Сайтқа кіру Тіркелу

Ақын рухына арналған жыр кеші

Ақын рухына арналған жыр кеші

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің «Асыл сөз» стартабының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі М. Мақатаевтың туғанына 95 жылдық мерейтойына арналған «Жыр әлемі» атты поэзия кеші болып өтті. Мақсат: қазақ руханиятының жарқын өкілі М. Мақатаевтың жырлары арқылы жастардың бойына патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға, туған өлкеге, ана тіліне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, бірлікте, ынтымақта болуға тәрбиелеу.

Біздің факультетіміз шетелдік азаматтарға білім беретін болғандықтан онда ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді алғаш естіп, жырларымен енді танысқан жастардың қарасы көп болды. Бірақ, ақынның жырларын жастайынан естіп, жаттап өскен қара көз жастарымыздың да қарасы баршылық екен. Жыр кеші жоғары деңгейде өтті, ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыған шәкірттер тыңдармандарға ерекше әсерлі кеш сыйлады.

Музыка жүрек тілі, ол сезімдер мен көңіл күй әлемі. Мұқағали ақынның жырларына жазылған әндер халықтың жүрегінен әлдеқашан орын алған сазды әуендер. Осы кеште жыр арқылы жан сырын ақтарған, өлең арқылы ұлт рухын асқақтатқан ұлы ақынға деген ізет пен тағзымның көрінісі болды. Бұл жүректен жүрекке жол тартқан поэзия мерекесіне ұласты. Бұл кештің ерекшелігі ақынның жырлары оқылып, әндері әуелеген кезде суретші жастарымыз көрермендердің алдында ақынның портретін салып, кеш соңына дейін тамаша сурет туындыларын ұсынды.

Бұл ақынның жырларына деген сүйіспеншілік арқылы ел руханиятын асқақтатқан кеш болды. М. Мақатаевтың 95 жылдық мерейтоына арналған «Жыр әлемі» атты поэзия кешінде тілге деген құрмет қана емес, ұлтқа деген мақтаныш сезімін сезіндік. М. Мақатаевтың жалынды жырлары халқымыздың рухани мұрасына қосылған үлкен олжа, жас ұрпаққа қалдырылған қасиетті қазына. Мұқағали ақынның есімін бұрыннан білетін жыр сүйер қауыммен бірге осы шараның арқасында ақынның есімін алғаш естіп, оның шығармаларымен енді танысып жатқан жастар да бар еді. Бұл біздің мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз. Мұқағали атамыздың жырлары жасай берсін!

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары: Ж. С. Әділханова, С. Нұртілеуова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақынның көшбасшылық дәрісі

Ақынның көшбасшылық дәрісі

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы ширек ғасырдан бері шетелдік қазақ балаларына білім беріп, олардың...
«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы Мараимова Шарбану Укметовна...
М.Мақатаев  «Поэзия, менімен егіз бе едің?!»

М.Мақатаев «Поэзия, менімен егіз бе едің?!»

Байқаудың мақсаты: М. Мақатаевтың мұрасын насихаттау, ұлы ақынның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, жас таланттарды,...
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді...
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×