Сайтқа кіру Тіркелу

Мұражай - тарих айнасы

Мұражай - тарих айнасы
Халқымыздың сан ғасырлардан тамыр тартатын өткені мен бүгіні, жылдар қойнауындағы құндылығы мен тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа жеткізуде мұражайдың маңызы зор. Мұражай – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан - ұрпаққа жалғап отырады.
Қазіргі жаһандану үдерісінің даму кезеңінде әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізгі қызметі жас ұрпаққа оқу мен кәсіби білім ғана беріп қоймай, жан - жақты жетілген, эстетикалық талғамы биік, рухани - адамгершілік мәдениеті жоғары, әлемдік мәдениеттен хабары бар, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп қалыптастыру. Осыған байланысты оқу - тәрбие үдерісінде жастарды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін құрметтеуге үйрету, шыншылдыққа тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Бұл бағытта өзінің зор мүмкіндігімен тарихи - өлкетану мұражайларының атқаратын рөлі жоғары деуге болады. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім - тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Студенттер ғылыми - ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағытта – «Есік» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайына экскурсия жасап отырады. Бұл жобаны жүзеге асырудағы мақсат - Сақтар мәдениетімен және «Алтын адам» тарихымен кеңінен таныстыра отырып, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мәдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу.
«Есік» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайы – Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан еліміздің мәдени туризмін дамытуда стратегиялық маңызды объектілердің бірі. Студенттер аталмыш мұражай қызметкерлерінің мұражай экспозициялық залдары бойынша мұражай қорындағы құнды экспонаттар мен мұражай тарихынан, «Алтын адам» тарихынан, сақ заманындағы тарихи жәдігерлер жайлы таныстырылымын мұқият тыңдап, баға жетпес тарихы мен ұлттық құндылықтары жөнінде жан - жақты мағлұматпен таныса алады. «Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы» және «Уақытша көрмелер залы» атты 4 экспозициялық зал мен «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі – археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың мемориалдық бөлмесін аралап тамашалай алады. Өскелең жас ұрпақ бүгінгі Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін біліп, оны құрметтеуге үйренеді. Бүгінгі жаһандану заманында еліміздің тарихы мен тағлымын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен жасалып жатқан ауқымды жұмыстарды ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі.

Өзенбек Еркебұлан
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы
Тарих факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мәдени мұра - ұлт тарихы

Мәдени мұра - ұлт тарихы

Қазіргі уакытта мұражайлар Қазақстанның мәдениет тарихында ерекше орын алады. Негізінен тарих куәсі, оқу - тәрбие орталығы, елдің асыл қазынасы болып...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат

Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат

Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда...
Д. А. Қонаевтың үй - мұражайына саяхат

Д. А. Қонаевтың үй - мұражайына саяхат

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттері Алматыдағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×