Наурыз мейрамы және ұлттық салт - дәстүр!
16 наурыз "Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр" күні! ТДМ - 4 аясында Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігіне орай шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 7, 9, 12, 14 орыс топтарының шетелдік студенттері және куратор – эдвайзерлері А. С. Казмағамбетова, Л. Қ. Мамытбекова, Ж. Т. Молдағалиева, А. Е. Саденовалар Наурыз мерекесінің қарсаңында аталған мейрамды атап өтуге арналған «Наурыз мейрамы және ұлттық салт - дәстүр!» атты ашық кураторлық сағат ұйымдастырды.
Бұл іс - шара барысында студенттер Наурыз мерекесінің тарихымен және салт - дәстүрлерімен танысып, Қазақстанда бұл мейрамға ерекше көңіл бөлінетіні, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан халыққа ортақ мереке екені, Наурыз мемлекет қолдауымен тойланатыны туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, шетелдік студенттер қазақтың дәстүрлі тағамы бауырсақтан дәм татты.
Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы Қазақстан Республикасындағы "Ұлыстың ұлы күні" наурыз мерекесінің тойлануымен таныса отырып, елімізде бұл мереке кезінде салт - дәстүрмен толық танысып, ұлттық тағамдардан дәм татуға болатынын тамашалай алды.
Одан кейін шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Казмағамбетова сөз алып, баяндамасымен таныстырды. Ол Наурыз – еліміз үшін жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, сонымен қатар, атап өтетін жағдай, бұл мерекенің негізгі мағынасы мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылатынын, бұл жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні екенін айтып өтті.
Осы кафедраның аға оқытушысы Л. Қ. Мамытбекова өз сөзінде "Ұлыстың ұлы күні" аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатқанын, Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алғанын, Наурыз (парсыша «нау» - жаңа, және «руз» - күн ) - жаңа жылдың бірінші күні, көктемнің басы, жаңару күні екенін, қазақтар бұл мейрамды Әз - Наурыз мейрамы деп те атайтынын атап айтты.
«Наурыз мейрамы және ұлттық салт - дәстүр!» атты іс - шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
А. Е. Саденова, А. С. Казмағамбетова., Л. Қ. Мамытбекова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Наурыз мейрамы және ұлттық салт - дәстүр!
- ramuk_b
- 18 наурыз 2024
- 560
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шетелдік студенттер, Наурыз мейрамы, мақала
Ұқсас жаңалықтар:
14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Наурыз – халықаралық мейрам
Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...Наурыз – халықаралық мейрам
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева...14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті
Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.