Сайтқа кіру Тіркелу

Анықтама

Сабақтың тақырыбы:: Анықтама.

Мақсаты:
Білімділік:. Студенттерге анықтама жазудың негізгі мәтіні, мақсатын, жазылу үлгісімен таныстыру.
Дамытушылық: алған білімін жаттығулар арқылы дамыту
Тәрбиелік: Іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:: Оқулық, үлгі, компьютер, презентация

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қайталау
1. Резолюция дегеніміз не?
2. Резюме жазудағы мақсатыңыз не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Анықтама
2. Құжат мәтіні
3. Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет
4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет
5. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші адамның қолы.

Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат. Жеке адамдарға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, оқуы т. б.) қалыпты қағаздарға толтырылып, мекеме басшысының қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.

Анықтамаға тиісті деректемелер: ұйымның аталуы, құжаттың аталуы, күні, индексі, шыққан жері, тақырыпша, мәтін, қол қою, мөр.

Анықтаманың үлгісі.

АНЫҚТАМА № 1
Осы анықтама « Егіндібұлақ ауылының №17 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесінің Авто1 - 12 тобының оқушысы Ержанов Елдостың осы лицейде оқитынын растау үшін берілді.
Анықтама 2012 жылдың қыркүйек айына дейін жарамды.
№ 17 кәсіптік лицей директоры қолы Темиржанов Б. Т.
Мөр орны
15. 05. 2020.

АНЫҚТАМА № 3
Осы анықтама Жандосова Айжан Саулетқызының 2011 - 2012 жылдары «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде жұмыс істегенін растау үшін берілді.
Анықтама талап етілу орнына көрсету үшін берілген.
«№30 орта мектеп» ММ директоры қолы Таңатаров М. А.
Мөр орны
15. 09. 2020.

АНЫҚТАМА
Асқаров Нұртас Жарасұлына Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында тұратыны және жанұясында 5 адам бар екені туралы берілді:
1. Асқарова Гүлжан - әйелі, 1974 ж
2. Асқарова Жансая – қызы, 1996 ж
3. Асқар Нұрдәулет – ұлы, 2000 ж
4. Асқар Бақдәулет – ұлы, 2004 ж
Анықтама талап еткен жерге тапсыру үшін берілді.

Кәсіпорынның атауы Әлеуметтік қамсыздандырудың
Кәсіпорынның мекен - жайы аудандық бөліміне
Тел. Ұсыну үшін
Факс. Қаласы

АНЫҚТАМА
00. 00. 0. №
Леонова Оксана Анатольевна кәсіпорынының маркетинг
(кәсіпорынның атауы)
бөлімінде жалақымен экономист болып қызмет істейді.
(санмен және жазбаша)
Директор қолы аты - жөні
Бас бухгалтер қолы аты - жөні
М. О.

Кәсіпорынның атауы Директорға
АНЫҚТАМА
00. 00. 00 №
ж.
Жиһаз және жабдықтар сатып алу туралы
2020 жылдың тоқсанында кеңсе жиһазы мен жабдықтарын жаңалау туралы жоспарға
сәйкес төмендегі жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды:
Комплектінің түрі Саны (дана) Құны (теңге) Қоятын орны
Анықтама негізінде жасалды.
Бас бухгалтер қолы аты - жөні
№ іске
Орындаушының қолы 00. 00. 00

ІҮ. Практикалық тапсырма:
1. Анықтаманың үлгісін компьютерде жаз.
2. Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыздар.
• Анықтама Лаура Касымованың лицейде оқитыны туралы әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыруға керек.
• Анықтама Жандос Оспановтың лицейде оқитыны туралы әскери комиссариатқа керек.
• Анықтама осы мекемеде жұмыс істейтіні туралы Сабитов Калымжанға керек.
3. Қатесін түзетіңіз.
Осы анықтама лицей оқушысы Түкітаева Дианаға берілді. Түкітаева Диана шын мәнінде «Іс жүргізуші және мұрағаттанушы» тобында 1 курста оқиды. Анықтама № 17 кәсіптік лицей берілді.

Оқу ісінің меңгерушісі А. К. Молдакашева

Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Анықтама құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
2. Анықтаманың негізгі мәтіні не?
3. Анықтамалар кімге беріледі?
4. Не үшін беріледі?
5. Қайда тапсыру үшін беріледі?
6. Анықтама кімнің атынан беріледі?

ҮІ. Студенттерді бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Анықтама оқып келу. Бірнеше жағдаяттар жазып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×