Сайтқа кіру Тіркелу

Қытайлық студенттер жаңа жыл мерекесін тойлады

Қытайлық студенттер жаңа жыл мерекесін тойлады

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын қытайлық студенттердің саны артып келеді. Қытайлықтар университетте мамандық алу үшін алдымен Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті мен университеттің ішіндегі Конфуций университетінде қазақ орыс тілдерін үйренеді. Алғашқы тіл үйрену жылдары олар үшін ел өміріне бейімделу жылы. Осы жылдары университет оқытушылары шетелдіктермен бірлесе түрлі мәдени іс - шараларды ұйымдастырады. Солардың бірі – жыл сайын дәстүрлі түрде қытай жаңа жылын тойлау. Аталған шараның мақсаты - өзге елдің мәдениеті мен дәстүрін дәріптей отырып, өз мәдениетіне деген құрметке шақыру, әрі еліміздің әлемдік кеңістікте өзге елдермен жылы қарым - қатынас орнату. Осы бағытта шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары университеттегі Конфуций университетімен бірлесе Қытай жаңа жылын жоғары дәрежеде ұйымдастырып, өткізді. Жаңа жыл мерекесінің құрметіне іс - шара барысында қытай елінің ұлттық тағамдары әзірленіп, қытай мәдениетінен көрініс беретін көрмелер ұйымдастырылды, ұлттық ойындар ойналды, қытай, орыс қазақ тілдерінде әндер айтылып, билер де биленді. Аталған мерекенің негізгі белсенді қатысушылары қытайлық жастар болды, университетте қазақ және орыс тілдерін оқып жүрген өзге шетелдіктер аталған шараға қонақ ретінде шақырылды. Жапон студент Мичихиро мерекеде қытайлық достарына қонақкәде ретінде қазақтың халық әні "Еркем - айды" нақышына келтіре орындап берді. Мичихиро Токио қаласынан қазақ тілін оқуға келген студент. Қысқа мерзімде қазақ тілін жетік меңгеріп алған ол енді қазақ мәдениетіне деген қызығушылық танытып, домбыра сабағын алып жүр. Мереке күні қытайлық жастар ерекші көңіл күйде болды. Елдеріне жырақта жүрген олар жат жерде өз дәстүрлері мен өнерлерінің жаршысы болғандарына ерекше рахаттанған сыңайлы.
Іс шараны ұйымдастыру арқылы оқытушылар әр түрлі этнос өкілдерінен тұратын ортада ынтымақтастық бірлік, өзара сыйластық қалыптастыра білді, өзге ұлт өкілдерін бір ортада ұжым ретінде дұрыс ұйымдастыра білуге талпынды. Шара барысында шетелдік тіл үйренушілер қытайлықтардың мәдениеті мен дәстүрі туралы біраз нәрселер білді. Олардың қытай мәдениетіне деген қызығушылықтары мен құрметі арта түскен сыңайлы. Кеште «Тілге құрмет - елге құрмет» деген ұстаным да назардан тыс қалмады. Қытайлықтар өздері үйреніп жүрген орыс, қазақ тілдерінде де өнерлерін ортаға салды.

Әл - фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушылары Г. Ә. Машинбаева, Р. И. Дүйсенбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...

Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әртүрлі елдерден келген шетелдік студенттер оқиды. Қытайлық...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Студенттерге тіл мен мәдениетті қатар меңгерту маңызды

Студенттерге тіл мен мәдениетті қатар меңгерту маңызды

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО дейінгі факультеті университеттегі мамандыққа дайындайтын басқа факультеттерге ұқсамайды,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×