25 Қазан - Егемендік пен білімнің үндестігі
Қазақстан тарихында 25 қазан - ерекше тарихи маңызға ие күн. Бұл - еліміздің мемлекеттік егемендігін жариялаған сәт, болашақ тәуелсіздіктің іргетасы қаланған күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны» қабылдап, Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени дербестігін алғаш рет ресми түрде бекітті.
Бұл декларация елдің ішкі және сыртқы саясатта дербес шешім қабылдауға құқылы екенін айқындап, ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалады. Бұл тарихи акт Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашқан алғашқы қадам болды.
Егемендікке апарар жол оңай болған жоқ. Түркі дәуірінен бастап, Қазақ хандығының құрылуы, жоңғар шапқыншылығы, патшалық Ресейдің отарлау саясаты, кеңестер дәуіріндегі қуғын - сүргін, ашаршық - мұның бәрі қазақ халқының азаттыққа деген ұмтылысын шыңдай түсті. ХХ ғасырдың соңында, Кеңес Одағының ыдырауы қарсаңында, Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, өз мемлекеттілігін қайта жаңғыртты. 25 қазанда қабылданған декларация осы тарихи үдерістің заңды жалғасы болды.
Республика күні - бұл тек тарихи мереке емес, бұл ұлттың рухани жаңғыруының, өзін - өзі тануының, болашаққа деген сенімінің көрінісі. Егемендік тек шекара мен мемлекеттік рәміздермен шектелмейді. Егемендік - елдің білім мен ғылымды дамытуға, мәдениет пен рухани құндылықтарды еркін өрістетуге, ұлттық болмысты сақтап, жаңғыртуға мүмкіндік беретін тарихи негіз. Егемен елдің болашағы білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан да білім беру саласы мемлекеттің стратегиялық тірегі.
Осы тұрғыда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі - әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, оның ішінде жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы егемен елдің білім беру миссиясын жүзеге асырып келе жатқан маңызды құрылым (https://farabi. university). Бұл кафедра Қазақстанға білім алуға келген шетелдік тыңдаушылар мен отандық талапкерлерге еліміздің тарихын, мәдениетін, философиясын, тілін және рухани құндылықтарын үйрететін алғашқы баспалдақ. Тыңдаушылар тек академиялық білім алып қана қоймай, Қазақстанның егемендікке жеткен қиын жолын, ұлттық бірегейлікті, тарихи сабақтастықты терең түсінеді. Бұл жайт болашақ мамандардың Отанына деген құрметін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыратын маңызды кезең.
25 қазан - Республика күні қарсаңында кафедра ұжымы мен тыңдаушылары түрлі танымдық іс - шаралар, дөңгелек үстелдер, тарихи дәрістер мен көрмелер ұйымдастырады. Бұл шаралар жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, елдің өткені мен бүгініне терең үңілуге мүмкіндік береді. Егемендікке апарар жолдың әрбір кезеңі бүгінгі ұрпақ үшін сабақ, ал білім сол жолдың шамшырағы. Кафедраның білім беру форматы мен тәрбиелік бағыты егемен елдің рухани іргетасын бекітуге бағытталған.
Бүгінгі Қазақстан әлемдік аренада өз орнын тапқан, ғылым мен білімге, мәдениет пен инновацияға бет бұрған мемлекет. Елдің халықаралық беделі, экономикалық жетістіктері, мәдени жобалары, барлығы да 1990 жылы қабылданған тарихи шешімнің жемісі. Республика күні - бұл өткенге тағзым, бүгінге мақтаныш, болашаққа сенім.
Сондықтан бұл күн тек мереке емес, бұл ұлттық сана мен рухтың жаңғыру күні. 25 қазан әрбір азаматтың жүрегінде елге деген сүйіспеншілікті оятатын, білім мен еркіндікке бастайтын күн. 25 қазан - тарих пен болашақтың тоғысқан тұсы.
Республика күні құтты болсын! Егемен еліміздің болашағы жарқын болғай!
ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары Самал Сағнайқызы, Сандуғаш Нұртілеуова
25 Қазан - Егемендік пен білімнің үндестігі
- ramuk_b
- 24 қазан 2025
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 25 қазан Республика күні мақала, Мемлекеттік егемендік туралы декларация
Ұқсас жаңалықтар:

25 қазан – Республика күні: баяндама
Бүгін – қазақ халқының тарихындағы ең маңызды, ең қастерлі мерекелердің бірі – 25 қазан – Республика күні. Бұл күн – еліміздің тәуелсіздікке бастар...
Республика күнімен, Қазақстан!
25 қазан күні Қазақстан 1990 жылы мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдап, өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялағанына 23 жыл толады....
25 қазан Республика күні құттықтау, тілектер
Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – тәуелсіздікке бастаған...
25 қазан – Қазақстан Республикасы күні!
25 қазан - Қазақстан Республикасы күні мемлекеттіліктің символы болып саналатын маңызды мереке, еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы...
«Менің Отанымды, Республикамды жырлаймын!»
2025 жыл – еліміз үшін мерейтойлы жыл. 1 наурызда біз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуын атап өттік....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.