Сайтқа кіру Тіркелу

«Ет кәсібі - ескілік, бүгінгі және болашақтың берекесі»

«Ет кәсібі - ескілік, бүгінгі және болашақтың берекесі»
Кәсіп – адамның белгілі бір салада еңбек етіп, табыс табуына және өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін қызмет түрі. Бұл әрбір адамның өз күш - жігері мен қабілетін іске асырып, қоғамға пайда әкелетін еңбек жолы. Кәсіп — шығармашылық пен еңбек үйлесімін талап ететін, адамның ішкі дүниесін байытып, оның өмірге деген көзқарасын өзгертетін ерекше процесс. Әркім өзіне тән кәсібін тауып, сол арқылы өз талпынысын жүзеге асырады, қоғамға пайдалы істер жасайды. Кәсіп — тек қаржылай пайда ғана емес, сонымен қатар адамды ізгілікке, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін жол. Өз ісін шын сүйе отырып жасаған адам ғана өз кәсібінің шыңына жетеді, қоғамда өзін лайықты орнын табады.
Осы тұста меніңде бала күннен анамның асханасын көріп өскенім әсер еткен болу кереке, үй тағамдарын дайындау жаныма жақын сүйікті ісіме айналып үлгерді. Анам екеуіміздің ет өнімдерінен дайындалатын тағамдарымызға деген махаббатымыз отбасылық кәсібіміздің ашылуына және табысты жұмыстар атқауырына негіз болды.
«Ет кәсібі - ескілік, бүгінгі және болашақтың берекесі»

Қазақ халқының тұрмысында ежелден мал шаруашылығы жоғары маңызға ие, соның ішінде сол ет өндіру мен сату – ежелден қалыптасқан және уақыт өте келе дамып, өз маңысын ғасырлар бойы жоғалтпаған дәстүрлі кәсіп. Алысқа бармай - ақ кешегі өткен кеңес одағы кезеңінде еліміз ет өндіру бойынша соғыс жылдары мен түрлі саяси науқандарда алдыңғы қатарлы елдер қатарында КСРО қоржынын толықтырып отырды. Етті қазақтар өздерінің азық - түлігі ретінде ғана емес, экономикалық қатынастарды дамыту үшін бүгінде пайдаланып, ет сату кәсібі ауыл шаруашылығының маңызды бөлігі болып, елдің ішкі және сыртқы саудасына үлкен үлес қосуда.
Менің анам етшілер отбасында дүниеге келген. Көп жылдар бойы әкесі мал шаруашылығының қыр - сырын меңгеріп, ет сатумен айналысқан. Әкесі дүниеден өтсе де, анамның барлық аға - әпкелері әкесінің ізін қуып, қазір де осы кәсіппен айналысады. Қолында қос дипломы бар анам жоғарғы біліммен шектелмей, өзін жан - жақты дамытуды, әрі ата жолын қууды ұйғарып, ол да қанында бар осы бір кәсіппен айналысуды қолға алды. Солай анам да бұл кәсіпті меңгеріп, нағыз саудагер болды. Анамның жауапкершілгі, еңбекқорлық қасиеттері маған бала күнімнен өнеге болып қана қоймай, осы кәсіпке меніңде назарымда аударып, отбасылық кәсіпке айтарлықтай өз үлесімді қосып келемін. Уақыт өте келе, өз дүкенімізді ашуды шештік. Әрине, бұл қиын және үлкен тәуекелдерді қажет ететін шешім болды. Алайда, тәуекелсіз – табыс жоқ екенін түсініп, іске кірісіп кеттік. Алдымен, сауданы оңтайландыруда маңызды нәрселердің бірі, дүкенді ашуға қолайлы, көпшілікке көрінетін орын іздедік. Сол сәтте анамның досы орталықтағы ең негізгі сауда орны - орталық жәрмеңкедегі өзінің киім - кешек дүкенін сатпақшы болып шешім қабылдапты, анам көп ойланбастан сол дүкенді алды. Бұл дүкенді алғанда қатты қуандық, өйткені орналасуы да, жағдайы да таптырмас дүкен еді. Әрине, біз бұл дүкенге көптеген өзгерістен енгіздік: бірнеше күн бойы отбасымызбен генеральды тазалық жұмыстарын жасадық, өйткені азық - түлік саудасындағы ең бастысы - тазалық деп түсінеміз, содан соң атам мен әкем ішіне керекті бүкіл жиһаздарды жасап берді, кейін су құбырларын жүргізіп, су мәселесін реттеді. Дүкенге қажетті тоңазытқышты, ет кесу, аралау құралдарын және басқа да қажетті жабдықтарды алдық. Осылайша, дүкеніміз көз тоярлықтай әдемі, таза, жабдықталған дүкенге айналды. Дүкеніміз ашылған күннен бастап тұтынушыларымздан дүкеніміз туралы көптеген мақтау сөздерді естудеміз. Сонымен қатар, дүкеніміз ашылуына бірнеше күндер қалғанда отбасымызбен жұдырықтай жұмылып, сатылымға шығаратын басқа да тауарларды, яғни жартылай дайын өнімдерді жасау идеясы келіп, мәзірді толықтырдық. Түрлі тағамдар дайындау анамның ең сүйікті істерінің бірі болатын, сондықтан ол дүкенде етпен бірге өз қолынан жасайтын жартылай дайын өнімдерді сатуды шешті. Барлық қызығы мен қиындығы бірдей болған дайындық күндерін артта қалдырып, 2024 жылғы ақпанның 4 - ші жұлдызында “Гүлжан ет дүкенінің” тұсауын кестік.
«Ет кәсібі - ескілік, бүгінгі және болашақтың берекесі»

Дүкеніміз ет және басқа да азық - түлік өнімін ұсынатын болғандықтан, ең бірінші бір күндік жоспар кұрылады. Өйткені, тамақ өнімінің балғын болғаны өте маңызды. Мәселен, әр күні таңертең қасапшыдан жаңа сойылған, балғын етті алу, дүкенге әкеліп орналастыру болса, кешке сол күнгі пайданы есептеп қасапшымен саудаласамыз. Сондай - ақ, жартылай дайын өнімдерді де күніне қанша көлемде жасайтынымыз күнделікті жоспарланып отырады. Айлық жоспарға келер болсақ, айлық кіріс пен шығындарды ескере отырып, қаржылық жоспар құрамыз.
“Гүлжан ет дүкенінің” артықшылықтарына тоқталар болсақ, ең басты артықшылығы - тек ет қана емес, қолжетімді әрі сенімді жартылай дайын өнімдер, сусындар және шұжық, қазы сынды өнімдер ұсынуында. Кейде жұмыстың көптігінен немесе басқа да себептерден тамақ әзірлеуге уақыт болмайтын кездер болады. Сондай сәтте біздің дүкеннен дайын өнімді алып, уақытыңызды үнемдей аласыз. Бұл әсіресе жұмысбасты адамдарға таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Сонымен қатар, кең таралып жатқан фастфут өнімдерінің алдын - алуға бойыншада аудан тұрғындарына серпіліс болывп келеді.
Клиенттерді тарту мақсатында, дүкенімізде әртүрлі жеңілдіктер болып тұрады. Әсіресе, мерекелерге қарсаң сауда жақсы жүретіндіктен, бағаны 20 пайыздық жеңілдекрге дейін түсіріп тұтынушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Сондай - ақ, белгіленген көлемнен жоғары ет алатын болса жеткізу тегін деген секілді жеңілдіктер жүргіземіз. Тіпті малдың құны өсіп, ет жетіспей қымбаттап жатса да еттің бағасын айтарлықтай көтеріп жібермеуге тырысамыз. Бұл клиенттердің наразылығын тудырмай, олармен жақсы байланыс орнатуда және клиенттерді жоғалтып алмауда маңызды деп ойлаймын.
Қазіргі таңда, сауданы кеңірек дамыту үшін әлеуметтік желілердегі жарнаманың маңызы айтарлықтай жоғары. Сондықтан, анама көмегім тисін деген ниетпен инстаграм парақшасын жүргізуге көмектесемін. Күнделікті стористер салып, дүкеніміздің ашық не жабық екендігі туралы, бүгін не бар не жоғы туралы және қандай да бір жеңілдіктер туралы ақпарат беріп тұрамыз. Одан бөлек, анама дүкеннің ішкі тазалық жұмыстарымен көмектесемін және демалыс күндері жанына шығып, сатуға да көмектесіп тұрамын.
Қорытындылай келе, ет кәсібі - халқымыздың көнеден айналысып келе жатқан берекелі кәсібі дегім келеді. Біздің де бастаған ісіміз берекелі, табысты болып бұдан да үлкен жетістіктерге жетелейді деп сенемін. Ең бастысы, меніңде тұлға болып қалыптасуымда бойыма асқан жауапкершілік, кәсібилік және ең бастысы нағыз қазақ қызының болмысы мен қайсарлығын бойыма қалыптастыруда аталмыш кәсіп орасан зор көмегін тигізіп келеді деп толықтай сеніммен айта аламын.
Кәсіп барда нәсіп бар демекші, әр қазағым бай болсын, кем дегенде бір кәсібі болсын деген тілекпен сөзімді қорытындылаймын!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Гүлдер – жердегі бақыт пен табысқа жетелейтін жұлдыздар»

«Гүлдер – жердегі бақыт пен табысқа жетелейтін жұлдыздар»

Кәсіп – нарықтық сұранысқа негізделген, табыс табуға бағытталған, жарқын болашақты қамтамасыз етуге кепілдік беретін еңбектің еркін түрі....
Табысты көбейтудің 5 дәлелденген жолы

Табысты көбейтудің 5 дәлелденген жолы

Неғұрлым мол өмір - адамдардың көпшілігі қалайды және осы өмір салтына жетудің бір жолы - көп ақша табу. Міне, мұны істеудің төрт жолы бар!...
Неліктен Кеңес Одағында жалпы тапшылық болды

Неліктен Кеңес Одағында жалпы тапшылық болды

КСРО - да қайта құруға дауыс берген адамдар бұл құбылысты мемлекеттік жүйені өзгертуден басқа жоюға болмайтын негізгі факторлардың бірі деп атады....
Мұнай қалай кеңестік жоспарланған экономикасы үшін қарғысқа айналды және од ...

Мұнай қалай кеңестік жоспарланған экономикасы үшін қарғысқа айналды және од ...

Егер сыртқы саяси немесе экономикалық факторлар оның ішкі өміріне қатты әсер ете бастаса, кез - келген тәуелсіз мемлекет тәуелсіздігінен айрылады....
Кәсіп туралы ұлағатты сөздер

Кәсіп туралы ұлағатты сөздер

Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. Ахмет Байтұрсынұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×