Сайтқа кіру Тіркелу

Экология және тұрақты даму

Экология және тұрақты даму
Тұрақты даму – қазіргі буынның жеке қажеттіліктерін болашақ ұрпақтың талабына зиян келтірмей қанағаттандыратын даму ретінде анықталады. Жаһандық сын - тегеуріндерге жауап бере отырып, ЮНЕСКО адам өмірін жақсартатын бірыңғай ережелерді ұстануға шақырады. Бұл тұрақты даму іс - шараларын іске асыру үшін әрбір университет жинақталған ғылыми және басқарушылық әлеуетін пайдалана отырып күш жігерін біріктіреді. Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасында және әлемге танылған, жаңа білім мен технологияларды генерациялау мен трансферттеу сондай - ақ, білім және ғылымды интеграциялау арқылы тұрақты дамудың ажырамас бөлігі болатын жоғары оқу орны. Қазіргі әлеуметтік, экологиялық, экономикалық жағдай мен терең дағдарыс заманында қоршаған орта жасампаздығына көбірек назар бөлінеді. 2002 жылы Йоханнесбургте өткен БҰҰ саммитінде сарапшылардың көпшілігі әлемдік қоғамдастық қызметінің басым бағыттарының бірі – тұрақты даму мүддесіндегі білім болып табылатынын атап өтті. Осыған орай, университет тұрақты даму тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыру мақсатында - қоғамда өз орнын қалыптастыруға дайын маман мен азаматтарды даярлауда басты рөлді атқарады.
Тұрақты даму мақсаттарының 6 бабындағы «Таза су мен санитария» тақырыбында ЖОО дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Р. И. Дүйсенбаева мен Г. Ә. Машимбаева, Г. Ә. Мұсаева қазақ тілін үйреніп жатқан жатқан қазақ топтарында қазанның 29 жұлдызында «Жасыл энергетика» тақырыбында іс - шара өткізді. Іс - шарада барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның болуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз етудің мақсаты мен көрсеткіштері таныстырылды. Атап айтқанда, 6. 1 2030 жылға қарай барлығы үшін қауіпсіз және арзан ауызсуға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетімділікті қамтамасыз ету көрсеткіші 6. 1. 1 қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылған сумен қамту қызметін пайдаланатын халықтың үлесі, 6. 2 2030 жылға қарай тиісті санитариялық - гигиеналық құралдарға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетімділікті қамтамасыз ету және қауіпті жағдайдағы әйелдер мен қыздардың және адамдардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, ашық дефекацияны тоқтату, көрсеткіші 6. 2. 1 сабынмен және сумен қол жууға арналған құрылғыларды қоса алғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаумен ұйымдастырылған санитария қызметтерін пайдаланатын халықтың үлесі жайында әңгімеленді

Әл Фараби атындағы КазҰУ, ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Шетелліктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Р. И. Дүйсенбаева, Г. Ә. Машимбаева, Г. Ә. Мұсаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Экология – ел тынысы

Экология – ел тынысы

Бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі экология мәселесі. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер қоршаған ортаны қорғау...
Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының тезистерін іске асыру

Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының тезистерін іске асыру

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру...
«Тіршілік көзін» үнемдеу туралы тақырып тарқатылды

«Тіршілік көзін» үнемдеу туралы тақырып тарқатылды

Универститетте оқитын студенттерге сапалы білім берумен қатар, түрлі бағытта тәрбие беру оқытудың басты принциптері болып табылады....
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×