Денсаулық – өмір негізі
Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында білім берумен қатар, шетелдік студенттермен рухани - танымдық іс - шаралар өткізіліп отырады. Шетелдік студенттер үшін арнайы «Денсаулық – ең басты құндылық», «Салауатты өмір салты», «Тазалық – денсаулық кепілі» секілді тақырыптарда тәрбиелік іс - шаралар ұйымдастырылады.
Шетелдік студенттер табиғатты адам тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды, салауатты өмір салтын ұстануды сөз ете отырып, барлық ұлттарды толғандырып отырған барлық азаматтардың денсаулықтары мен рухани саулықтары ойландыратыны, тазалық сақтау туралы мәліметтермен танысып, ойларымен бөлісіп отырады.
Осындай іс - шараларда баяндамалар жасалып, адамның денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керектігін, дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кірісетіні жайында баяндалып, студенттер көтерілген мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қоя отырып, осындай денсаулық тақырыбына арналған іс - шараларға шетелдік студенттер белсене қатыса отырып, меңгерген білім деңгейлерін көрсете алады.
Сонымен бірге, шетелдік студенттердің әлеуметтік өмірін жақсарту, бос уақыттарын тиімді қолдану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу мақсатында кафедрада көптеген іс - шаралар атқарылып келеді.
Денсаулықтың мықты болуына септігін тигізуші белгі ол әрине спортпен айналысу. «Спорт - денсаулық кепілі» дей келіп, күнделікті сабақтардан бөлек волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат ойындары ұйымдастырылып отырады. Студенттердің спортқа деген қызығушылығы өте жоғары. Салауатты өмір салтын арттыруда жастарды спортқа баулудың маңызы зор!
А. Е. Саденова., Т. В. Курманова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру
факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы
Денсаулық – өмір негізі
- ramuk_b
- 11 наурыз 2024
- 501
- 0
- 0
Ілмек сөздер: адамның денсаулығы, мақала, ең маңызды құндылық денсаулық
Ұқсас жаңалықтар:
Денсаулық – ең басты құндылық
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып...Салауатты өмір салты
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып...Денсаулық – салауатты өмір кепілі
Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және...Денсаулық – зор байлық
Табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау адам болып табылады. Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты және...Денсаулық – ең басты құндылық
Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты елде жарияланған төтенше жағдай кезінде де елімізде білім беру саласы жұмысын тоқтатпай жалғастыруда....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.