Экология – ел тынысы
Бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі экология мәселесі. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер қоршаған ортаны қорғау мәселелері ретінде жиі кездеседі. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс - әрекеттері ғаламшардағы тіршілік үшін қауіп тудыратын өзгерістерді тудыратын деңгейге жақындады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Экология ел тынысы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс - шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Франция, Жапония, Вьетнам, Канада және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер белсенді қатысты.
Бұл іс - шара барысында қатысушылар Президент Қ. К. Тоқаевтың «климат жөніндегі төтенше жағдай жаһандық дағдарыс екенін, оның әлемдік деңгейдегі жауапкершілікті талап ететінін, ұжымдық іс - әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шешуге болады» деген сөзін негізге ала отырып, дүниежүзінде көтеріліп жатқан экологияға байланысты мәселелердің қатары болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нақты шаралар туралы кеңінен əңгіме өрбітіліп, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, еліміз жекелеген «жасыл» бастамаларды белсенді түрде қолдайтыны жайлы, пластикалық қалдықтардан құтылу жөніндегі жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорынның экологияны қорғауға қосып отырған үлесі туралы, Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуға қатысты еліміздің шешімі туралы, көмір проблемасы, су тапшылығы, Арал теңізі жайлы мәселелер қызу талқыланды.
Баяндамашылар Климат жөнінде, болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нақты шаралар жөнінде сөз етті.
Іс - шараға қатысушылар да Климат жөнінде өз пікірлерін білдіріп, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары «табиғат шектен тыс кездейсоқтықты, еркіндікті көтермейтінін, табиғат та адамның жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялык апаттарды «сыйға» тартатынын, апатты құбылыстар бүкіл ғаламшардың ырғақты тепе - теңдігін бұзып, дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупін туғызатынын» айта отырып, экологияның мән - мазмұнына тоқталып, «дүние жүзіндегі экологиялық жағдайлар» жөнінде кеңінен баяндай келе, ол жастарды өзімізге және болашақ ұрпаққа планетамызды сақтауға шақырды. Сонымен қатар, экологиялық апаттардың себептері мен салдары, сондай - ақ жастардың туған өлкенің табиғатын сақтаудағы орны туралы баяндалды.
Кафедра оқытушылары экология мәселелеріне байланысты дайындаған баяндамаларын оқығаннан кейін тыңдаушыларға осы тақырыпта бейнефильмдер көрсетілді. Шара кезінде шетелдік студенттер өздерін қызықтыратын әрі толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алып, еркін пікір алмасты.
Бұл іс - шара шетелдік студенттерге экологиялық білім беруде үлкен маңызға ие болды. Ғылыми - рухани тұрғыда мәдени диалог түрінде жоғары деңгейде өтті.
Айгүл Саденова, Таисия Курманова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының оқытушылары
Экология – ел тынысы
- ramuk_b
- 31 қазан 2024
- 301
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Экология, мақала, адамзат өркениеті, «жасыл» бастамалар
Ұқсас жаңалықтар:
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман -...Экология – ел тағдыры
Бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі экология мәселесі. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер қоршаған ортаны қорғау...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.