Сайтқа кіру Тіркелу

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды енгізу

«Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды енгізу»

Мақсаты: Ағылшын тілі сабағында инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігін әріптестермен бөлісіп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосу, педагогикалық тәжірибе алмасу.

Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы. Инновациялық технологиялар қалай және қайдан пайда болады? Ол өркениетті елдердің бірін бірі тануы, байланысы, білім саласы бойынша тәжірибе алмасуынан болады. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарастар пайда болып, оқытудың технологиясы, яғни инновациялық оқыту технологиялары өмірге келді.

«Инновация» термині ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, аудармасы «жаңалықты енгізу». XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болған, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді.

Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет – тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу.

«Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ белсенділік» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ал өзім қазіргі уақытта ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы Үшінші (негізгі) деңгейі бойынша сертификатталып, Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінде жұмыс жүргізудемін. Бұл курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде Кембридж тәсілі бойынша оқытылатын бағдарламаның мақсаты, міндетімен, бағдарламаның жеті модулімен таныстым.

Олар:
1. оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу;
3. оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау;
4. оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5. талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. оқытудағы басқару және көшбасшылық

Ал білімімді алғаш рет курстың екінші бетпе-бет кезеңінде яғни мектептегі тәжірибе барысында қолдандым. Сертификатталған күннен бастап, курстан өткен мұғалімдерге қойылған талап бойынша жаңа үлгідегі
• қысқа мерзімді сабақ жоспары мен орта мерзімді сабақ жоспарын жазып, бекіттіріп, өзім сабақ беретін барлық сыныптарда жаңа тәсіл бойынша сабақ өтудемін. Біліктілікті арттыру курсынан өткен соң жүктеме бойынша бөлінген сыныптарда Кембридж бағдарламасының әдістерімен жұмыс жүргізіп жатырмын. Оң нәтиже көрсетуде. Әр сабақта оқушылар әртүрлі тәсілмен топқа бөліне отырып, сабақ тақырыбын ашады. Алдымен әр сынып оқушыларымен топтық ереже құрып алдық. Осы ережеге бағына отырып, уақытты тиімді пайдалануға, өз ой пікірін ашық айтуға, барлық оқушының сабаққа қатысуына көңіл бөлемін.
Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастады. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып бір - біріне түсіндіреді, ешқандай оқушы қалыс қалмайды. Постермен жұмыс барысында үлгерімі нашар оқушыларым сурет салып, бірі бояп, енді бірі күтпеген ой тастап, өздерін әр қырынан көрсетіп таң қалдырған жағдайлар болды. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып, барлығының өз ойын, пікірін жеткізуіне мүмкіндік беруге тырыстым, әр оқушының пікірі құнды екенін ұғындыруға, бір - бірінің пікірін бағалауға тәрбиелеп отырамын. Үлгерімі орташа немесе нашар оқушым білім деңгейі, қабілеті жоғары оқушыдан кейін қайталаса да өз ойын айтып, сабаққа қатысуы бір қадам болса да ілгерілегенін байқадым.

Сабақ соңында қолданылатын стратегия «шығу парағын» оқи отырып, оқушыларымның жымиған және мұңайған смайликтің тұсына сабақ барысы, өз пікірі жайлы ашық жазғандары менің келесі сабақты қалай жоспарлауыма, жіберген қателіктерімді түзетуіме өз көмегін тигізіп отырады. «Оңайдан қиынға тәсілін» қолданғанымда оқушыларымның шамасы келетін сұраққа жауап беріп, талпынуы менің жеке тәжірибемнің теориямен ұштасқан жемісі деп түсіндім.

• Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық модулі бойынша сынып оқушыларына бағыт - бағдар бере отырып, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға жас ерекшелігіне сай тапсырмалар ұсынамын. Жеті модульдің бірі оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану болғандықтан арнайы интербелсенді тақтамен сынып бөлмем /ағылшын тілі кабинеті/ жабдықталмағандықтан, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған мультимедиялық кабинетке бекітілген кесте бойынша кіріп, флипчарттар мен слайдтар көмегімен, электронды оқулықты қолдана сабақ өтуге тырысамын. Ең бастысы бұл тәсіл оқушылар тарапынан қолдау табуда.

Ал мектеп ұжымына курстан келгеннен кейін, мектепішілік семинар ұйымдастырып, бағдарламаның мақсаты, міндетімен таныстырып өттім. Тек қана оқушылар ғана емес, мектептегі әріптестер тарапынан да қолдау мен қызығушылық туындауда. Оның нәтижесін 25. 01. 2013 «Өрлеу» АҚ Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы ұсынған сауалнамаға Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінің әкімшілік ұжымы мен қатар Кембридж тәсілі бойынша сабақ өткізіліп жатқан 8 - сынып оқушылары, ата - аналары және сертификатталған мұғалім жауап беру барысында анықтадым.

Сауалнама алудың мақсаты жалпы орта мектептердегі оқу үрдісіне Кембридж тәсілін енгізудің нәтижесін, тиімділігін анықтау, мәселелерді бірлесе шешу екендігі түсіндірілген соң барлығы дерлік қатысып, жауап беру нәтижесі есеп түрінде, арнайы кесте түрінде оқу бөліміндегі әдіскерлерге тапсырылды.

Сонымен қатар Жамбыл аудандық оқу бөлімінде осы бағдарламаны игерген ұстаздар қауымына жетекшілік етіп отырған әдіскер Салтанат Сабитовнаның ұйымдастыруымен өткен семинарларда панорамалық сабақтарымды көрсетіп, 6. 02. 13 күні мектебімізде өткен аудандық директорлар семинарында Кембридж бағдарламасындағы жаңа әдіс - тәсілдер бойынша ашық сабақ көрсетіп, әріптестеріммен тәжірибе алмасудамын. Әдіскердің басшылығымен курс тыңдаушыларының қауымдастығы құрылып, пән бойынша топтасуымыз әрі қарай жұмыс жүргізуімізге өз көмегін тигізуде.
Осы бағдарлама бойынша алған білімімді әрі қарай жетілдіріп, тәжірибе алмасып отыру менің міндетім деп түсінемін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер...
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу....
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке...
Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік т ...

Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік т ...

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×