Тарихы терең Түркістан
Қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи - мәдени білімдерін көтеру және ой - танымын қалыптастыру мақсатында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Қытай, Түркия, Вьетнам, Корея, Жапония, Монғолия, Германия және басқа да елдерден келген шетелдік студенттерге «Тарихы терең Түркістан» атты ашық кураторлық сағаты ұйымдастырылды. Еліміздің рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты орын, түркілердің төл мекені – Түркістан тарихымен танысу мақсатыда ғылыми - танымдық іс - шара жүзеге асырылды.
Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу, оларды ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде бұл іс - шараның берері мол болды.
Іс - шара барысында студенттер еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласының тарихымен, XV ғасырда Қ. А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесі туралы, ғажайып «Тайқазан» жайлы, сонымен бірге жер асты мешіті, Ахмет Яссауидің қылуетке түскен жері, шығыс моншасы туралы мәліметтермен танысты. Сондай - ақ, студенттер Түркістанның ежелгі заманда да, қазір де үлкен саяси орталық екені, бұл қаланың сол ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізді сақтап қалуға сіңірген еңбегі ұлан - теңіз екені, қаланың жалпы мұсылман әлемінде «Екінші мекке» атануы тегінен тегін емес екені, осындай бой көтерген зәулім кесене – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО - ның «Қызыл кітабына» енгізілгені, қасиетті қала кезінде шашыраған халқымыздың басын біріктіріп, елдігіміздің нышанын айдай әлемге паш еткені туралы ақпараттармен білімдерін толықтырды.
Бұл өзінің көне тарихымен танымал, қазақтар үшін сондай рухани алып, бүкіл қазақ халқы мойындайтын піріміз, тарихи қала, діни туризм орталығы – Түркістанға арналған ашық кураторлық сағаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік мәні зор болды.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Тарихы терең Түркістан
- ramuk_b
- 4 желтоқсан 2023
- 697
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мәдениеті мен өнегелік қасиеттер, Түркістан
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласы
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі
Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде бір үйдің...Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.