Сайтқа кіру Тіркелу

Тарихты оқыту үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың тәрбиелік маңызы

Тарихты оқыту үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың тәрбиелік маңызы

Жоғары білім республикамыздың барлық салалары үшін маңызды және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады. Жас ұрпақ біздің болашағымыз, сондықтан оларға кәсіби білім берумен қатар өз мамандығын сүюге, қызығушылығын арттыруға жол ашатын саясаттар қолға алыну керек. Осы ретте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетел тыңдаушыларына, соның ішінде шетелден келген қандастарымызға білім және тәрбие беруде жоғары нәтижеге ие екендігін айта кетуімізге болады.
ХХІ ғасыр озық және жаңа технологиялар ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда білім жүйесінде де осы технологияларды заман талабына сай, кеңінен қолдану сапалы білімге жетелейді. Әсіресе халықаралық деңгейдегі кредиттік жүйеге өткен жоғарғы оқу орындарында білім алушыға инновациялық үрдісте білім берудің жаңа жолдарын ашары сөзсіз. Ал «инновация» деген ұғымға қысқаша тоқталатын болсақ, бұл нақты қойылған мақсатқа, ойға алынған жаңа нәтиже. «Инновация» деген ұғымды кейбір авторлар «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық» деп атауға болатындығын атап көрсетеді. Демек инновациялық технологияларды пайдалану дегеніміз тек қана жаңа әдіс ойлап табу деген сөз емес, сонымен қатар бұрын қолданып келген әдістерге жаңаша түр беру немесе сол әдіске өзгеріс енгізу болып табылады.
Шетелден келген өзге ұлт өкілдеріне тарихты дәріс түрінде ғана оқыту бұл қателік. Өйткені тарихымызға қатысты дүниелердің барлығын құр сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Сондықтан неғұрлым көрнекіліктер көбірек қолдану керек. Көрнекіліктерді қолдана отырып сабақ түсіндіру бұрыннан да қолданылып келе жатқан әдістердің бірі екенін ескере кеткен жөн. Біз тек бұрын қоллданып келген әдістерге жаңа түр береміз. Көрнекі құралдар қашанда педагогтің ауызша айтқан сөздерін нақтылайтын, бекітетін оқыту әдісінің тиімді түрі болып табылады. Көрнекіліктердің ішінде карта, диаграмма, кесте, таблица, плакат немесе борды пайдалану керектігін айтпасақ та жеткілікті.
Қазіргі кезде шетел тыңдаушылары мен шетелден келген қандастарымызға Отан тарихын оқытудың жаңа технологияларын қолдану әдісі білім беруде де, тәрбие беруде де өте тиімді деп айтуымызға болады. Тыңдаушыларға тарихи терминдерді, деректерді, кестелерді, тірек - сызбалар мен тақырыптарға қатысты суреттерді проектор арқылы слайдтармен көрсету арқылы түсіндіру оқытушы мен тыңдаушының уақытын үнемдейтіндігі белгілі. Сонымен қатар тыңдаушыға түсіну оңайға соғады және ой - өрісінің кеңеюіне, тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Кез - келген пәнді оқыту барысында тыңдаушыға тәрбие жұмысы қатар жүретіндігі бізге мәлім.
Үй тапсырмасын сұрау барысында да тыңдаушыға дәптерден қарап оқып беру немесе дәріс кезінде жазылған тақырыппен ғана шектеліп қалмай ізденіске үйрету біздің мақсатымыз. Осы орайда тыңдаушының сөйлеу қабілетін арттыру үшін үй тапсырмасын тақтаға шығып, өзін емін - еркін саралауға, бойын түзеп, өзін лектор ретінде сезінуіне мүмкіндік беру. Бұл елім, жерім деп келген қандас бауырларымыздың өз елінде еңсесін тік көтеріп жүруге тәрбиелейді. Сабақты пікір - талас арқылы жүргізу де тыңдаушының өз ойын еркін саралауына мүмкіндік береді. Сабақ түсіндіру барысында компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы ойындар жүргізу, деңгейлік тапсырмалар орындату, слайдтардағы кесте және тірек - сызбаларын қолдану тыңдаушының жан - жақты болуына мүмкіндік туғызады. Осындай технологияларды сабақтарда үздіксіз пайдаланып, оны жаңа әдістермен үнемі толықтырып отыру оқытушының шеберлігі.
Қорыта келсек, тарих пәнін түсіндіруде заманауи жаңа технологияларды қолдану – оқытушыға сабақты жоғары сапада өткізуге пайдалы және тыңдаушының түсінігіне орасан зор әсерін тигізіп, білім сапасын жоғары деңгейде көтереді. Сонымен қатар тыңдаушыларды оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен қызығушылығына ықпал етеді. Сондықтан да осындай түрлі әдістерді сабақта қолдану тыңдаушының тәрбиесіне де жақсы ықпал етеді деген ойдамыз.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
оқытушылары Ибрагимова М. Н., Тасилова Н. А., Нұртілеуова С. Р.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Онлайн курстың қажеттілігі

Онлайн курстың қажеттілігі

«ЖАОК» – жаппай ашық онлайн курс, бұл электрондық түрдегі ақпараттық мультимедиялық құрал болып табылады, оның құрамына келесі авторлық құқық -...
Болашаққа бағыт беретін білім ордасы

Болашаққа бағыт беретін білім ордасы

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тарихы 1985 жылдан бері әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс жасап келе жатқан...
Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ, А. Е. Мергазина...
Сапалы білім беру маңызы

Сапалы білім беру маңызы

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...
Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі Ералимова Ғалия Болатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×