Қазіргі кезеңде бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқыту үрдісін ізгілендіру, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында инновациялық технологиялар кеңінен қолданылуда. Барлық жаңа технологияның мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. Осы орайдағы мұғалімнің шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар, педагогика ғылымындағы жаңа әдіс - тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануынан көрінеді.
Осыған орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары алдында бүгінгі күн талабына сай ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінетін, тілді жақсы меңгерген, шығармашылықпен жақсы жұмыс істейтін, қарым - қатынас жасай алатын біліктілігі дамыған тұлға даярлау міндеті тұр. Уақыт талабына сай мен өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастыруға талпынып отырамын. Технологиялардың ішінде дамыта оқыту технологиясын дамыта оқыту жүйесі ретінде жүйелі қолдануға тырысамын.
Оқыту мен дамыту арасындағы байланысты Л. В. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Л. В. Занков т. б. ғалымдар түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Баланы оқыта отырып дамыту, бала бойындағы еркіндік, мақсаткерлік, ар - намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік және т. б. қасиеттерді дамыту.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды ұстанымының бірі – теориялық білімнің жетекші рөлі, ұстанымы теорияны жаттау, терминдерді есте сақтау емес, оқыту барысында түрлі ой операциялары арқылы теориялық ойлауын дамыту болатын болса, оқушылардың келтірілген мысалдардан анықтама, ережелерді өздері шығарып, мысалдармен дәлелдеп, қорытынды, талдау жасауы олардың жаңа білімді меңгергенін байқатады.
Дамыта оқытудың нәтижесі оқушының өзін - өзі бақылауы, өзін - өзі бағалауы, рефлекция. Бұл кезеңде дәстүрлі бекітумен бірге оқушылардың өзіне - өзі қорытынды бағалауы жүргізіледі.
«Нені білдік, нені үйрендік» деген сұраққа бастауыштың қандай сөйлем мүшесі екендігін, бастауыштың жасалуын, кез келген сөз табының бастауыш бола алатынын, бастауыштың өзіндік ерекшеліктерін санамалап атап, қорытындыланады. Сонымен қатар:
1. Бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің маңызы зор екендігі
2. Өскен ортаның да ықпалы күшті екендігі
3. Адам мінезін түзеуге болатыны
4. Жақсы қасиеттерді бойға сіңіру үшін талаптану, еңбектену, ғылыммен, өнермен айналысу керектігі
5. Халқымыздың Ұлы адамдардың өнегелі, қысқа да нұсқа мағынасы терең сөздерінің тәрбие берудегі рөлі ерекше екенін айтып, тұжырым жасауы.
Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Берілген тапсырма да баланың ойлауын дамытатын, шығармашылық қабілетін шыңдайтындай болу керек.
Ойды көркем, бейнелі жеткізетін, сөздің нәрін де, сәнін де келтіретін тұрақты тіркестер, оның түрлері мен шығу арналарын білгенмен, кейде оқушылардың тұрақты тіркестердің мағыналарын жете түсіне бермейтіндігі қынжылтады. Өйткені олар күнделікті өмірде ондай бейнелі сөздерді қолдана бермейді. Сондықтан күнделікті өмірде, шығармашылық жағдайда халқымыздың осындай асыл сөздерін қолдана біліп, сөз қадірін, сөз құдіретін түсінуіне жағдай жасап, сөздік қорын дамыту үшін жүргізілген жұмыстарға қысқаша шолу.
Оқытушы мен оқушы арасындағы ынтымақтық, өзара сыйластық оқушының өз ойын еркін, сеніммен айтуына жағдай жасайды. Ол үшін оның әрбір жауабын мұқият таңдалынады. Оқушының пікірімен санасу оның дамуына да көп әсері болады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың нәтижелігінің басты көрсеткіштері ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, қорытындылай, дәлелдей білу болып табылса, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ойланып ізденуіне, өз бетімен жұмыс істеп, қорытынды жасай алатындай, адамгершілікке тәрбиелеуге жетелейтіндей тәрбиелік, танымдық маңызы бар, пайымдауды, ойлануды, жүйелеу және дәлелдеу сияқты операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей тапсырмалар әдебиет пен баспасөз материалдарынан, түрлі жаттығу жинақтарынан, не белгілі бір ақын не жазушылардың шығармаларынан сұрыпталып алынады.
Қорыта келгенде, өз пікірін, өз ойын қорғай алатын, шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетінше шешім қабылдай алатын дара тұлға тәрбиелеуде дамыта оқытудың өзіндік үлесі болары сөзсіз.
Дамыта оқыту технологиясын арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
- elshibai_urbugul
- 1 қараша 2014
- 5787
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дамыта оқыту технологиясын арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын ...
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату....Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...
Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны...Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің Физика - математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.