Сайтқа кіру Тіркелу

Сыр сұхбат

Сыр сұхбат.
Құрметті оқушылар.
Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан деп Абай атамыз айтқандай санаулы күндерден кейін мектеппен қоштасып жаңа өмірге қадам басасыңдар.
Арман, арман таусылмайтын армандар
Сол арманға жетуге қол созыңдар
Еңбекпенен алған терең біліммен
Биік, биік белестерді алыңдар.
Бүгін осындай арман қуған жастарымыз Алтын белгіге үміткер физика пәнін таңдаған 11Б сынып оқушылары Ерболатова Асыл Ерболатқызы мен Құрманов Мейрамбек Таурбекұлын өздеріңмен сыр бөлісуге «Сыр сұхбат» атты кездесуге шақырып отырмыз. Осы кездесуде бұл оқушылардың ҰБТ - ға қалай дайындалып жатқаны, өмірдегі ұстанымы т. б. туралы білеміз. Біздің мақсатымыз жоғарғы сынып оқушыларының әлі де қай сабақты таңдай алмай жүргеніне бағыт беру, өмірде өз орнын табуына ықпал ету. Өздеріңді толғандырған сұрақтар болса қоюға болады. Енді қонақтарға сөз берейік, өздерің туралы айтып өтсеңдер.
А. Ерболатова: мен қарапайым отбасынан шықтым. Әкемнің шаруа қожалығы бар. Үйде 3 баламыз. Мен физика пәнін 7 сыныптан бастап жақсы көрдім. 2011 жылы аудандық олимпиадада 2 - ші орын алдым.
М. Құрманов: менің анам мұғалім, әкем мал дәрігері. Менің арманым инженер болу. Бос уақытымда ән айтамын, арасында өзім де өлең жазумен айналысамын.
Сұрақтар.
1. Физика пәнін неге таңдадың.
2. ҰБТ - ға қалай дайындалып жатырсың.
3. Телевизордан қандай бағдарлама көресің.
4. Мына есепті ауызша шығарып берші.
5. Қандай мамандықты қалайсың.
6. Қандай өнерің бар.
7. Физикадағы ең қиын тақырып.
8. Физикадан бір тәжірибе жасап көрсет.
9. Пір тұтатын адамың бар ма.
10. Ситуациялық сұрақ. Егерде сен физика мұғалімі болсаң сабағыңда балалар тыныш отырмай қойса не істер едің.
11. Физиканың бір тақырыбын оқу үшін қанша минут керек.
12. Менің ойымша жақсы оқушы жан - жақты болу керек. Әсіресе физика сабағы барлық пәнмен байланысты. Олай болса мына өлеңдерден қандай физикалық құбылыстарды көруге болады. «Көзімнің қарасы, Желсіз түнде жарық ай»
13. Физиктер әзілді, лириканы өте жақсы көреді деп естігенбіз. Физиктерге байланысты сондай әзілдердің бірін айтып берсеңдер.
14. Қазіргі жастар туралы көзқарасың.
15. Жақында шыққан Елбасының жолдауын оқыдың ба. Сенің осы жолдауға көзқарасың қандай.
16. Енді мына смаиликтің ішінен біреуін таңдап алып осы кездесуден алған көңіл күйіңді көрсет.
17. Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өздеріңе ой салған ұнаған сұрақтар болса сұрақ иесіне қолтаңбаларыңды жазып мына блокнотты берулеріңді сұраймын.
Міне балалар, бүгінгі кездесуіміз де аяқталып қалды. Бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Мағжан Жұмабаев айтқандай: Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мен жастарға сенемін дегендей Егеменді еліміздің көк байрағын биік ұстайтын, еліміздің өсіп - өркендеуі, гүлденуі жастарға да байланысты болғандықтан біз терең білім алып өмірден өз орнымызды таба білуіміз керек. Кездесуге қонақ болып келген Асыл мен Мейрамбек бірнеше жылдардан кейін осы жерде профессор не ғалым болып келіп сендер сияқты оқушылармен кездесу өткізіп отырады деп ойлаймыз және солай болатынына сенеміз. Сендерге ақжол тілейміз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мен жастарға сенемін

Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты....
Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым

Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым

Жалпы мақсаты  Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы мағлұмат беру  Табиғат және адам. Физика – табиғат...
Жырымен жұртын оятқан

Жырымен жұртын оятқан

Өлең жазып жүрген талапкерлердің бәрін бірдей ақын дей алмаймыз. «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы», - дейді Абай....
Армандай білеміз бе?

Армандай білеміз бе?

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Армандай білеміз бе?...
Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану

Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі № 5 кәсіптік лицейдің физика пәнінің мұғалімі Бисенова Мирамкул Сағатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×