Сайтқа кіру Тіркелу

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету бағдарламасы

№262 мектеп-гимназия мұғалімі
Ембергенова Әсем Салауатовна

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан түзету бағдарламасы

Мақсаты – жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық түзету.
Қатысушылар: 9 сыныптар
Мінез – құлқында ерекшелігі бар жасөспірімдермен жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың тапсырмалары:

1.Тұлғаның адамдық типтерінің қалыптасу ерекшеліктерімен жасөспірімдерді таныстыру.
2.Мінез – құлықтағы ауытқушылықтың алдын алу бағыттары мен формаларымен жасөспірімдерді таныстыру.
3.Агрессивтілік деңгейінің төмендеуі.
4.Эмоционалдық мазасыздықтың төмендеуі.
5.Қарым-қатынастың тиімді тәсілдеріне үйрету.
6.Мінез-құлықтағы акцентуация деңгейін төмендету.
7.Жасөспірімдердің тұлғалық эмоционалды аумағын түзету.
8.Рөлдік ойындардың көмегімен мінез – құлықты түзету.
9.Жасөспірімдерге өзін-өзі бағалауын қалыптастыру.
10.Ауторелаксацияға оқыту.

Түзету бағдарламасын өңдеу бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Ағартушылық кезеңде – жасөспірімдермен әңгімелесу, дәріс оқу.

Мақсаты – жасөспірімдерді мінез – құлықтағы ауытқушылықтың алдын алу бағыттары мен формаларымен таныстыру.

Міндеті: Жасөспірімдерді тұлғалық типтің қалыптасу ерекшеліктерімен таныстыру.
Келесі кезең – жасөспірімдердің мінез – құлық деңгейінің ерекшеліктерінің көрсеткіштерін түзетуге арналған ойындар мен жаттығуларды жинақтау. Бұл кезеңнің мақсаты жасөспірімдердің тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін түзету болып табылады.
Бағдарлама мектепішілік педагогикалық кеңес отырысында талқылауға ұсынылады.

Психокоррекциялық жұмыстың әдістемелік негізі:
Мектеп әкімшілігі, ата-аналар, мұғалімдермен әңгімелесу барысында қазіргі таңда жасөспірімдердің мінез – құлқындағы ерекшеліктер үлкен мәселе туындатып отырғанын көріп отырмыз. Ол жасөспірімдердің дау-дамайға көп түсуі, өзін-өзі басқара алмай қалуы т.б. болып табылады. Баланың дамуы өзінің мәдени - әлеуметтік ортаға кіруімен сипатталады, яғни баланың әлеуметтенуі және бейімделуінің қалай жүріп жатқанына тәуелді. Психокоррекциялық жұмысты жүргізуді мектеп әкімшілігінен, ата – аналардан және жасөспірімдердің өздерінен рұқсат алу қажет. Кіші топта жасөспірімдер арасындағы табиғи өзара іс - әрекетте арнайы механизмдер көрініс береді; мұндай арақатынас үрдісінде жасөспірімдер бір – бірін жеткілікті түрде танып алады. Өзін және басқаларды түсінуге үйренеді, қабілеттерін көрсетеді, қандайда бір жағдайда нені іске асыру керектігін біледі. Тренингті жүргізушінің мақсаты – балалардың іс-әрекетінде тең құқықтың сақталуын қадағалау. Бағдарлама сабақтың мақсатын сақтай отырып, оның басқа бөлімдерін тапсырмаларын, жаттығуларын, материалдарын, тапсырманың өту ұзақтығын өзгертуге болатындай етіп жасалған. Жаттығулар сабақтан тыс уақыттарда өткізілетін болғандықтан сабақ кестесі қысқартылған күндері таңдалынып алынғаны жөн. Әрбір сабақ балалардың эмоциялық жағдайы мен қызығушылықтарына байланысты 40 минуттан 1,5-2 сағатты қамтуы мүмкін.

Сабақ құрылымы: Барлық сабақтардың құрылымы бірдей, және олардың жеке компоненттерін ауыстыруға, орындарын өзгертуге болады.

Сабақ жалпы түрде төмендегідей беріледі:
1. Сәлемдесу, қоштасу рәсімі;
2. Әңгіме, дәріс, пікірталастар;
3. Байланыс ойындарын, психологиялық үрдістерді жаттықтыруға арналған этюдтер, әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлық үлгілерін өңдеуге байланысты этюдтер;
4. қозғалмалы ойындар және динамикалық релаксациялар;
5.психотехникалық жаттығулар; сезім мен эмоцияны өңдеуге арналған этюдтер, әртүрлі жағдайлардағы мінез – құлық үлгілерін өңдеуге байланысты этюдтер;
6. Қозғалмалы ойындар және динамикалық релаксациялар;
7. Аутогендік, тыныс алу жаттығулары, медитация;
8. Кезекпен талқылау және еркін сурет салу арқылы психотерапевттік оқиғаларды тыңдау;
9. Жеке суреттердің сюжеттерін әңгіме және пікірталас арқылы талқылау;

Қажетті құрал – жабдықтар:
a.Магнитофон;
b.Медитация және релаксацияға арналған әуендері бар күйтабақ;
c.Сезімдер мен эмоциялар жазылған бланктар; жағдаяттар жазылған карточкалар; жағымды қасиеттер жазылған бланктар;
d.Скотч, қайшы, түрлі-түсті қағаз;
e.Сурет салуға арналған қағаз, түрлі –түсті қарындаштар, парақтар, қаламдар, бояу, қылқалам.

Жұмыстың эффективтілік қағидалары жасөспірімнің тұлғалық жеке қасиеттерінің дамуы, оның шығармашылық талаптарының ашылуы, ішкі дүниесінің тынышталуы, өзін - өзі бағалаудың адекваттылығы, мінез – құлық көріністерінің жағымды динамикасы, мазасыздық деңгейінің түсуі, эмоционалды кернеуінің, агрессивтілік деңгейінің төмендеуі болып табылады.
Жасөспірімдердің тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін түзетуге арналған бағдарлама 6 сабақтан тұрады.

№ 1 сабақ
Уақыт – 40 минут. Дәріс. Оқушылармен нағыз қазақтарға тән мінез-құлық жайында әңгімелесу.
Мақсаты: қазіргі таңда жасөспірімдер мінез-құлық ерекшеліктері өзгеріп, шетелден көптеген ақпарат құралдары (интернет, теледидар) арқылы қазақ менталитетіне, мінез-құлқына жат көптеген мәліметтер алуына байланысты, алдын-алу шаралар жүргізіп, дәрістер оқу, әңгімелесу.
Қоштасу рәсімі.

№ 2 сабақ
Уақыты – 55 минут.
Дәріс «Өз сөзімнен бастап...».
Мақсаты: жасөспірімдерге сөйлеу мәдениетінің біздің өмірімізге, денсаулығымызға әсер ететіндігі жайлы мағлұмат беру.

«Эмоция теңізінде» жаттығуы
Нұсқау: Қане, қайсымыз әртүрлі сезімді бейнелейтін атауларды көбірек атар екенбіз? Кезекпен сөзді айтып оны плакатқа жазып кетесіз.

Жүргізушіге кеңес: мақсатымыз қатысушылардың эмоциялық сөздік қорларын байыту. Бұл жұмысты топтар аралық жарыс не «миға шабуыл» түрінде ұйымдастыра аласыз. Жұмыстың нәтижесі ретінде – плакатқа жазылған сөздерді сабақтың барлық бөліктері барысында қолдануға болады және жұмыс барысында бұл сөздерді толықтырып отыруға болады. Бұл топтың эмоциялық сөздігі болып табылады.
Талдау: аталған сезімнің қайсысы саған басқасына қарағанда көбірек ұнайды? Сеніңше, қай сезім ең ұнамсыз? Саған осы сезімдердің қайсысы (жағымды не жағымсыз) көбірек таныс?
Жүргізуші бір сезімді іштей ойлап жасырады. Содан кейін тол шеңберден теріс бұрылып тұрып көрсетпей, «шурум-бурум» деген сөзді ғана сипаттайды.
Қоштасу рәсімі

№3 сабақ
«Сезім» жаттығуы
Уақыты – 45 минут
Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл – күйді, эмоцияны сезіне білуді үйрету.

Жаттықтырушы: қазіргі көңіл – күйлерін фломастермен қағаз бетіне эмоцияларды бейнелей отырып көрсетулерін тапсыру.
Нұсқау: сіздің алдыңызда түрлі сезімдер келтірілген. Сөйлемді аяқтаңыз:
•Менің алдымнан шыға келсе, онда мен ... сезінемін.
•Кішкентай баланы көргенде, мен ... сезінемін.
•Танымайтын адамды көргенде, мен ... сезінемін.
•Бірге оқыған сыныптастарымды көргенде, мен ... сезінемін.
•Менің танысым тоқтай қалып, қалтасына қарады, мен ... сезінемін.
•Мен біреумен сәлемдескенім, бөтен болып шықты, мен ... сезінемін.
•Мен ескі махаббатымды көрдім, мен .. сезінемін.
Қоштасу рәсімі

№4 сабақ
«Иә» жаттығуы
Мақсаты: Мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету
Ұзақтығы: 20 минут
Мәтін: көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп елестетіңдер.
Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындадың. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып тыныштықпен үйлесімге кел. Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын, «иә» деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін ертеңіңізге күлімдеңіз, бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылып бүкіл денеңізге хош иіс таратады. Өзіңізге айтыңыз «Мен бақытты, салмақты болғым келеді, әлі мен сондай боламын».

Қоштасу рәсімі.

№5 сабақ
«Өз көңіл – күйін бейнелеу» жаттығуы
Тапсырма:
• Өз көңіл – күй, сезім, эмоциясын саналы басқару қабілетін дамыту.
• Басқа адаммен әсерлену өз сезімі мен көңіл – күй ыңғайластыру қабілетін дамыту.
• Орындау уақыты: 30 минут.
• Жүргізілу барысы: балалар өз қалауындағы суретті салып, өздерінің көңіл – күйлеріне қатысты оны түрлі – түске бояйды.

№6 сабақ
«Бәріне ортақ зейін» жаттығуы
Мақсаты:
• қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын ұштастыра білуді дамыту;
• қарым-қатынас құралдары арқылы қоршағандардың зейінін аудару дағдыларын қалыптастыру.
Ойынға қатысушылардың барлығына қарапайым бір тапсырманы орындау жүктеледі. Физикалық әрекеттерге жүгінбей, кез-келген құралдар арқылы қоршағандардың зейінін өзіне аудару керек. Барлық қатысушылар бұл тапсырманы бір мезетте орындайды. Соңында кім, қандай құралдар арқылы басқалардың зейінін өзіне аудара білгендігі талқыланады.

Жаттығуға 15 минут уақыт беріледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ардақты асыл жандар, ардагерлер, қартаймаңдар!

Ардақты асыл жандар, ардагерлер, қартаймаңдар!

Мектебімізге қарттар үйінен қарияларымыз келген болатын, сол кезде ұйымдастырылған шараммен сіздермен бөліскім келеді....
Сынып жетекшісінің портфолиосы

Сынып жетекшісінің портфолиосы

Сынып жетекшісі білуі тиіс: • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын • Бала құқықтары туралы конвенцияны...
Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері

Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері

Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл - ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс - әрекет ерекшеліктерімен бейнеленеді. Студент...
Студенттердің психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтау

Студенттердің психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтау

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз...
Жасөспірім кезеңіндегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету жолдары.

Жасөспірім кезеңіндегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету жолдары.

Девиантты мінез - құлыққа қандай да бір конструктивті бағытты қолдану мүмкін емес. Себебі ол жасөспірімді тепе - теңдік жағдайынан шығарып,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×