Сайтқа кіру Тіркелу

Жапон елі мен қазақ елі арасына алтын көпір болғандар

Жапон елі мен қазақ елі арасына алтын көпір болғандар

Қазақ тілі тек мемлекет ішінде емес, шетелдіктер арасында да қолданыс құралына айналып бара жатқанын көңілге қуанышты сезім ұялатады. Әсіресе қазақ тілі мен мәдениетін оқып білуге талпыныс тудырғандар ретінде жапон азаматтарын айтуға болады. Мұның бір себебі жапондықтардың қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы болса, екіншіден өз өмірлерін қазақ елімен байланыстырғысы келетін шетелдіктер, олардың санатында елшіліктерде жұмыс істеуді мақсат еткендері де бар. Жыл сайын осындай әртүрлі мақсаты бар тіл үйренушілер әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дің ЖОО дейінгі білім беру факультетіне қарасты шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасына оқуға келіп, қазақ тілін жетік меңгеріп, Жапония мен Қазақстан арасындағы достық көпірінің мықтап орнауына өз үлестерін қосып келеді.

Айталық, Мидзуки Козаса, Ебина Мисаки, Огава Рега, Икуедзе т. б. есімдері ұзақ жылдар бойы факультет тарихында сақталған, олардың әрқайсысын оқытушылар қауымы сағынышпен еске алады. Бітіріп кеткендеріне бірнеше жылдар болса да факультет оқытушыларымен ұдайы байланыста болып, өз өмірлеріндегі қазақ, орыс тілдерін оқуға қатысты естеліктерімен бөлісіп келеді. Бүгінгі күні әлеуметтік желілерде олардың қазақ тілінде еркін сөйлеулеріне қатысты жағымды жаңалықтар жалт етіп шыға келгенде біз кафедра оқытушылары олардың факультетімізде оқып, тілді жетік меңгеріп, қызметтерінде қолданып жүргеніне бір марқайып қаламыз. Олардың тіл оқуға қатысты тарихтары да өзгеше.

Ебина Мисаки 2023 жылы елімізге қазақ тілін оқуға келген жапон қызы. Ол қазақ еліне келмес бұрын орыс тілін үйренген. Оған себеп Мисакидің кумирі мұз үстінде мәнерлеп сырғанаушы отандасымыз Денис Тенннің өнеріне деген құрмет. Денис Теннің өнеріне тәнті болған жапон қыз ол сөйлейтін орыс тілін тез арада үйреніп алады. Кейіннен оның Отаны Қазақстан екенін біліп, қазақ өнеріне қызығушылық танытады. Ол қысқа мерзімде кілем тоқуды меңгеріп, өз кумиріне суретін салған кілемшені сыйлайды. Өзіне кумир санаған азаматтың арқасында қазақ тілін үйренуге ынтасы оянып, арманынын соңынан жүріп, қазақ еліне жетеді. ҚазҰУ - ға оқуға келіп, бос уақытында қазақтың ұлттық аспабы қобызда ойнауды үйренеді. Конференцияға қатысып Денис Тен туралы баяндама жасап бірінші орын иеленді. Көптеген отандық телеарналарда сұқбат беріп, қазақ адамдармен етене араласты. Қазір Мисаки жапонияның сыртқы істер Министрлгінде Қазақстанмен байланыс бөлімінде жұмыс істейді. Жақында еліміздің Президентінің жапон еліне сапарында Ебина Мисаки аудармашылық жұмысты қазақ тілінде атқарды.

Қазіргі уақытта жоғары аталған біздің түлектеріміз өз өмірлері мен қызметтерін Қазақстанмен байланыста ұстауда. Олардың барлық жетістіктері Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы оқытушыларының тынбай еңбек етулерінің, өз істеріне ааса жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарауларының жемісі деп білеміз. Біздің кафедрамыз жыл сайын әлемнің әр елінен келген шетелдік тыңдаушыларды қабылдап, қазақ, орыс тілдерін сапалы үйретіп шығады.
Кафедрамызда жұмыстан тыс уақытта да аптасына екі - үш күнге ыңғайлы сабақ кестесімен тіл оқытуға арналған тілдік курс та бар.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің
тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Г. Ә. Машинбаева
Р. И. Дүйсенбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ - ге барар жолдың алғашқы баспалдағы

ҚазҰУ - ге барар жолдың алғашқы баспалдағы

ҚазҰУ- қазақ еліндегі алдыңғы қатарлы университет. Онда оқуға келу кез келген түлектің арманы. Университетте тек қазақстандықтар емес, шетелдік...
Қытайлық студенттер жаңа жыл мерекесін тойлады

Қытайлық студенттер жаңа жыл мерекесін тойлады

Қытайлықтар университетте мамандық алу үшін алдымен Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті мен университеттің ішіндегі Конфуций...
Қазақша оқыған жапон қыздар тәжірибесінен

Қазақша оқыған жапон қыздар тәжірибесінен

Еліміз егемендік алғалы ширек ғасырдан асты. Осы уақыт ішінде көптеген елдермен саяси, экономикалық қатынастар орнатып үлгерді....
Ізгілікке ұмтылған жүрек

Ізгілікке ұмтылған жүрек

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«Гай Го Сай» мерекесі

«Гай Го Сай» мерекесі

Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×