Сайтқа кіру Тіркелу

Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілік – тазалық таразысы
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында университетшілік «Таза кампус» акциясы өткізілді. Аталған акцияға Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес, тарих факультетінің ұжымы да үн қосып, тазалық шараларын ұйымдастырды. «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әрбір ҚазҰУ - лықтың басты міндеті. Кампустың айналасын, ішін толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, оқу ғимаратының көркеюіне өз үлестерін қосты.
Білім алушы жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп, ҚазҰУ қалашығының санитарлық жағдайын жақсарту - сенбілік өткізу мақсаты болып табылады.
«Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Бұл уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет», – деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында.
Білім алушы студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен өткен сенбілік студенттердің бойына экологиялық мәдениет қалыптастыруға өз септігін тигізді деп есептеуге болады.

Өзенбек Е. Р
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Тарих факультеті,
Қазақстан тарихы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тазалық апталығы

Тазалық апталығы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, өтіп жатқан тазалық апталық сенбілігіне әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
Тұрақты даму мақсаттары аясындағы «біртұтас тәрбие» атты іс - шара

Тұрақты даму мақсаттары аясындағы «біртұтас тәрбие» атты іс - шара

Жатақхана – студенттің үйі. Сондықтан кез келген жас студент атанған соң жатақханаға жатып, студенттік шақтың қызығы мен қуанышын достарымен бірге...
Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×