Жақсылық жасау - игі іс
Жақсылық жасау – ақшаның өлшемі емес, жүректің ісі. Жылы сөз, жақсы көзқарас арқылы да жақсылық жасауға болады.
Жақсылық жасау дегеніміз біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. - Жақсы істер жасап қуатсаң, көңілің қуанышқа бөленіп, бақытты боласың.
Білім – өмірдің бұлағы болса, жоғары оқу орны бұлақтың қайнар көзі, білімге сусаған жастарға бастау болған әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы өз тұғырын тауып, түлеп ұшып кеткен қырандарын әлі де біліммен сусындатып келеді. Әртүрлі іс - шаралар да болсын, мұражайларға баруда да бұрынғы түлектерін шақырып жаңа түлектермен бірге ғылыми конференцияларға қатыстыру, әлі де білім нәрімен сусындатып, ғылыми бағытта бағыт бағдар беріп, жан дүниемізді дамытып келеді. Сондай - ақ қоғамдық жұмыстарға араластырып тұрады. Мәселен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тұрақты даму мақсаттары аясында (ТДМ - 1) «Жақсылық жасау - игі іс» - атты іс - шарасын дәстүрлі түрде өткізіп тұрады. Соның бірі - кешегі тыңдаушы, бүгінгі студент түлектеріміздің алғашқы білім ұясындағы кездесулері.
ҰБТ - ға дайындалған кітаптарды келесі топтарға үлестіру мақсатында тәрбиелік сағат өткізіп. 2023 - 2024 жылдың түлектеріне ҰБТ емтиханына дайындық жасауда біздің тәжірбиемізді олармен бөлістік. Жетістікке жету, әр істе көшбасшылық болу үлкен еңбекпен қарашаңырақтың үздіксіз берген білімінің арқасы.
Мақсат: тыңдаушылар арасында достық қарым - қатынас пен адамгершілік қасиеттерді шыңдау. Өзара тәжірибе алмасу.
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушылары: Г. М. Мужигова, С. Р. Нұртілеуова.
Жақсылық жасау - игі іс
- ramuk_b
- 15 желтоқсан 2024
- 418
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жақсылық жасау, ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Ұқсас жаңалықтар:

Ботаникалық баққа саяхат
Қазақ елінің өсімдік әлемі жинақталған бірден - бір ғажайып жер, Алматының көруге таңсық көрікті ғажаптарының бірі – Ботаникалық бақ....
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...
Рухани демалыс
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының «Рухани...
Ұлттық киiмді ұлықтау
Бүгінгі таңда елімізде тек айтулы Көрісу күні, Наурыз мейрамы секілді мерекелерді есептемегенде, күнделікті өмірде ұлттық нақыштағы киімдерімізді кие...
"Мамандық таңдау: мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды таңдаймын"
Жастардың маңызды мәселелерінің бірі - мамандық таңдау. Дұрыс таңдалған мамандық жастарға өз қабілеттерін толық іске асыруға, шығармашылықпен жұмыс...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.