Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат
Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда жоғары оқу орындарының ғылым, білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеуде орны ерекше.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми - танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс - шаралар өткізіліп отырады.
Заманауи қазақстандық мәдениетті әлемге таныту аясында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы түрлі іс - шараларды жүзеге асырып, белсенді жұмыс істеуде. Еліміздегі тарихи - мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу - ұлттық бірегейліктің басты тірегі бола алады. Кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мәдениетті әлемге таныту, ұлттық мәдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.
Кафедраның оқытушылары және әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Түркия, Монғолия елдерінен келген шетелдік студенттері Қазақстанда және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, өз елінің мәдени - тарихи құндылықтарын бойына сіңірген, рухы мықты жанашыры - өнегелі мамандарын тәрбиелейтін университеттің ғылыми - ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бөлімшесі – әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайымен танысу мақсатында саяхат жасап, ғылыми - танымдық іс - шарасы жүзеге асырылды.
Мұражай қызметкері университет мұражайы өз жұмысын 1989 жылдан
бастағанын, 20 жылдан кейін ауқымды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңа мұражайды 2009 жылы 13 қазан айында ашқанын сөз етті. Студенттерді 1000 кв. м. мұражайдың аумағында орналасқан Тарих галереясы, Даңқ залы, Университеттің тұрақты дамуы атты 3 залында университеттің құрылу тарихы 120 витриналарда жүйелі жинақталып, 5 мыңнан астам тарихи құнды және сирек кездесетін құжаттар мұражай экспонаттары арқылы көрсетілгені туралы мәліметтермен таныстырды.
Саяхат барысында шетелдік студенттер мұражайдың Шығыстың ғұлама ойшылы, Екінші ұстаз, философ Әбу Насыр әл - Фарабидің бай мұраларына арналған атриумдағы екі кешенді аралады. Сонымен қатар шетелдік студенттер мұражай аясындағы "Даңқ залының" қабырғаларында - «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары», «Университет түлектері – біздің мақтанышымыз» фотогалереяларымен бірге, атақты Нобель сыйлығының лауреаттарымен толтырылған университеттің «Құрметті профессорлары мен докторлары» атты фотогалереяларын көріп, қызықтырған сұрақтарын да қойды.
Студенттер "Университеттің тұрақты дамуы" залының көрмесін аралап, факультеттердің, ғылыми - инновациялық зерттеу институттарының және орталықтардың бүгінгі тыныс - тіршіліктері мен жетістіктері, болашағы туралы мәліметтермен танысты. Ортада орнатылған заманауи білімнің әлемдік масштабын бейнелейтін «XXI ғасырдың Жершары» атты терең мағыналы композициялық қондырғыны тамашалады.
Мұражайда шетелдік студенттер университетті классикалық білім беру
орнынан инновациялық зерттеу университетіне айналдыру, әлемдегі дамыған
жоғары оқу орындарының қатарына қосу және тұрақты дамыту мақсатында пайда болған «Аl - Farabi university smart city» іргелі жобасы аясында ұйымдастырылған университеттің соңғы жылдардағы жеткен толағай жетістіктерін паш ететін 3D - технология форматындағы жасалған жаңа экспозицияларды көріп тамашалап, өз таңданыстарын да білдірді.
Заманауи қазақстандық мәдениетті әлемге таныту аясында ұлттық мәдениетпен, қасиетті рухани құндылықтармен таныстыру арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды. Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы шара болды.
А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат
- ramuk_b
- 4 желтоқсан 2023
- 764
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ҚазҰУ мұражайы, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:
Тәрбиелік іс - шаралардың маңыздылығы
Шетелдік студент жастарға өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату - тәтті отбасы болып табылады....Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus»...Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі
Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше....Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.