«Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем»
Жыл сайын «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі тойланып, аталып өтеді. Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары шетелдік студенттерге «Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында іс – шара өткізді.
Кафедраның оқытушылары бұл мереке туралы, тілдің мәні туралы шетелдік студенттерге түсіндіріп, бейнежазбалар, танымдық тапсырмалар, тілдің құдіреттілігіне байланысты музыкалық шығармалар ұсынды.
Бұл өткізілген іс - шараның жалпы мақсаты – шетелдік студенттердің мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйренуіне, тілдің әлеуметтік - коммуникативтік қызметін кеңейтуге, тіл байлығын дамытуға байланысты қолдау көрсету, ынталандыру, тіл туралы білімін жандандыру және кеңейту, тілдерге сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.
Іс - шараға Қытай, Корея, Жапония және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Қазмағамбетова сөз алып, жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстан халқы тілдері күні ҚР Үкіметі қаулысымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілгенін, себебі, 5 қыркүйек – қазақ тілінің білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы, Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екендігін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан елінде түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүретінін, олардың әрқайсысының ана тілінің басқа халықтар тіліне қатысты тағдыры бар екенін, тіл арқылы адамдар бір - бірін танып біле алатынын және кез - келген халықтың рухани мәдениетімен, дәстүрлерімен, салттарымен танысу үшін де тілге жүгінетінін, бұл мереке елімізде 5 қыркүйек күні тойланатынын атап айтты. Бұл мерекеге арналған танымдық іс - шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасындағы барлық ұлттардың достығына өз үлесін қосты деп санауға болады.
А. Е. Саденова., А. С. Казмагамбетова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем
- ramuk_b
- 6 қыркүйек 2024
- 364
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл - өлшеусіз қазына мақала, ҚазҰУ, тіл туралы мереке
Ұқсас жаңалықтар:
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Тіл – татулық тірегі
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдік студенттерге «Тіл – татулық тірегі»...«Тіл - біздің тұтастығымыз»
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.