Тақырыбы:«Мамандық және тұлға»
Сәлемдесу
Қатысушылар бір бірімен амандасып өзін қысқаша таныстырып шығады.
«Визитная карточка»
Әр қатысушы өзіне визитная карточка дайындайды: қағаз бетіне үлкен әріптермен өзінің аты - жөнін, ұранын немесе басқаларға сәлемін жазады. Бұл карточкаларды кеуделеріне жапсырьш, бәрі сыныпқа кіреді, бір - бірінің карточкасындағы жазбаларын оқиды.
«ЦИФЕРБЛАТ» ЖАТТЫҒУЫ
Мақсаты: психологтарды бір бірімен жақындап таныстыру, қатысущылардың жұмылу деңгейін дамыту.
Жаттығу нұсқауы: қатысушылар сағаттын циферблатын суретке салады, содан соң әр сағатқа қатысушылардың есімдерін жазып шығады. Мысалы сағат бірге Мадинаны, сағат екіге Динараны жазады. Содан соң сағат бірде тұрған адамдармен қолмен амандасады, екіде – арқаларымен, 3 - аяқтарымен, 4 – көздерімен, 5 - құлақтарымен, 6 - бас бармақтарымен, 7 - иықтарымен, 8 - мұрындарымен, 9 - тізелерімен амандасады, 10 - сол адамға қарап билейді, 11 - сағатта жазылып тұрған адамға сұрақ қояды, 12 - комплимент айтады
«Қалағаным және нақты балансы» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өміріндегі орын алатын сфералардың дамыған деңгейін түсіну, отбасына, жұмысқа, демалысқа, саяхаттарға, хобби мен қызығушылықтарға тұлғанын қаншалықты берілетінін, кіштерін, мүмкіндіктерін өмір блоктарына қаншалықты пропорционалды бөлетінін анықтау.
Жаттығу нұсқауы: Қатысушылар ақ параққа үлкен шеңбер салып, ішкі психологиялық сезімдеріне зейін бөліп, психологтың жұмысы (кәсіби өмір) мен үйдегі шаруа немесе жеке өмірі (демалыс, сапарға шығу, қызығушылықтары) осы берілген көрсеткіштерді нақты қаншалықты дамығанын шеңберге процент арқылы бөледі. Екінші шеңберде көрсеткіштер қатысушылардың қалауы бойынша жазылады.
Талдау жүргізу сұрақтары.
Айырмашылықтар бар ма? Олардың мағынасы неде? Неге нәтиже осындай болып шықты? Берілген екі көрсеткішті бір біріне жақындату үшін не істеу қажет? Бұл үрдіске кім немесе не әсерін қалдырады.
«Мен үйде, мен жұмыста» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың үйде және жұмыста өздерін қалай көрсететінін, қандай көңілімен жүретінін анықтау.
Мен үйде және мен жұмыста екі пайымдауына неғұрлым көбірек анықтамаларды жазуға ұсынылады. Мысалы: «үйде мен ешқашан...», «жұмыста мен ешқашан...»
Талдау.
Бір - біріне ұқсайтын сипаттамалар, бір - біріне қарсы тұратын және бірдей көрінетін сипаттамаларды талдау. Қай тізімді толтырғанда қиын болды? Айырмашылықтардың бар екеніне қалай қарайсыз?
«Менің мамандығым психолог» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің өзгеру динамикасын байқауға үйрену.
« Менің мамандығым психолог» тақырыбына үш сурет салуға ұсынылады.
Еңбек жолының бастауы (студент кезі)
Бүгінгі таңда
5 лет жылдан кейін
Қатысушылар өздерінің суреттерінен алған әсерлеріне байланысты сезімдерімен бөліседі. Психологтардың келесі мәселелерді түсінуі маңызды: үш суреттерді сипаттау кезіңде айырмашылықтарды, бояған түстердің маңыздылығын
«Мен психолог» карикатурасы жаттығуы
Мақсаты: өзінің мамандығына тек қатаң көзбен қарамай әзіл жағынан көру де үйрену.
Нұсқауы: «Мен психолог» пайымдауына карикатура салу. Психолог маманының бойында дамытып жатқан қасиеттерді және біздің мамандығымыздың бір бөлігі ретінде орын алатын қасиеттерді (эмпатия, сын қоймай тыңдай білу, креативтілік, құзырлылық) әзіл түрінде суретке бейнелеу. Карикатуралар қабырғаға ілінеді.
Қорытынды бөлім
Тренинг қатысушылар мерекелік қабырға газетіне өзінің тілектерін жазып қолдарын қойып шығуға ұсынады.
Тілек шамы
Жүргізүші қолына шам алып шеңбер бойымен тұратын қатысушыларға тілек айтып сол жағындағы көршісіне жіберу. Әрі қарай психологтар осылай жалғастырады.
Рефлексия
Тренингтен алған әсерлерімен бөлісу, нақты қандай жаттығулар ұнады қатсыушыларға, қандай ұнаған жоқ, неліктен және т. б. сұрақтар арқылы рефлексия жүргізу.
Мамандық және тұлға
- Жазира Төлемісқызы Сапарова
- 14 наурыз 2014
- 6710
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Психология, мамандық таңдау, балалармен жұмыс
Ұқсас жаңалықтар:
Ата - аналарға арналған психологиялық ойын-жаттығулар жинағы
Міндеттері: ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік...Зейінді дамыту, ойлау қабілетін арттыру
Мақсаты: Педагогтардың арасында өткізілу барысында олардың зейіндерін дамыту, әрі қарай ойлау қабілеттерін арттыру, бойды сергіту, т. с....ҰБТ-ға дайындалу кезінде психологиялық көмек
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Абай атындағы мектеп-гимназия психологы Садвакасова Индира Кайратовна...Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы...Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...
Сапарова Жазира Төлемісқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.