Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында
2019 жылы 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» мерекесін және азаматтық және патриоттық сабағын өткізу тұжырымдамасы
1 - қыркүйек - дәстүрлі Білім күні мерекесі, оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады.
Жаңа оқы жылы атаулы оқиғаларға толы болады:
- 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы, ТМД - да – Кітап жылы деп жарияланды.
- 2020 жыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.
Келер жылы біздің елде Еріктілер жылы, ТМД - да – 1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтеді.
Білім Күні мерекесі – патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс - шара. Бірінші класс оқушылары және олардың ата - аналары үшін – бұл алғашқы қоңырау мерекесі.
Кітап оқу мектеп оқушылары үшін алғышартты мақсат болуы тиіс. Жаңа оқу жылында кітаптың мәртебесін көтеру және кітап оқуды қолдау мақсатында білім алушылардың арасында «оқу сәнін» қалыптастыру бағытында оқу сағаттары дәстүрлі болуы тиіс, кітаппен алмасу үшін арнайы – буккросинг орындарын ұйымдастыру, кітапқа деген ортақ қызығушылық негізінде оқушылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата - аналар және білім алушылар) бірлескен іс - әрекеттерін, бастауыш кластардың кабинеттерінде шағын кітапханалар ұйымдастыру қажет.
Білім күні мектеп оқушылары, олардың ата - аналары мен мұғалімдердің арасында әлеуметтік желілерде 1 - 2 минуттық жағымды бейнеролик орналастыру бойынша «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты республикалық интернет - науқан өтеді.
Бейнероликті орналастыру күні: 1 қыркүйек 2019 жыл. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17. 00 - 21. 00. Ең жақсы бейнероликтер ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін жалпы мектептікіс - шараларда аталады. Өңірдің 10 үздік бейнеролигі тарату үшін ҚР БҒМ жіберіледі.
Бейнероликтер үшін ұсынылатын тақырыптар:
- барлығы үшін «Менің мектебім - супер мектеп!», «Мектеп туралы әзілмен және байыпты», «Сәлеметсіз бе, жаңа оқу жылы», «Маған менің мектеп формам ұнайды!»;
- бірінші класс оқушыларына «Менің мектептегі бірінші күнім», «Менің алғашқы мектеп қоңырауым»;
- 2 - 4 класс оқушылары үшін «Менің жазғы жарқын оқиғам (кластастары үшін оқиға)»;
- 5 - 8 класс оқушылары үшін «Менің саяхатым (кластастары үшін оқиға)»;
- 9 - 11 класс оқушылары үшін «Менің есейген кластастарым», «Менің ойларым, армандарым, күтулерім», «Болашақ мамандықты таңдау алдында»;
- бірінші класс оқушыларының ата - аналары үшін «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Жаңа жол - өмірдің жаңа кезеңі»;
- ата - аналар үшін «Біздің мектепке барар қауіпсіз жолымыз», «Мен, менің отбасым, менің мектебім»;
- бірінші класс оқушыларының ата - әжелері үшін «Немереммен - бірінші класқа!»;
- класс жетекшілері үшін «Жаңа оқу жылымен, менің сүйікті сыныбым!».
- мұғалімдері үшін «Ашық мектеп»; «Мен және менің оқушыларым».
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ сабақ өткізу тұжырмдамасын жүктеп алу
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ мерекесін мерекесін және азаматтық және патриоттық сабағын өткізу тұжырымдамасы
- ramuk_b
- 31 тамыз 2019
- 3002
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Саналы ұрпақ - жарқын болашақ, 1-қыркүйек дәстүрлі Білім күні мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ сынып сағаты
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға...Саналы ұрпақ - жарқын болашақ
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға...1 қыркүйек - Білім күні сценарий
Жаңа оқу жылы басталды. Шаттықпен шалқып толғана Ой толқытқан жүрегін Өмірге алмақ жолдама Сыр шертсін енді түлегің...1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтау сөздер
Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар! Сіздерді мектеп әкімшілігі атынан 1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу...Алғашқы қоңырау 2024
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.