Болашаққа бағыт беретін білім ордасы
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тарихы 1985 жылдан бері әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс жасап келе жатқан Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тарихының бір бөлігі болып табылады. Кафедрамызда шетелден келген қандастарымызға білім беріп қана қоймай тәрбие жұмыстарын қатар алып жүреді. Өйткені тәрбие жұмыстары оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеу, біздің елдің өткені мен қазіргі қалпын көрсету арқылы тарихымен, мәдениетімен таныстыру. Оқу үдерісінде, күнделікті тұрмыста кездесетін кез - келген мәселелерді шешуде оларға куратор - эдвайзерлер жол көрсетеді. Осы бағытта оқу жылының алғашқы аптасында жылдық тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, сол бойынша жұмыстар атқарылады. Атап айтқанда:
Оқу жүйесімен, жатақхананың ішкі ережелерімен таныстыру;
Түрлі ортада өзін қалай ұстау керектігі жайлы әңгіме өткізу;
Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында тұру ережелері;
Жеке бас тазалығы мен денсаулық күтімі;
Жол жүру ережелерімен таныстыру;
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау сияқты тақырыптарда әңгіме сағаттарын өткізу;
Бұл жұмыстармен қатар факультетте тыңдаушыларды қала өмірімен, республиканың өткені мен бүгінгі күнгі тарихымен кең ауқымды таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда оларды қаланың көрікті жерлерін аралатумен қатар ел тарихынан мол мағлұматтар беретін мұражайларға, тарихи орындар мен театр қойылымдарына алып бару қарастырылған.
Факультет тыңдаушылары арасында айына бір рет кең көлемдегі тәрбиелік мәдени шаралар өткізіледі. Республикалық айтулы мерекелік күндер де факультет ұжымының тарапынан тыс қалмайды. "Қазақстанға қош келдің!", "Тәуелсіз елім - кең байтақ жерім!", "Желтоқсан жаңғырықтары", "Наурыз мейрамы" т. б. шаралар - осының айғағы.
Кафедра әр түрлі тәрбиелік мәні бар жобалар аясында іс - шаралар өткізіп тұрады. Оларға мынадай жобалар жатады: «100 кітап», «Айналаңды нұрландыр», «Дені саудың жаны сау», «Гринкампус». Тәрбие жұмыстарының, клуб пен үйірмелердің барлығының ортақ мақсаты - тыңдаушыларды бір жыл ішінде өз қызығушылықтары бойынша жаңа ортаға бейімдеп тәрбие бағыт – бағдар беру.
Кафедра тыңдаушылары жыл сайынғы өткізілетін халықаралық, республикалық деңгейдегі конференциялар мен жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде өтетін конкурстарға белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар әр түрлі клубтар мен үйірмелердің мүшелері болып табылады. Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы шетел тыңдаушыларына, соның ішінде шетелден келген қандастарымызға білім және тәрбие беруде жоғары нәтижеге ие екендігін айта кетуімізге болады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
оқытушылары Ибрагимова М. Н., Нұртілеуова С. Р., Мужигова Г. М.
Болашаққа бағыт беретін білім ордасы
- ramuk_b
- 15 қаңтар 2025
- 14
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Болашаққа бағыт, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында...Онлайн – саяхат. Алматы. Тарих және қазіргі заман
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Басқа елдерден Қазақстанға оқуға келетін шетелдік азаматтар университетте болған алғашқы күндерінен бастап олар үшін таныс емес әлеуметтік - мәдени,...Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдік ты ...
2023 жылы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.