Сайтқа кіру Тіркелу

Тоқылдақпен бірге M дыбысы мен әрпіне саяхат

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Мұғалімі: Әлімжан Айдана Ергазыевна
Топ аты: «Ертөстік» мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: “Коммуникация”
Бөлімі: «Ағылшын тілі»
Ұзақтығы: 25 - 30 минут
Тақырыбы: Explorer with the woodpecker to the letter “M m”- Тоқылдақпен бірге “M m” дыбысы және әріптер әлеміне саяхат
Мақсаттары:
1) Білімділік: “M m” дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру. Тақырыптарға байланысты өлең мен тақпақтарды түсініп, айта білуге баулу. Мнемотехнология арқылы тақпақ құрастыруды және берілген тақырыптарды қайталата отырып, жаңа фразаларды меңгерту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту;
2) Дамытушылық: тапсырмалар, ойындар, жаттығулар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
3) Тәрбиелік: Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және өз - өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерді, этикалық дағдыларды қалыптастыру. Тапсырмаларды жұптаса орындату арқылы еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке, бір - біріне көмектерін аямауға тәрбиелеу;

Әдіс - тәсілдері: Миға шабуыл, дамыта оқыту технологиясы (топтау әдісі, Раунд - Робин әдісі), Монтессори технологиясы элементтері (Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу), Зайцев технологиясы (Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру), мнемотехниканы пайдалану арқылы тақпақ құрастыру, көрнекіліктер бойынша сұрақ - жауап, ойнату, өлең - тақпақ айтқызу, мадақтау, қорытындылау
Сөздік жұмыс: Woodpecker, - What letter is it? It is letter…, тышқан - mouse, маймыл - monkey, саңырауқұлақ - mushroom, тау - mountain, ай - moon
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ноутбук, слайд, кітап, ағылшын тілі дәптері, әріптер, желім, мнемокесте, бейнеролик
Тосынсый сәті: Тоқылдақтан келген хат
Әрекет кезеңдері
Мұғалім әрекеттері Балалардың әрекеттері

Танымды
оятушылық
Амандасу
- Hello, children!
- How are you?
- I’m fine, thanks!
- Балалар, бүгінгі ағылшын тілі сабағымыз өзгеше болмақ. Бізге қонаққа келген мұғалімдер мен тәрбиешілерге осы оқу жылының І - ші жартыжылдығында алған білімдерімізді ортаға салып, білімге құштар екенімізді көрсете білейік. Қанекей, қонақтарымызбен амандасып жіберейік!

Шаттық шеңбер:
Білгір қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы.
Тобымызға келіп отырған
Қонақтарды қарашы
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Good morning!
Good morning!
The best to you this morning
How are you?
How are you?
I hope you feeling fine!
And happy all the time!

- Sit down, please!
- Hello, teacher!
- We are fine!
- And you?
Балалар қонақтарға қарап екі тілде амандасады
Орындарына отырады
Ұйымдастыру -
іздестіру
Құрметті қонақтар, сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
«Миға шабуыл»
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешімін тауып, ағылшын тіліне аударып көріңдер.
1. Кішкентай боп өз - өзін зор тұтады,
Сөйтіп пілдің өзінде
қорқытады (тышқан - mouse)
2. Адамға қатты ұқсайды
Бірақ ол адам емес
Ұятты, арды ұқпайды
Сезімі жаман емес
(маймыл - monkey)
3. Аяғынан қаз тұрған,
Қалпағы бар антұрған
(саңырауқұлақ - mushroom)
4. Өркеші бар, түйе емес,
Не ақ отау - үй емес.
Бір орнында тұрғаны,
Не болады бұл қане?
(тау - mountain)
5. Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын
(ай - moon)
- Мouse, monkey, mushroom, mountain, moon сөздерінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
- Балалар, ағылшын тілі әліпбиінде неше әріп бар?
- Ағылшын тілі дыбыстары нешеге бөлінеді?
- Олар қандай?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
- Қане, «М m» дыбысын дауыстап көрейікші!
- Созылып айтылады ма?
- Демек, дауыссыз дыбыс па?
- Олай болса, «Phonics M m» бейнеролигіне назар аударыңдар!
- Өте жақсы, балалар! Құрылысшы алдарыңда екі үй салып қойған екен. Қызыл үйде үнемі әндетіп жүретін дыбыстар тұрады екен. Ал, көк үйде көңілсіз, ән шырқай алмайтын дыбыстар өмір сүріп жатыр екен. «М m» дыбысы қай үйдің тұрғыны болады?
- Дұрыс! Олар әндете алмаса да, бізге сөз, сөйлем құрауға көмегі көп. Қане, дауысты дыбыстарды әндете еске түсірейік!
- Дауыссыз дыбыстар:
- Мен, сендердің топтарыңа келе жатқанда топтарыңның есігінде қыстырылып тұрған хатты көрдім. Ол хат орманда тіршілік ететін «тоқылдақтан» келген екен.
- Хатты ашайын ба?
- Ашпас бұрын, тоқылдақ сөзінің ағылшын тіліндегі атауын айтып жібересіңдер ме?
- Олай болса мұқият тыңдаңдар!
- Ерте, ерте, ертеде ну орманда көптеген ағаштар өсіп, құстар сайрап, аңдар тіршілік етіпті. Түн болып, орман да, ормандағы аңдар да, тіршілік біткеннің барлығы мүлгіп ұйқыға кетіпті. Тым - тырыс. Сәлден соң, тау арасынан күн де сығалады. Қалың ағаш үстінен шыққан бір құстың үні орманды жап - жақсы жаңғыртып жібереді. (тоқылдақтың үні қосылады)
- Ол қандай құс?
- Тоқылдақты неліктен орман емшісі дейді?
Сонымен, тоқылдақ «Ерте тұрып, еңбек етсін!» деген оймен теректің басына қонып айғай салады.
Тоқылдақ: Тоқ - тоқ - тоқ,
Тоқ - тоқ - тоқ,
Күн шықты, енді, ұйқы жоқ,- деп теректің қабығын қаққылап жатады. Тоқылдақтың айғайына ызаланып, ұйқысы қанбаған аңдар ояна бастайды. Кейбір аңдар мен жануарлар тоқылдақтың айғайын елемей, ұйықтап жата береді. Ол маймыл мен тышқан екен. Бұлар да оянып, ашуға булығып, ызалана бастайды. Аңдардың барлығын ашуландырып алған тоқылдақ, енді олармен достасудың амалын іздейді.
- Балалар, тоқылдақтың бізге хат жазу себебі, ол, бізден көмек сұрайды. Бізге бірнеше тапсырма береді.- Оның тапсырмаларын орындай аласыңдар ма?
Сол тапсырмаларды орындасақ, тоқылдақ аңдармен достасады екен.
1 - тапсырма:
Тоқылдақ: «- Мен, маймылды ашуландырып алғаным үшін қатты өкінемін, егер, сендер маймыл туралы тақпақ үйретсеңдер, риза болатын едім және маймылға жаттап айтып берсем, ол маған ренжігенін ұмытып кетер еді»- дейді.
Оқулықпен жұмыс
Бүгінгі оқу қызметінде қандай әріп үйрендік?
- Мынау ненің суреті?
- Олай болса, маймыл туралы тақпақ жаттайық. Менің соңымнан қайталап отырыңдар!

Monkey, monkey - маймыл,
М m әрпіне сай – бұл
2 - тапсырма:
Дәптермен жұмыс
- Дәптерлеріңді ашып «М m» әрпін
тауып, жазыңдар!
- Open your copy - books, find letter M m and write it!
3 - тапсырма:
«М m» әрпінен басталатын сөздер айту
- Балалар, тоқылдақтың тапсырмасын орындаймыз деп, шаршап қалған жоқсыңдар ма? Олай болса, сергіту жаттығуын жасайық
4 - тапсырма: Топтық жұмыс
Мнемотехниканы қолдану арқылы тақпақтар құрастыру
3 топқа бөлінеміз
Топтарға, отбасы, дене мүшелері және жануарлар жайлы мнемокесте таратамын
Mother Father
Sister Brother

Face Nose
Feet Toes

1 cat 4 frog
2 bat 5 rabbit
3 dog 6 bear

Сергіту сәті:
«Actions song for kids»

5 - тапсырма:
Сөздер қай әріптен басталады?
Үлкен дыбыспен кіші дыбыстарды сәйкестендір
Әріптерді рет - ретімен орналастыр
(Балалар ойылып, кесілген әріптерден желіммен жапсыру арқылы тапсырмаларды орындайды)

6 - тапсырма:
Let’s sing a song “ABC”

Рефлексивті түзету

Қорытынды
Біз тоқылдақтың тапсырмаларын орындап болдық. Енді, бізге жазған хатын оқып көрейік! Тағы қандай тапсырмасы бар екен.
Тоқылдақ: - Рахмет, сендерге балалар! Сендердің маған көп көмектерің тиді. Сендер сондай білімді екенсіңдер. Ормандағы аңдармен және жануарлармен достастырғандарың үшін алғысым шексіз! Сендерге алдағы уақытта сабақтарыңды жақсы оқып, тек «бес» деген баға алуларыңа тілектеспін! Сау болыңдар!
- Жарайсыңдар, менің ақылды балаларым! Сендер тоқылдақ қиналған кезде, көмектеріңді аямадыңдар. Олай болса, сабағымызды қорыту мақсатында, әріптер жайлы тақпақтарымызды айтып өтейік.
- Сендер қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабаққа кім жақсы қатысты?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Кімге ұнады - шапалақтаймыз?
- Кімге өте қатты ұнады - одан да қаттырақ шапалақтаймыз.
Сендерді шаттық шеңберге шақырамын.
Қонақтарымызбен қоштасайық!
Thank you, very much!
Our lesson is over!
- Good - bye, everybody!
Қоштасады
Балалар, өткен сабақтарда жаттаған әріптер туралы тақпақтарын айтады
Балалар, сабақтан алған әсерлермен бөліседі.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Good - bye, good - bye
Good - bye, good - bye, teachers!
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Өлең мен тақпақтарды жатқа айтып, ағылшын, қазақ тілдерінде тапсырмаларды топтасып орындай алады
Болу керек: Зейінді, ұқыпты, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған болу керек
Істей білу керек: Тоқылдақтың тапсырмаларын бұлжытпай орындай білуі керек
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×