Сайтқа кіру Тіркелу

Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби құзырлылығы

«Заманауи педагог - психологтың оқут - әрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби құзырлылығы»
Педагог - психолог мамандықты биікке көтеретін күші - оның кәсіби құзырлылығында...
Бүгінгі таңда білім саласындағы субектілеріне жоғары талаптар қойылған. Осының бәрі қазіргі заманның, қоғамның өзгерістеріне сай тұлға қалыптастыру мақсатымен ұйымдастырылған. Өмірде беделді дәрежеде өз мүмкіндіктерін көрсете білу, өзінің бойындағы барлық қажеттіліктерге сай қасиеттерді қалыптастыру және қарым - қатынас жасау жағынан мәдениетті, білімді болу заманауи тұлғаның міндеттері. Тұлға тәрбиелеуіне, қалыптастыруына оның ортасындағы барлық адамдар әсер етеді. Ең алдымен балаларға тәжірибе, білім, тәрбие беретін педагогтардың өздерінің құзырлылығы болудың қажеттілігін байқауға болады. Бүгінгі білім жүйесінде педагог - психолог мамандарының жұмысы аса маңызды болып табылады.
Адамтану, адамның күрделі де қызықты, шытырманы мол рухани жан дүниесіне үңілу, баланы түсіну психолог маманының басты құзырлылығы болып табылады...
«Еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында» Президентіміз деген еді.
Жстарымыздың тәрбиесінің, мінез құлқының қалыптасуына психолог мамандары үлес қосады.
Бүгінгі педагог - психологты айшықтайтын тағы бір сапа оның психологиялық білімінің тереңдігі мәселесі туындайды, яғни кәсіби құзырлылығы.
Баланы түсіну дегеніміз оның позициясында болу, оның орнына өзіңді қойып білу, сезімдеріне зейін қойып, әрекетін, ісін елеулі түрде қабылдау, ілтипат көрсету.
Баланың көңіл құбылысын, жүрек тебіренісін, сезімі мен талпынысын түсіне білген психолог баянды тәрбиеге ие болып, өмірдің заңдарына
дайын тұратын тұлғаны қалыптастыра отыра жетістікке қол жеткізеді
Оқытудың оқушылардың ішкі күштері мен потенциалдық мүмкіндіктерін жандандыратындай, олардың дамуын жеделдететіндей етіп ұйымдастыру үшін де психологиялық білім қажет. Осы орайда соңғы уақыттары мектеп психологы маманының қайта қызмет жасай бастауы көп мәселені шешеді.
Әрбір тұлға психология ғылымының теориясына қайта ден қойып, жантануға байланысты жаңадан шығып жатқан еңбектерді оқып үйренуі тиіс
Педагог - психолог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылық белгілі бір сала бойынша жанжақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деп түйіндейді Т. Г. Браже
Қазіргі таңда оқу - тәрбие кеңістігіндегі оқу үрдісінің субъектілеріне қойылатын талаптар:
Құзырлылығы (компетент)
Іздендіру, зерттеу
Этикалық кодексті ұстану
Қарым қатынас мәдениетін сақтау
Ахмет Байтұрсынов кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген еді. Ол үшін әрбір педагог - психолог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайтын және өмірден өз орын табуды басты мақсат деп санайды, сондай - ақ өзінің айналасына дұрыс бағдар беретін ақыл - кеңес күтеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагог - психологтар бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты, кәсіби шеберлігі мол маман ғана қалыптастыра алады.
Бүгінгі заман талабы - жан - жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзыреттілігі жоғары педагог - психологтар жүзеге асырмақ.
Қорыта келсек, құзырлылық - белгілі бір саладағы іс - әрекетке қатысты жинақталған білім, білік, дағдысы, тәжірибесі болса, коммуникация - қарым - қатынас, өзара пікірлесу, сөйлесу, ұғынысу дегенді білдіреді.
Заманауи талаптарға сай қызмет істеу үшін алдымен педагог - психолог өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үнемі ізденіп, психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді пайдаланып, қиялы шарық, сезімтал, шабыты мол болуы тиіс. Сонда ғана психолог қызметінің жемісі, оқу тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына сай келеді.
Зейін бөліп тыңдағаныңызға рахмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×