ҚазҰУ: Азияның үздік университеттері қатарында – мәдениет пен білімнің үйлесімі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Al - Farabi Kazakh National University) Азияның жетекші 30 университетінің қатарынан лайықты орынды иеленді. Бұл – жоғары академиялық білім сапасының, ғылыми әлеуетінің және студенттер қауымдастығын тұрақты қолдауының белгісі. Мұндай маңызды жетістік университет ұжымының бірлескен еңбегінің, соның ішінде дайындық факультеті оқытушылары мен қызметкерлерінің ерекше үлесінің нәтижесі болып табылады. Олар студенттердің жоғары білім алудағы алғашқы қадамдарынан бастап жан - жақты қолдау көрсетіп, академиялық қана емес, сонымен қатар мәдени және кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікке бағыттайды.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушыларды, оның ішінде тарихи Отанына оралған этникалық қазақтар мен Қазақстанда білім алуға келген шетелдік студенттерді қолдауда маңызды рөл атқарады. Кафедра ұстаздары тыңдаушыларды Қазақстанның білім беру жүйесіне бейімдеуге, елдің мәдени және тарихи дәстүрлерімен танысуға және болашақта жоғары білім алу жолында мықты академиялық негіз қалыптастыруға ықпал етеді. Шетелден келген тыңдаушылар, оның ішінде этникалық қазақтарға қолдау көрсету факультет жұмысының негізгі бағытына айналған. Оқытушы - кураторлар тыңдаушыларға мәдени және академиялық тұрғыда толыққанды интеграциялануға жәрдемдесіп, жаңа білім беру ортасына сәтті бейімделуге және Қазақстанның жаңа әлеуметтік ортасына үйренулеріне жағдай жасайды.
Биыл этникалық қазақтарға тарихи Отанымен байланысты тереңірек сезінуге көмек көрсету, ал шетел тыңдаушыларын Қазақстан мәдениетімен таныстыру мақсатында факультет «Атамекенге қош келдіңіз» атты іс - шара ұйымдастырды. Бұл шара ҚазҰУ - дың студенттерге көрсететін жылы шырайлы қонақжайлылығының және ұлттық мәдениет пен тарихи мұраға деген терең ықыласының символына айналды. Бағдарламада қазақтың халық әндері мен дәстүрлі күйлері орындалып, ұлттық билермен сүйемелденді.
Іс - шара аясында Дүниежүзі қазақтарының қоры қандас студенттерге арнайы шәкіртақы тағайындады. Бұл бағытта ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы, Дүниежүзі қазақтары қорының мүшесі Нұрлыхан Мәжиқызы ерекше еңбек сіңіруде.
Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар бірлескен шығармашылық қойылымдар дайындап, бірлік пен ынтымақтастықты көрсетті, бұл шетелден келген барлық студенттер үшін бейімделу үдерісінің маңызды сәтіне айналды. Концерт оқытушылар мен факультет әкімшілігі және тыңдаушылар арасындағы қарым - қатынасының қолдау, мотивация, сенім мен құрмет негізінде құрылғанын анықтады.
Бұл іс - шара студенттер мен оқытушыларды біріктіріп қана қоймай, ҚазҰУ - ды мәдени алмасу мен ұлтаралық диалогтың орталығы ретінде нығайтудағы тағы бір қадам болды. ЖОО дейінгі білім беру факультеті мен ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы тек білім беру алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени интеграция үдерісіндегі маңызды буын ретінде де танылып отыр.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды Азияның үздік университеттері қатарында танылуы оның жоғары академиялық деңгейін ғана емес, сонымен бірге дәстүрлерді сақтау, замануи сапалы білім беру мен тұрақты мәдени кеңестік құруға бағытталған бастамаларының маңыздылығын көрсетеді.
ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
С. Сағнайқызы, С. Нұртілеуова
ҚазҰУ: Азияның үздік университеттері қатарында – мәдениет пен білімнің үйлесімі
- ramuk_b
- 31 қазан 2024
- 293
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ҚазҰУ, Азияның үздік университеттері қатарында
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан және Моңғолия: білім беру саласындағы халықаралық байланыстар
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму...Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...Қазақ және орыс тілдерін оқитын қытай студенттерінің мәдениетаралық бейімде ...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әртүрлі елдерден келген шетелдік студенттер оқиды. Қытайлық...Наурыз айындағы ұлттық тәрбиелік іс - шаралардың маңызы зор
Жыл сайын көктемде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың барлық факультеттерінде жастарды рухани - адамгершілік және мәдени - эстетикалық тәрбиелеуге...14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.