Ұлттық дәстүріміз дәріптелді
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында Бауырсақ - пати! іс - шарасы болып өтті. Іс - шараны факультет деканы С. А. Сартаев құттықтау сөзбен ашып, ұлтымызды ұлықтайтын жұмыстардың жалғаса беруіне тілектестік білдірді.
Жан - жақтан жиналған қандас бауырларда өнерлі өрендер өте көп. Ары қарай солардың бірі 25 - топтың тыңдаушысы Арай Мухарапқызы осы мерекеге өзінің арнау өлеңін тарту етті. Ұлттық нақыштағы киімдермен құлпырып, «Бір шәугім шай», «Қазақ осы» деп ән салған қыз - бозбалалардың көзінен қуаныштың, болашаққа деген зор үміттің жалынын көруге болатындай. Өскен ұясы, аялы ауылын шекараның арғы бетіне қалдырып, тәуекелге бел байлап, өз отанының бір кірпіші боп қалансам деп келген жәудір жанарлардан сағыныш ізі де байқалады, әрине.
Тақырыбынан байқалып тұрғандай бұл жиынның дәмі де, сәні де бауырсақ болды. Берекелі дастарханнан барша жиын дәм татып, көңілді тарқасты. Бұл шараның жоғарғы деңгейде жүрілуіне мұрындық болған ға оқытушылар Ж. С. Әділханова, Т. Буланова, Н. Мәжиқызы сынды ұстаздарымыздың еңбегін ерекше атап өтпесек болмас. Қорыта айтсақ, бұл іс - шара ұлттық құндылықтарды жаңғыртумен қатар оқу орнына алғаш табан тіреген шәкірттердің өнерлерін ортаға салып, өзара жақын танысуына себеп болған алғашқы жұмыс ретінде есте қалды.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары Ж. С. Әділханова, С. Р. Нұртілеуова
Ұлттық дәстүріміз дәріптелді
- ramuk_b
- 18 қараша 2024
- 154
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұлттық дәстүр, бауырсақ - пати, ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:
14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Ұлттық киiмді ұлықтау
Бүгінгі таңда елімізде тек айтулы Көрісу күні, Наурыз мейрамы секілді мерекелерді есептемегенде, күнделікті өмірде ұлттық нақыштағы киімдерімізді кие...14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.