Сайтқа кіру Тіркелу

Шығармашыл ұстаздар фестивалі

Құрметті аудан ұстаздары, бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары!

Адамдардың кәрі, жасы да, кемеңгер данасы да ұстаздарға қарыздар, биікке өрлеп қабілетті оқушыны тани білген, тайсалмай өмірдің қиындығына төзе білген сіздерге қаншама ыстық лебізімізді білдірсек те ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Сіздер көрінбес еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер, әрбір күндеріңіз бен сәттеріңіз ерлікке тұрарлық.
Ауданымыз талай жетістіктерге қол жеткізді. республикалық олимпиадаға Глуховка орта мектебінің оқушысы қатысып сертификат алды. Халықаралық «Русский медвежонок», облыстық «Ақбота» т. б сайыстарға қатысып, ең үздіктері «Балдаурен» сауықтыру лагеріне барып қайтты. Облыстық ғылыми конференцияға қатысушы оқушыларымыздың да саны артуда. Республикалық, халықаралық ғылыми практикалық конференцияға да қатысып жүрміз. Қабілетті баланы дарындылыққа жеткізетін ұстаз, оның қыруар еңбегінің нәтижесі.

Дорогие гости нашего праздника, приветствую вас на фестивале творчески работающих учителей.
Школы района подключены к Интернету, во многих школах оборудованы кабинеты биологии, химии, физики. Для полноценной работы учителя созданы хорошие условия. Современную школу невозможно представить без инновационных технологии, тесно связанныхс научной работой. В районе созданы творческие группы учителей по двум направлениям: исследовательская и творческая. Эти группы обьединяют творчески работающих учителей района и их целью является обобщение и распространение опыта передовых учителей по району и в областном масштабе. Кара - мурзинская школа приняла участие в областном конкурсе малокомлектных школ, создали свое лесничество и несколько лет подряд ведут опытно - исследователскую работу, добились хороших результатов, являются победителями областного слета прошедшем в Катонкарагайском районе. Победа учеников Семеновской школы, которые в регионе заняли первое место а в области второе место после Кызылорды, это победа всего нашего района - наша гордость. Ученики Ундрусской школы Карашев и многие другие спортсмены, которые являются воспитанниками Токанова А. М. являются победителями многих Республиканских соревновании по вольной борьбе. Юные дарования кортоые приходят в музыкальную школу и тоже поднимаются на педьестал почета, благодаря труду педагогов. Не персчитать грамот и медалей в копилке района, не измерить ваш труд дорогие наши учителя. Поздравляю вас с вашим торжеством, торжеством ума и фантазии, кретивности. Вы достигли высот, но это обязывает вас быть еще лучше, набираться опыта, учить других, быть примером в глазах молодых.

Құрметті ұстаздар
Лапылдап жарық жанып сөнбеу керек
Өмірдің қыспағына көнбеу керек
Қашанда біліммен өрге шығып
Намысты қолдан бермеу керек.
Ұлағат бір өзіңнен таралғандай
Сегіз қырлы, бір сырлы болған қандай
Жанұяда бақытты ғұмыр кешіп
Мәртебең өсе берсін толған айдай!

1 Жүргізуші:
Құтты болсын салтанатты мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Білімділер алға шығып елімде,
Жақсы атақпен күн шуағын шашады.

2 жүргізуші:
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кеңеле бер,
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.

1 жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар және бүгінгі кештің қонақтары:
«Шығармашыл ұстаз» атты аудандық фестивалін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

2 жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан - салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән орындалады.

1 - жүргізуші:
Ажырамай мектептен берелі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз.
Сөз мектеп директорына беріледі

1 - жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батырлығы
2 жүргізуші: Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы
1 - жүргізуші: Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
2 жүргізуші: Азбайтұғын адамның алтындығы.

1 - жүргізуші: Құттықтау сөз білім беру бөлімінің бастығы _________________ беріледі.
10 сынып оқушысы __________________ өздеріңізге арнап өз өлеңінен үзінді сыйға тартады.

Талай жанды қолдарынан өткізген,
Заманға сай талаптанып білім берген
Балаларды жылы сөзбен тарта біліп,
Қасиетін олардың таба білген.

Үйреткен балаларды қамқорлыққа,
Тазалыққа, әдептілік, қанағатқа.
Қазақ жерін қазақтыққа үйреткен,
Ұстаздар ғой қазақ елін көркейткен.

Білім оның күн сайын тереңдеген,
Балаларды биіктерге жетелеген
Халықтың алғысына бөленген
Ұстаз ұлы тұлға дер ем мен.

Өзінің білімімен бөліскен,
Ұстазда қасиет бар көрген
Талай жанды биіктерге көтерген,
Ұстаздарға алғысымды білдірем!

Құттықтау сөз және марапаттау рәсімі
Аудан әкімінің орынбасары -------------------- беріледі.

1 жүргізуші:
ХХІ ғасырдың -
Білімпаз ұстаз модулі.
Жан - жақты шебер, гуманист
Еңбекте артқан беделі.

2 жүргізуші:
Жаңа ұстаз моделін
Басшылыққа алыңыз.
Еңбектеніп тынымсыз
Идеал боп қалыңыз.

1 жүргізуші:
Елімізде мұғалімдердің еңбегі жоғары бағаланады. Біздің ауданымызда да еңбек сіңірген, шығармашыл мұғалімдер бар. Атап айтқанда: ____________________________

сияқты ұлағатты ұстаздарымызды мақтан етеміз.
(әр 2 адамнан кейін музыкалық номер)

2 жүргізуші:
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы болып жағылар.
Қадірлі ұстаз би өнерін қолдаған
Шәкірттердің сый құрметін қабыл ал.
Би орындалады

1 жүргізуші:
Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Ұстаз ұлағатты есем. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөліну қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы мұғалім болғандықтан, бүгін сіздерге талай жылдар бойы мектепте қажымас еңбек еткен ұстаздар жайында айтпақпыз.

2 жүргізуші:
« Менің ұстазым» аталу деген мәртебе!
«мұғалім бол» деген зор алғыс еді ертеде...
Сол мамандықты жалықпай жүріп меңгерген
Ондай жандарды кім деп атаймыз «ер» демей

1 жүргізуші:
Аралова Дәметкен Ибраевна өз еңбек жолын 1971 жылы Ново - Николаевка орта мектебінде жас балаларға тәлімгер болып бастады. 1982 жылдан бері осы мектепте орыс тілі пәні мен мұғалімі және директордың тәрбие жұмысының орынбасары болып жұмыс істейді. « Отличник народного просвещения Каз ССР» значогімен және көптеген мақтау қағаздарымен марапатталған.

2 жүргізуші:
Мерейлі болсын алпыстай абзал жасыңыз
Өзіңнен озған шәкірттер тұрса жол беріп
Үлкен сый көргені құрметке лайық басыңыз
Әйкен апай туралы слайд көрсету

2 жүргізуші:

Жүрегіңіз парасат, нұрға толы,
Абыройлы ұстазсыз мәртебелі
Қыран қонған биіктен көріндіңіз,
Самғаңыз ұлылықпен жылдар бойы.

1 жүргізуші:
Ұлт мектебін көтерсек деп терлейтін
Өздеріне маза тыным бермейтін
Шәкірт түгіл ұстаздарға басшы боп
«Ізден, үйрен, соңымыздан ер» дейтін.

1 жүргізуші:
Ұрпақтарының ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп, әртүрлі саланы жетік меңгерген оқушыларды тәрбиелеп жеткізген ұстаздар қауымына шын жүректен алғысымызды айтып, осы әнімізді сіздерге арнаймыз

1 жүргізуші:
Қадірісіз бар жұртқа, достарыңа,
Шығыпсыз алпыстың да асқарына.
Ұлағатты білімді шәкірттермен,
Жетіпсіз қазыналы шаққа мына.

2 жүргізуші:
Шәкірттері үміт жанған, армандар
Сол арманды маздатудан талмаңдар
Ұстаз деген адамдықтың асқары
100 жасаңдар, бала көңіл, пәк жандар!

Ардагер мұғалімдерді құттықтау үшін ортаға ------------------ шақырамыз.

Ардагер мұғалімдердің құрметіне арнап мың бұралған бишілерімізді ортаға шақырамыз.

2 Жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз, ұстаз жолы - шежіре,
Ол бастаушы Өнер, Білім кеніне.
Ұшырады алтын мектеп - ұяңнан
Қызмет ет,- деп сүйікті еліңе.

1 жүргізуші:
Бар баланың сенгені өздеріңіз,
Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз
Ұлағатты ұстаздар әрқашанда,
Жана берсін жасампаз еңбегіңіз, деп отырып
шағын концерттерімізді ұсынамыз.

музыкалық номер

1 жүргізуші:
Жана берсін, еңбегің, жаңа берсін,
Мейіріміңе шәкірттер қана берсін.
Айнала балалар мен гүлге толып,
Еңбегіңіз зор бақыт ала келсін

2 - жүргізуші:
Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
әрқашан өмір жасы ұзақ болсын,
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім сіздерді бақтан айырмасын.

Сэнквейн
Тапсырма: әрбір топ осы фестиваль туралы эссе не өлең құрастырып жарысады

Марапаттау
/ең үздік ұстаздарға төсбелгі, куәлік табыстау

Осымен ұлағатты да шығармашыл мұғалімдерге арналған фестивалімізді келесі әнмен жабық деп жариялаймыз.

1. Кештің ашылуы
2. Мұғалімдер көрмесі
3. Үздік мұғалімдердің презентациясы/3 - 5 мұғалім
4. Мұғалімдерге арналған концерт
5. Сэнквейн /шығармашылық жұмыс
6. қорытынды/марапаттау /куәлік пен төсбелгі табыстау

Қолданылған әдебиет

1. Қазақ тілі және әдебиет журналы. 2009.
2. интернет портал: білімділер сайты
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың....
Мұғалімдер арасында

Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.

«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.

Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Ж. Қалдығараев орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Наренбаева Акнұр Жауғаштықызы...
Ұстаз – мектептің жүрегі

Ұстаз – мектептің жүрегі

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы тәрбие ісінің меңгерушісі және тарих пәнінің мұғалімі Ақтаева Бақыт Абайқызы Тақырыбы: «Ұстаз...
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×