнан оқушылар бояумен жұмыс істеуге ынталана түседі. Егер оқушы натурасына сай бейнелейтін заттың түсін таба білуге жаттықса,бізді қоршаған әсем де сұлу көріністерді шынайы сезініп қабылдауға, оны бейнелеуге үйренеді. Бояу сырын ұғынып, әр заттың өзіне тән түрін, түсі таңдап бояуға жаттығады. Табиғаттың көркемдігін, байлығын терең түсіне білуге үйренеді. Эстетикалық талғамдары артады.
6. Сабақты қорытындылау.
Тұйық композиция және «ашық» композиция қандай болады?
7. Үй тапсырмасын ашық композицияда кіші форматта акварель бояуымен этюд салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тұтастық және типтеу заңы

Тұтастық және типтеу заңы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алдыңғы және алыс көріністегі қысқамерзімдік сюжеттік композиция орталығын табу....
Кескіндемедегі жылы айқын көрініс және «грек палитрасы»

Кескіндемедегі жылы айқын көрініс және «грек палитрасы»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Палитрадағы әрбір бояудың мүмкіндіктерін...
Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе - теңдік)...
Ешқандай үлгі суретсіз акварель кескіндемесі

Ешқандай үлгі суретсіз акварель кескіндемесі

Жұмыс жасауды қабылдау және техника. Күрделi көп деңгейлi жарықтық шарттарындағы көркем бейне ретiнде гүл шоғы туралы бүтiндiктің әсері. Түс үндес...
Акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау (композиция  ...

Акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау (композиция ...

Бейнелеудің бірнеше техникалармен жұмыс жасауды үйрету, акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау; Дамытушылық: • Сәндік сурет...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×