Сайтқа кіру Тіркелу

Ел тарихындағы еңселі күн

Ел тарихындағы еңселі күн

25 қазан – ел тарихындағы тағылымы терең, маңызы айрықша күн. Республика күні – Қазақстанның егемендік жолындағы тарихи қадамын айшықтайтын, елдік сананы жаңғыртып, ұлттық бірлік пен бейбітшіліктің қадірін арттыратын мерейлі мереке.
Республика күні – әрбір қазақстандық үшін ел тарихына көз жүгіртіп, бүгінгі жетістіктерді бағалап, болашаққа сеніммен қарайтын ерекше күн. Бұл – туған елге деген сүйіспеншілікті арттырып, мемлекетіміздің жетістіктерін мақтан тұтатын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын сәт.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономика, білім, ғылым, мәдениет және халықаралық ынтымақтастық салаларында елеулі жетістіктерге жетті. Бүгінде еліміз әлемдік қауымдастықтағы өз орнын айқындаған, тұрақтылық пен бейбітшілікті басты құндылық ретінде ұстанған мемлекет ретінде танылып отыр. Осы жетістіктердің қатарында отандық білім мен ғылымның қара шаңырағы – Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орны ерекше. Бүгінде ҚазҰУ – сапалы білім мен заманауи ғылымды ұштастырған, білікті мамандар даярлайтын, халықаралық деңгейдегі беделді білім ордасы.
Университеттің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әлемнің түрлі елдерінен келген шетелдік студенттер білім алады. Оларға қазақ және орыс тілдерімен қатар, Қазақстан тарихы мен елтану пәндері оқытылады.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары үшін бұл жұмыс тіл үйретумен ғана шектелмейді. Шетелдік жастарға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, ұлттық дәстүрін таныстыру арқылы оларды жаңа мәдени ортаға бейімдеу, елдер арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайту да маңызды міндет болып табылады.
Жыл сайын факультетке әлемнің әр түкпірінен студенттердің келуі – ҚазҰУ - дың халықаралық білім кеңістігіндегі беделінің айқын көрсеткіші. Шетелдік жастар Қазақстаннан сапалы білім алып қана қоймай, жаңа мәдени ортада тәжірибе жинақтап, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан дамуға мүмкіндік алады.
Республика күні қарсаңында Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мерекеге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Мен Қазақстан туралы не білемін?», «Қазақстан: тарих және қазіргі заман» тақырыптары аясындағы пікірталасқа Жапония, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея және Венгриядан келген шетелдік студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел барысында студенттер Қазақстан туралы өз ойларын ортаға салып, елге деген алғашқы әсерлерімен бөлісті. Олар оқу үдерісі, Алматы қаласы, университет өмірі, қазақстандық студенттермен қарым - қатынасы туралы әңгімеледі. Мұндай іс - шаралардың тәрбиелік әрі танымдық мәні зор. Себебі Қазақстанды шетелдік студенттер тек дәріс аудиториясында ғана емес, күнделікті өмір, мәдени іс - шаралар, тарихи орындарға саяхат және адамдармен қарым - қатынас арқылы тереңірек тани түседі. Олар қазақ және орыс тілдерін меңгеріп, ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысады, студенттік ғылыми конференцияларға, тілдік олимпиадаларға және түрлі мәдени - ағартушылық іс - шараларға қатысады. Қазақстан тарихына, ұлттық мәдениетке және дәстүрге деген қызығушылық олардың елдің тарихи - мәдени орындарына экскурсия жасауына, ұлттық мерекелерге қатысуына, қазақстандық жастармен достық қарым - қатынас орнатуына мүмкіндік береді. Осылайша университет қабырғасында білім беру мен мәдениет тоғысып, өзара түсіністік пен халықаралық достықтың берік көпірі қалыптасады.
Бүгінде білім – елдер мен халықтарды жақындастыратын қуатты күш. Ал университет – сол байланысты жүзеге асыратын маңызды орта. ҚазҰУ - да білім алып жатқан шетелдік студенттердің әрқайсысы Қазақстан туралы өзіндік әсер қалыптастырып, оны өз елінде таныстыратын жаңа буын елшілеріне айналады.
Республика күні – жасалған істерді қорытындылап қана қоймай, жаңа мақсаттар мен биік міндеттерді айқындайтын мереке. Бұл күн ел бірлігін, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты бағалауға үндейді.
Қазақстанның бүгінгі жетістігі – ел азаматтарының бірлігі мен еңбегінің, білім мен ғылымға деген ұмтылысының нәтижесі. Ал осы құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет.
Республика күні – елдік рухтың, бірлік пен бейбітшіліктің, білім мен болашаққа деген сенімнің мерекесі. Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанның білім мен ғылымдағы жетістіктері артып, көкжиегі кеңейе берсін!

Саденова А
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан Республикасы күні – бейбітшілік, достық және мейірімділік мерекес ...

Қазақстан Республикасы күні – бейбітшілік, достық және мейірімділік мерекес ...

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....
Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...

Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Білім мен мәдениет тоғысындағы білім кеңістігі

Білім мен мәдениет тоғысындағы білім кеңістігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымды, мәдениет пен халықаралық ынтымақтастықты тоғыстырған іргелі білім ордасы....
Білім алудағы толеранттылық – шетелдік студенттер арасындағы түсіністік

Білім алудағы толеранттылық – шетелдік студенттер арасындағы түсіністік

Қазіргі әлемде азаматтар арасында толеранттылыққа тәрбиелеу қоғамдық білім беру саясатының басты мақсаттарының біріне айналды. Бүгінде әлемнің әр...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×