Сайтқа кіру Тіркелу

ҚР банк жүйесі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі.
Мақсаттары:
а) білімділігі:
ә) тәрбиелілігі: Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыруда оқушының рухани даму деңгейі жоғары тұлға ретінде жетілуіне жағдай туғызу.
б) дамытушылығы: Оқушыларға банк жүйесін таныстырып және олардың қызметі, міндетін үйрете отырып олардың ақыл - ойын, рухани дүниетанымын дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, экономикалық теория.
Сабақты жоспарлау: 1. Ұйымдастыру
2. Сабақ тақырыбы
3. Сабақтың барысы
4. Сұрақтар тiзбесi
5. Сергіту ойыны
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Сабақтың көрнекіліктері: Сызбалар, тірек сызбалар, тірек сөздер, баяндама, қоржын, кроссворд, пеш жағу ойыны, ақшалар т. б.
Сабақтың барысы:
Екі топ болып оқушылар отырады. Бірі – «Ұлттық банк», екіншісі – «Коммерциялық банк». Жалпы сабақ төрт турдан тұрады. Әр турға 25 ұпай беріледі. Соңында ұпай саны 100 болу керек. Ұпайлар ақшамен алмастырылып екі жақтың қоржынына яғни кассасына салына береді. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
1. Таныстыру. Яғни әр топ өз топтарының атын таныстырып өтеді. Өз банктерін таныстырады.
2. Полиглот. Қалып қойған сөзді табу. Банк жүйесіне байланысты сөйлемдер оқылады, сол сөйлемнің ішіндегі көп нүктенің орнына сөз қойып, оның орысша, ағылшынша баламаларын табу керек.
1. Орталық банк бірінші деңгейдегі … банк. (мемлекеттік)
2. Банк жүйесі сегменттелген және (әмбебап) банктік құрылымдардан құралады.
3. Қазақстанда эмиссиялық банк (Ұлттық) банк болып табылады.
4. Өз клиенттеріне бір - екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Олардың бірі (инвестициялық) банк.
5. Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретіндегі несиелік мекемелердің (көтерме) операциялардан (бөлшек) операцияларға өтуін атап көрсетуге болады.
6. (Еншілес) банк – жарғылық қордың 50%- нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
7. (Басқарма) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды.
8. Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін (жинақ) кітапша береді.
9. Белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражат (салым) деп аталады.
10. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір (шығындар) шығарады.

3. «Пеш жағу» ойыны.
Қай топ бірінші болып сұрақтарға жауап беріп, бірінші мұржаға жетсе, сол пеш жаққан болып есептеледі.
1. Банктік қызмет түсінігі.
Банктік қызмет – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру.
1. Банк дегеніміз не? Оның мәртебесі қандай?
Банк ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
1. Банк өз қызметін қалай тоқтатады?
Банк өз қызметін – құрылтайшылардың шешімімен, Ұлттық банкінің лицензияны қайтарып алуымен, соттың шешімімен тоқтатады.
1. ҚР Ұлттық банктің қызметі қандай?
ҚР Ұлттық банктің негізгі қызметтері мыналар:
– айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша - несие саясатын жүргізу.
– Ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру және Республикада қолма - қолсыз есеп айырысуды іске асыру.
– Инвестициялық қызмет.
– Екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау.
1. ҚР Ұлттық банкінің «банктердің банкі» роліндегі қызметі.
2. ҚР коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметі қандай?
3. Банк филиалы дегеніміз не және Ақтау қаласындағы банк филиалдарын ата.
4. ҚР қандай банктік жүйе құрылды?
5. Қазақстандағы банктердің ұйымдастырылу құрылымы қандай?
6. Тәуекел деген не? ҚР қандай банктік тәуекелдерді білесіздер?

4. Сөзжұмбақ шешу.
1. Қарызды ұсынушы. (Кредитор)
2. Клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беру немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. (овердрафт)
3. Ұлттық банк қандай операциялар арқылы несие береді? (репо)
4. Өнімдерді сату процесінде контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырысын банкке сату.(факторинг)
5. Ұлттық банк тек қана кімге есеп береді? (Президент)
6. ҚР Ұлттық банкі қандай банк? (эмиссиялық)
7. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін қандай категориялардың бірін ескеру керек. (жоғалтулар)

Бағалау: Оқушылардың әр қайсысын жауап берулеріне қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма: ҚР банк жүйесін оқып келу. Кроссворд құрастыру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Интернет қызметтері

Интернет қызметтері

Сабақтың мақсаты: а) білімділік:Ауқымды интернет желісі жөніндегі білімді игерту, интернетпен жұмыс жасау барысы туралы жан - жақты түсіндіру;...
Туындыны есептеу ережелері

Туындыны есептеу ережелері

Сабақтың тақырыбы. «Туындыны есептеу ережелері» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік; оқушылардың дифференциялаудың негізгі формулаларын пайдаланып туынды...

"Анама хат" тәрбие сағаты /3-4 сыныптарға арналған/

Палодар облысы, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байгалиева Сауле Сабетевна...
Өткенді пысықтау

Өткенді пысықтау

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп - бала бақшасы бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гульмира Таңжарбаевна Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау...
Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні

Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Сабақтың мақсаты: а) айнымалысы бар өрнектің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×