Алға қойылған мақсат – 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу.
XXI ғасыр мектебі жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастырады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бүкіл білім беру жүйесін жаңалауды, оны оқушылардың жас, жеке дара психологиялық және шығармашылық қабілеттеріне лайықтауды қажет етеді. Баланың бойында оның өміріне қажетті іс - әрекет тәсілдері мен технологияларын қалыптастыруға негізделген оқытуды ұйымдастырудың амал - тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау – қазіргі таңда кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелердің бірі.
12 жылдық білім берудің мақсаты:
• Өз ойын еркін айта алатын;
• Өзін көрсете білетін;
• Өзін - өзі дамыта алатын;
• Жоғары білімді;
• Ұлттық тілді;
• Тарихты жетік меңгерген;
• Бәсекеге қабілетті;
• Отандық, әлемдік мәдениеті бойында қалыптасқан;
• Шығармашылығы дамыған ТҰЛҒАны қалыптастыру.
Бұл мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:
- Тәрбиелеу және дамыту іс - әрекетін ұйымдастыру;
- Құзіреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;
- Оқушының ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат - мүдделері мен қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
Оқу – бұл, ең алдымен, бұл үрдіске қатысатын адамдар арасындағы қарым - қатынас. Мұғалім – оқушы мен оқу материалы арасындағы дәнекер. Ендеше, мектептің дайындығы, көбіне, мұғалімнің әр оқушының ерекшелігін байқап, түсініп, ескере алу қабілетіне және өз шәкіртіне көмектесе алу біліктілігіне байланысты.
Мұғалім дайындығының екі аспектісін атайтын болсақ, олар:
1. Баланың даму ерекшелігін білу, оқушылардың қиындықтарын ғана байқап қоймай, олардың мықты жақтарын анықтауға көмектеседі.
2. Оқыту методикасы жағынан жақсы дайындалған болу, жағдайды дұрыс бағалап, оны шешудің тиімді әдістерін табуға көмектеседі.
Демек, мұғалім
а) жаңа оқу материалымен таныстыруда әр түрлі әдістерді қолдана білуі керек;
ә) оқытуда, әр оқушының өз өмірлік тәжірибесі мен даму деңгейіне сәйкес, білімді меңгеруіне мүмкіндік беретін тапсырмаларды қолдануы керек;
б) оқушыларға өз жетістіктерін көруге жағдай туғызуы керек.
Бұл мақсат - міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесі оқытудың жаңа технологияларын: жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін т. б. қолдана отырып, оқытуды ұйымдастыруы қажет.
Мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан - жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой - өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан - жақты дамып, өз ой - пікірін еркін жеткізе алатын болады. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағытталған тәсілді қолдану.
Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан - жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Бала оқу үрдісінің субъектісі бола отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.
Білім беру мен тәрбиедегі тағы бір бағдар – бұл «қалай дамыту керек?» деген сұраққа жауап беретін іс - әрекеттік бағдар. Мұның мәні қабілеттер іс - әрекетте байқалып, дамиды дегенді айқындайды. Екі жағдайда да адамның қарқынды дамуы оның қабілеті мен бейімділігіне сәйкес іс - әрекет барысында жүзеге асады. Іскерлік бағдардың маңызды оқыту әдістерінің бірі - зерттеулік әдіс. Осы бағытта білім алып отырған әрбір жас жеткіншек қоршаған ортаны әр қырынан зерттей отырып, өз бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс.
Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл - зерттеушілік ізденіс кез - келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс - әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.
Соңғы жылдары өз тәжірибемде тиімді қолданып жүрген тәсілдер қатарына шебер - сыныпты жатқызар едім. Бұл екеуі бір - бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін толықтырады, сондықтан бұларды бірге қолданған да тиімді. Бұл мұғалімге өз оқушыларының ерекшеліктерін байқап, ескере отырып білім беруіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы мақсаты 12 жылдық мектепте әдіскердің жұмыс жасау жолдарымен таныстыру. Құзіреттілік тапсырмаларды көрсету. Құзыреттілік тапсырмалар жасау, 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу.
Күтілетін нәтиже 12 жылдық мектепте жұмыс жасау жолдарымен танысады. Құзіреттілік тапсырмаларды талқылайды. Құзыреттілік тапсырмаларды жасай алады.
Негізгі
идеялар 12 жылдық мектепте оқушыларды бірінші негізгі кезеңде тәрбиелеу
Сабақ бойынша әдіскердің жазбалары:
(мұғалімдер немен айналысады)
І. Мұғалімдерге жағымды ахуал туғызу, назарын аудару, топқа бөлу (2 - 3 минут)
Мұғалімдер 3 түрлі оқушының суреттерінің қимасын құрастыра отырып, топқа бөлінеді.
1сурет «Шабыт»,
2 сурет «Талант»,
3 сурет «Қабілет»,
4 сурет «Экстернат» деп аталады.
Топ 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыны анықтайды.
ІІ. Суреттердің артына талқылау сұрақтары беріледі. (5 минут)
- 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу жағдайында жекеленген пәндер бойынша бейінді бағытта оқыту: тұжырымдамалық идеялар мен тәжірибелер?
- 12 жылдық білім беру мектебінде мұғалімнің кәсіби - шығармашылық деңгейін қалай көтереміз?
- Баланың бойында оның өміріне қажетті іс - әрекет тәсілдері мен технологияларын қалыптастыруға негізделген оқытуды ұйымдастырудың амал - тәсілдері?
Экстернат деген не?
ІІІ. Тренинг ( 10 минут)
Математикалық тапсырманы орындау. Бірнеше тәсілдерді ұсыну.(3*14)
Әр топ өз пәндеріне қарай құзіреттілік тапсырма дайындау.
Әр топ бір - біріне дайындаған жұмыстарын көрсете отырып, екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.
ІV. Жұптық жұмыс
«12 жылдық мектеп мұғалімдеріне арналған тапсырмалар» (15 минут)
Арнайы дайындалатын құзіреттілік, деңгейлік, кеңейтілген тапсырмаларды айта отырып, құзіреттілік тапсырма түрлеріне тоқталу
Ү. Жеке жұмыс (10 минут) Құзіреттілік тапсырмаларына қойылатын талаптар
ҮІ. Топтық тренинг (15 минут)
Бұл әдістерді, әсіресе, ақпараттық құзыреттілікті дамытудың тиімді жолы деп білемін. Себебі бұл жұмыстың барысында логикалық операциялардың әр түрлерін: талдау, жинақтау, қорыту, ұқсастығы бойынша топтау, жүйелеу сияқты операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдейді, сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде қорытынды жасайды.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру барысында 12 жылдық мектеп мұғалімінің интеллектуалдық қабілеттері: талдау, жинақтау, салыстыру, өз ойын қорытып айту, дәлелдеу, жүйелеу сияқты біліктері дамиды.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
- Аселжан
- 13 мам 2014
- 28694
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
Ұқсас жаңалықтар:
Баяндама. Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік
«Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым - қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл -...Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі
Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қобыланова Айгүл Күлмашқызы...Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану...12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дай ...
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №170...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.