Мақсаты: қарттарымызға психологиялық қолдау көрсету. Көңіл - күйлерін көтеру, сергіту, жалғыз емес екендерін сездіру.
Құрал - жабдықтар: үлестірмелі қағаздар(тілек жазылған), түрлі суреттер, бейнеролик, презентация, әуезді әуен.
Тренингтің жүру барысы. Тренинг ережесімен таныстыру.
Жүргізуші: Құрметті де қадірлі қонақтар, қош келдіңіздер! Сіздерді келеді деп естігелі, қуанышымыз қойнымызға сыймай, асыға күттік.
Сіздердің құрметтеріңізге ән арнаймыз.
«Танысу» тренгингі. Менің есімім Асыл. Менің көңіл - күйім керемет!
Қазір сіздерге бірнеше суреттер көрсетемін, сіздер өздеріңізге ұнаған суретті таңдаңыздар. Сол сурет бойынша мен сіздердің мінез - құлықтарыңызды, қандай адам екендеріңізді біліп аламын.
Орман таңдаған жандар – жайсаң мінезді, көпшіл, дана, дарынды жансыз.
Машина таңдаған жандар – сіз үшін ақша маңызды. өміріңіз өте қызықты, машинаның жылдамдығындай өміріңіздің барлық жағын, аспан мен жердің арасындай тең ұстайсыз.
Көкөніс таңдаған жандар – денсаулығына аса мән береді екенсіз, сымбатты болып жүргенді жаныңыз қалайды әрі салауатты өмір салтын ұстанасыз.
Гүл таңдаған жандар – өте нәзік әрі сезімтал, сіздің жүрегіңіз махаббатқа толы. Адамдарға нұрыңызды шашып, әрқашан да көмектесуге дайын тұрасыз.
Бағдаршам таңдаған жандар – жан - жағыңызды бағдарлап жүресіз. өзіңіздің белгілі бір ережелеріңізге бағынасыз.
Айдаһар таңдаған жандар – ойыңыз өте ұшқыр. Америкада, Жапонияда болсаңыз, сіз өте танымал адам болар едіңіз. Сізбен қай қалаға саяхаттаса да, жолаушының тілін таба білесіз.
Цирк таңдаған жандар – сіз қалжыңқой, ортаның адамысыз. Достарыңыз сізді әрқашан да орталарында болғаныңызды қалайды. Адамдарға қуаныш сыйлайсыз.
Егер осы аталғандармен келіссеңіз, екі рет қол шапалақтаңыз.
«Сыйлық» тренингі. Бір - бірімізді білдік, енді сыйлық сыйлайтын уақытта келді. Қазір мен сіздердің құлақтарыңызға бір заттарды сыбырлаймын, сіз сол затты қасыңыздағы көршіңізге сөйлемей, қолмен көрсетіп сыйлауыңыз керек. Ал, ол көршіңіз сіздің не сыйлап тұрғаныңызды табуы керек. Жақсы ендеше бастаймыз.
Сыйлықтар: пирожки, жираф, отырғызылған ағаш, окорачка, велосипед, машина, торт, кітап, көйлек, сақина, гүл.
Рахмет! Өте жақсы таба білдіңіздер.
«Көңілді сұхбат» тренингі. Келесі бөлімімізде мына бірінші себеттен сұрақтарды таңдаймыз. Ал, екінші себеттен сол сұрақтардың жауабын таңдаймыз. Мысалы, сіз Шварцнегрді танисыз ба? Жауаптан – ия, танимын, бірақ оны құпия сақтап жүрсем...
«Релаксация». Табиғатта серуен.
Ыңғайлы және еркін отырыңыздар. Көзде жұмыңыздар. өздеріңізді орманда жүрмін деп есептеңіздер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сіздің жаман көңіл - күйіңіз кетсін. «Иә» менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі жаңа ашылған раушан гүлі сияқты. Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс береді. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз
«Кофе - брэйк». Ал, енді ауқаттанып алайық.
«Джунглидағы жаңбыр» тренингі. Шеңбер болып отырамыз. Джунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа - райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық жел және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты. (менің айтуым бойынша қимылдарды бір - біріміздің арқамызға жасаймыз).
Рефлексия. «Сергіту» сіздермен қоштасатын уақытта келді. Алайда, сіздермен бір би билемей, жібергіміз келмей тұр. «Қызыл өрік» әніне сергіту жаттығуын қайталап билеу.
Сіздерге және азғантай сыйлығымыз да бар. Қабыл алыңыздар. Ішіне мынадай:
Күн сияқты болыңыз!
Күн - жақсы мен жаманға, жануар мен өсімдікке, тіпті, еріп балқымайтын тасқа да нұрын шашып, мейіріміне бөлейді!
Сіз күн болсаңыз да, тас секілді адамдар болады. Олар - жүрегіңізді жаралайды, күйе жағып қаралайды. Олардың алдында ақталмаңыз! Себебі, күнге күйе жағылмайды!
Күлімсіреп жүру, көңілді жүру - өміріңізді ұзартады.
Өмір фортепиано пернелері секілді, ақ пен қарадан тұрады. Қап - қара, нұрсыз түннен кейін, шапағын шашып, мейірімін төгіп күн шығатыны секілді, әрбір қиыншылықтан соң, жеңілдік келетінін ұмытпаңыз! Мұңаймаңыз, өткенге өкінбеңіз,
Жақсылықтан үмітіңізді үзбеңіз!!!
тілектер мен кеңестер жазылған әдемі үлестірмелі қағаздарды гүл шоғы бейнесінде үлестіру.
Аман - сау болыңыздар! Бізге қонаққа келгендеріңізге мың алғыс.
БҚО, Орал қаласы
№5 ОЖББМ
Сабырова Асыл Абайқызы
Ардақты асыл жандар, ардагерлер, қартаймаңдар!
- Asyl_93
- 2 желтоқсан 2016
- 5768
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қариялар аман болсын, сергіту сәті, джунглидағы жаңбыр
Ұқсас жаңалықтар:
Қайырымдылық жасаудан жалықпайық
Душар болып жалғанның сынағына, Жандар бар ғой зар болған бір адымға. Үлдеменен бүлдеге орамай - ақ, Сен солардың хал - жағдайын сұрадың ба?...Педогогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу....Менің әйбат есімім
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С. Шапағатов селосы, №1 мектеп - лицейі жанындағы "Балдәурен" шағын орталығында педагог - психолог Ерекешова...Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыд ...
№262 мектеп-гимназия мұғалімі Ембергенова Әсем Салауатовна Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету...«Арулар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты кештің бағдарламасы
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №5 кәсіпітк лицейдің математика пәнінің мұғалімі Қараев Дархан Жылқайдарұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.