Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.
Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.
Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болып келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.
Толық нұсқасын жүктеу
Сарыұлы Ақтамберді жырау
- bibka
- 10 қазан 2019
- 61011
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Сарыұлы Ақтамберді жырау өмірдерек, Ақтамберді жырау өмірбаяны
Ұқсас жаңалықтар:
Жағама қолдың тигенін
Жағама қолдың тигенін, Жалғыздық, сенен көремін. Жамаулы киім кигенім, Жарлылық, сенен көремін....Ақтамберді жырау
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық...Ақтамберді жырау
Ақтамберді жыраудың өмір жолынан мәлімет беру. Оқушыларды жыраудың толғаулары арқылы ерлікке, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ақынның...Қалқаманұлы, Бұқар жырау
Қалқаманұлы, Бұқар жырау...Жиембет жырау
Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.