Сайтқа кіру Тіркелу

«Құрлық экожүйелерін сақтау» атты іс - шара өтті

«Құрлық экожүйелерін сақтау» атты іс - шара өтті

Қазіргі кезде елімізде тұрақты даму мақсаттары жайында жиі айтылып, оның маңыздылығы қоғамда талқылануда. Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Соның 15 - ші мақсаты – құрлық экожүйелерін сақтау. Экожүйені қорғау және оны қалпына келтіру – үлкен мәселе. Осы тұрақты даму мақсаттары аясында қолға алынатын шаруа аз емес. Осы орайда, студент жастарға тұрақты даму мақсаттарын түсіндіріп, оларға экологиялық тәрбие беру мақсатында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Е. Өзенбек «Тарих» мамандығының студенттерімен «Құрлық экожүйелерін сақтау» атты іс - шара өткізді. Бұл іс - шараның мақсаты студенттерді қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруімен күресу үшін жасалуы мүмкін әрекеттер туралы білім беру және ақпараттандыру болды.
Іс - шара барысында оқытушы Е Өзенбек өз сөзінде қоршаған ортаны дұрыс пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру, биологиялық алуантүрліліктен айырылу үдерісін тоқтатуға қоғам болып күш салу керектігін айта отырып, бұл қоршаған ортаны қалдықтардан тазарту, қалдық - тарды қайта өңдеу, топырақта ыдырамайтын материалдардан жасалған зат- тарды тұтыну көлемін азайту немесе тоқтату, бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның фаунасы мен флорасына және адамзаттың өмір сүруіне кедергі келтіретін барлық антропогендік факторлардың ықпалын азайту немесе мүлдем болдырмауға ұмтылу қажеттілігі жайлы түсіндіре отырып, әр адам - ның қоршаған табиғатты күтіп - баптап, зиянды қалдықтарды тастамай, оларды өңдейтін арнайы орындарға жеткізуі де осы аталған мақсаттың орын - далуына үлесін қосқаны болып есептелетінін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, іс - шара барысында студенттерге пластикалық ыдыстардың химиялық құрамы мен қасиеттері, олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына зияны жайында мәліметтер берілді. Пластиктен жасалған ыдыстар, түрлі бұйымдар топырақта ыдырамай, жер бетін қатты қалдықтарға толтырып жатқаны әрі ол топырақ эрозиясына әкеп соқтыратыны, бұл экожүйе үшін үлкен апат екені туралы сөз болды. Сондықтан студент жастарға пластик заттарды тұтыну мөлшерін азайту және әрбір тұтыну барысында саналы түрде ойланып, пластик ыдыстардың орнын басқа мате- риалдан жасалған ыдыстармен алмастыру керектігі түсіндірілді.
Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді және өзара пікір алмасты. Жер бетіндегі экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалануды ынталандыру, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенумен күресу, жердің тозуын тоқтату және кері қайтару және биоәртүрліліктің жоғалуын тоқтату, су мен энергияны тұтынуды азайту, қалдықтарды жою және ресурстарды тұрақты пайдалануды ынталандыру сияқты нақты қадамдар ұсынылды. Көптеген студенттер болашақта қоршаған ортаны қорғауға байланысты жобаларға қатысуға ниет білдірді.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Тарих факультеті,
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Өзенбек Еркебұлан.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілік – тазалық таразысы

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен басталған «Таза...
Планетаны сақтау: Жер күнін ашық талқылау

Планетаны сақтау: Жер күнін ашық талқылау

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Жылу физика және техникалық физика» кафедрасына қарасты «Стандарттау және Сертификаттау»...
Тұрақты даму мақсаттары аясындағы «біртұтас тәрбие» атты іс - шара

Тұрақты даму мақсаттары аясындағы «біртұтас тәрбие» атты іс - шара

Жатақхана – студенттің үйі. Сондықтан кез келген жас студент атанған соң жатақханаға жатып, студенттік шақтың қызығы мен қуанышын достарымен бірге...
Экология – ел тағдыры

Экология – ел тағдыры

Бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды мәселелерінің бірі экология мәселесі. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер қоршаған ортаны қорғау...
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×