Сайтқа кіру Тіркелу

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жақында Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Түркия елдерінен келген 14 орыс тобы кураторы А. Е. Саденовамен бирге ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар «Алғыс айту күні» атты ашық тәрбиелік іс - шарасын өткізді.
Бұл іс - шараның мақсаты «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.
Іс - шара барысында баяндамалар жасалды, «Алғыс айту күні» – тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтеріп, қолдау көрсетіп, қорған болғаны үшін қазақ халқына алғыс білдіретіні туралы сөз етіп, сонымен қатар, «Алғыс айту күнін» тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болатынын және ешуақытта қазақ халқының қамқорлығының ұмытылмайтынын әрі қиын - қыстау кезеңде қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімі өзгеге үлгі болатынын мақтанышпен жеткізді.
Іс - шара барысында студенттер сұрақ - жауап интелектуалды ойын - сайысына қатысты. «Алғыс айту күні» мерекесі туралы көрме ұйымдастырылып, қазақ елінің тарихы, салт - дәстүрі, ұлттық нақышы, киімі, тағамы мен мәдениеті, өнері таныстырылды. Іс - шара музыкалық - поэтикалық кешпен жалғасын тапты. Бұл кеште студенттер дайындаған қойылымдарын көрсетті. Кеш барысында орыс, қазақ тілдерінде өлеңдер оқылып, әндер орындалды.
Іс - шара арқылы шетелдік студенттер «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі, қазақ елінің мәдениеті, әдет - ғұрпы, тарихы туралы жаңа мағлұматтармен таныс болды.
Шетелдік студенттер танымдық - мәдени іс - шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс - шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.

А. Саденова
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...
Наурыз айындағы ұлттық тәрбиелік іс - шаралардың маңызы зор

Наурыз айындағы ұлттық тәрбиелік іс - шаралардың маңызы зор

Жыл сайын көктемде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың барлық факультеттерінде жастарды рухани - адамгершілік және мәдени - эстетикалық тәрбиелеуге...
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×