Қазақ Ұлттық университеті гуманитарлық ғылымдардан бастап жаратылыстану және техникалық пәндерге дейінгі әртүрлі салада білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынады. Сондай пәндердің бірі - қазіргі таңда көпшіліктің сұранысына ие психология. Психология адам психикасының күрделі аспектілерін түсінуге және талдауға қабілетті болашақ мамандарды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл пән студенттерге психологиялық талдаудың әртүрлі теориялары мен әдістері туралы іргелі білім беріп қана қоймай, олардың эмпатиясын, қарым - қатынас дағдыларын және қақтығыстарды шешу қабілетін дамытады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - еліміздің жүрегінде орналасқан, Қазақстанның ғана емес әлемнің түкпір - түкпірінен келген мыңдаған студенттер үшін шабыт көзі мен білім ордасы болып табылатын Азиядағы жетекші оқу орындарының бірі. ҚазҰУ тек оқу аудиториялары мен дәріс залдары ғана емес. Ол сондай - ақ әртүрлі ұйымдарға, қоғамдық іс - шараларға және спорттық жарыстарға толы студенттік өмірді бағалайды. Бұл студенттер білім алып қана қоймай, өмірлік достар тауып, жаңа құндылықтарға ие болып, өздерінің жасырын таланттарын аша алатын мекен.
Қазақ Ұлттық университеті гуманитарлық ғылымдардан бастап жаратылыстану және техникалық пәндерге дейінгі әртүрлі салада білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынады. Сондай пәндердің бірі - қазіргі таңда көпшіліктің сұранысына ие психология. Психология адам психикасының күрделі аспектілерін түсінуге және талдауға қабілетті болашақ мамандарды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бұл пән студенттерге психологиялық талдаудың әртүрлі теориялары мен әдістері туралы іргелі білім беріп қана қоймай, олардың эмпатиясын, қарым - қатынас дағдыларын және қақтығыстарды шешу қабілетін дамытады.
Психология - бұл жан дүниесі. Көптеген мамандар психологияға адам туралы маңызды ғылымдардың бірі ретінде жүгінеді. Бұл ғылым барлық қызмет салаларында көрініс табады және кез - келген мамандық иесіне өзінің қадір - қасиетін сақтауға және айналасындағы адамдармен қарым - қатынас орнатуға көмектеседі. Психология адамдарға өздерінің ішкі жағдайларын түсінуге жәрдемдеседі. Мен үшін психологияның артықшылығы - ол біздің өміріміздің барлық салаларын қамтуға қабілетті. Мектепте, оқу орнында, жұмыста, отбасымен бірге, адамдармен қарым - қатынаста, жеке тәжірибелерде - біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, қиындық тудырған жағдайларды жеңуге ұмтыламыз және мұндай сәтте психология бізге көмектесетіні анық. Дегенмен, бұл бір бөлшегі ғана. Анықтап көз жүгіртетін болсақ, психология - сан түрлі құбылыстарға, әдістерге, тарауларға бөлінетін өте қызық сала екенін байқаймыз. Сондай бір тарауы - әлеуметтік интеллект. Әлеуметтік интеллект - өзара әрекеттесудің табысын айқындайтын білім мен дағды, адамдарға адамдармен оңай араласуға көмектесетін және ыңғайсыз жағдайларға жол бермейтін сыйлық. Тұжырымдама жиі эмоционалдық ақылмен анықталады, бірақ көбінесе зерттеушілер олардың қатарлас жүретінін көреді. Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез - құлқын дұрыс түсіну қабілеті. Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет. Әлеуметтік интеллектінің алғашқы моделінің бірі - Ф. Е. Вернон (1933ж.) моделі. Оның құрамына келесі қабілеттер жатады:
- Адамдармен жалпы тіл табыса білу;
- Өзге адамдар ортасында өзін еркін және жеңіл ұстауға мүмкіндік;
- Әлеуметтік тақырыптар мен мәселелерді білу;
- Әлеуметтік топ мүшелерінен қабылданған стимулдарға сезімталдық және бейтаныс адамдардың көңіл - күйі мен тұлғалық ерекшеліктерін түсіну.
Әлеуметтік интеллектінің басты құрылымы өзгелерді түсіну мен олардың іс - әрекеттеріне сай ілгері қарым - қатынас құру қабілеттерінен тұрады.
Қорытындылай келе, әлеуметтік - психологиялық интеллект маңызды, өйткені ол бізге басқа адамдарды түсінуге, олармен тиімді қарым - қатынас жасауға және қақтығыстарды шешуге көмектеседі. Бұл дағды бізге әртүрлі әлеуметтік жағдайларды сәтті шешуге және сапалы қарым - қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Қазақ Ұлттық университетінде психологияны зерттеу студенттерге адам табиғаты мен оның алуан түрлілігін терең түсіну әлеміне есік ашады. Бұл пән білімімізді кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар табысты мансап пен жеке даму үшін маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі. ҚазҰУ - дың әрбір стунденті жай маман ғана емес, қоғамның жауапты мүшесі, әлемге өзгеріс әкелетіндей тұлға!
Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә. Ж.
Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.
Шайхиева Дильназ
Көлік қызметтері 1 курс студенті.
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Әлеуметтік интеллект
- dilyasunn
- 28 сәуір 2024
- 145
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Психология, адам психикасы, Адамдармен жалпы тіл табыса білу
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ университеті: Психологиялық білім
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жай ғана оқу орны емес, ол Қазақстанның білімінің, тарихи мұрасының және интеллектуалды дамуының символы....Психологияны зерттеудің маңызы
Өзімнің оқып жатқан университетіме шолу жасасам. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жетекші көпсалалы жоғары оқу орны...Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы
Кәсіби қызметтегі сәттіліктің бірі - университет пен мамандықты дұрыс таңдау. Сондықтан, алға қойылған мақсатқа алғашқы және маңызды қадам ретінде...Әлеуметтік интеллект - адам тұлғасының құрамдас бөлігі
Бұл университеттің студенттері мен оқытушыларына халықаралық конференцияларға қатысуға, тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік...Психология ұғымы және оның бағыттары
Әл - Фaрaби aтындағы Қазақ Ұлттық университеті – Ортaлық Азияның ең беделді және ең құрметті университеттерінің бірі. Университетте психология...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.