Сайтқа кіру Тіркелу

25 қазан – Қазақстан Республикасы күні!

25 қазан – Қазақстан Республикасы күні!

25 қазан - Қазақстан Республикасы күні мемлекеттіліктің символы болып саналатын маңызды мереке, еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Дәл осы күні 25 қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. Бұл – қазақ тәуелсіз мемлекет ретінде танылған алғашқы оқиға. Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген бұл күнді мереке етіп өткізу қазақ халқының қуанышы.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «25 қазан – Қазақстан Республикасы күні!» ұлттық мереке қарсаңында ашық кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, фото көрмелер ұйымдастырылып, түрлі танымдық іс - шаралар өткізілді.
Бұл іс - шараларға кафедраның оқытушылары мен Қытай, Корея, Франция, Жапония, Вьетнам, Түркия және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер белсенді қатысты. Басты мақсаты – шетелдік жастардың еліміздің тәуелсіздігінің айғағы – 25 қазан Қазақстан Республикасы күні – ұлттық мереке туралы түсініктерін кеңейту, саяси маңызын ұғындыру және насихаттау, қазақ елінің тарихын білуге, рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Кафедрада «25 қазан - Қазақстан Республикасы күні!» ұлттық мерекесіне байланысты шетелдік студенттер оқитын бірқатар топтарда өткен ашық кураторлық сағаттар барысында оқытушылар дайындаған баяндамаларымен таныстырғаннан кейін тыңдаушыларға осы тақырыпта бейнефильмдер көрсетті. Сонымен бірге енді басқа топтарда өткен дөңгелек үстел кезінде шетелдік студенттер өздерін қызықтыратын әрі толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алып, еркін пікір алмасты. Және бірнеше топтар арасында осы мерекеге арналған фотокөрме өтті.
Бұл шетелдік студенттердің рухани - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы әрі маңызды іс - шаралар болды.

А. Е. Саденова., Б. М. Айтбаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының доценттері
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман -...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×